Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords

Ключевые слова: поуровневого комплексного обучения, национальная технология. 
Abstract: This article refers to the development of basic cognitive learning activity , discussed in detail the role of 
modular technology in shaping students' cognitive activity . Modular technology - this is the kind of learning that is not 
limited in that it gives a certain amount of knowledge, generates the necessary skills, but at the same time directed to the 
full  development  of  the  cognitive  abilities  of  students  as  personal  development,  thinking,  memory  ,  imagination, 
imagination. Student - a subject , through which all the basic psychological processes of education. Currently a number 
of  current  psychological  and  pedagogical  issues  include  the  question  of  relations  "subject  -  subjectivity"  teacher  and 
student , are two important components of the educational-cognitive activity . The training process special emphasis on 
the formation and development of the individual student. Mental image of a student determines his ability to be a full 
member of the social community . For this purpose it is necessary to educate students on the basis of universal values. 
Social  environment  -  a  system  in  which  objects  intersect  and  the  natural  world  ,  and  the  student  performs  human 
relationships  that  make  up  these  systems  .  Contribute  and  be  the  basis  of  the  proper  development  of  psychology 
students, occupying a special place in the social society , is also a major challenge for the Kazakh branch of linguistics 
dialects , which tells us the history of the language. 
Keywords: effectivetypes of teaching, national technology 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
163 
Қазіргі оқыту технологияларының ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық 
процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау 
қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін-өзі бекіту, іздену, 
қарым-қатынас, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.  
Білім алушының ой-өрісін дамыту оқу әрекетімен тығыз байланыста өтеді. Оқу әрекетінің негізі-
білім алушы десек, мақсаты-ой-сананы дамыту.       
Модульдік  оқыту  технологиясының  бір  ерекшелігі  –  оның  тікелей  білімді  меңгертуге  емес, 
тұлғаның  танымдық қабілеттерін және  танымдық  үдерістерді:  яғни, жадының  алуан  түрлерін  (есту, 
көру,  қимыл  және  т.б.)  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау  қабілеттерін  арнайы  жасалған  оқу    және 
танымдық жағдайлар арқылы дамытуға сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-
өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, 
белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы. Осылар арқылы білімді 
меңгеруге жету жолдарын көздеуі. 
Модульдік технология тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны 
қалыптастырумен  ғана  шектелмейтін,  сонымен  қатар,  студенттің  жалпы  тұлғалық  дамуына,  ойлау, 
есте  сақтау,  қиялдау,  елестету  сияқты  басқа  да  танымдық  қасиеттерінің  жан-жақты  дамуына 
бағытталатын  оқытудың  түрі.  Студент  –  білім  алуда  негізгі  психологиялық  үрдістерді  басынан 
кешуші  субъект.  Қазіргі  кезеңде  педагогика-психологияның  өзекті  мәселелері  қатарында  оқу-
танымдық  қызмет  жүйесінің  маңызды  екі  компоненті  –  оқытушы  мен  студенттің  “субъект  – 
субъектілік”  қарым-қатынасы  мәселесі  қойылып  отыр.  Оқу  үрдісінде  студенттің  жеке  тұлғасын 
қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын беріледі. 
Студенттің  психологиялық  бейнесі  оның  әлеуметтік  қоғамның  толыққанды  мүшесі  бола  алу 
қабілетін танытады. Ол үшін білім алушының ақыл-ойы адамгершілік бағытында тәрбиеленуі керек. 
Әлеуметтік  орта  –  заттың  және  табиғи  әлемнің  түйіскен  жүйелері,  ал  білім  алушы  болса  сол 
жүйелерді құрайтын адамдық қатынастарды жүзеге асырушы. Осындай күрделі әлеуметтік орны бар 
білім алушы психологиясының дұрыс дамуына мүмкіндік беру және негіз болу – тіл тарихына баруға 
жол  сілтейтін  лингвистика  саласындағы  қазақ  диалектологиясы  пәніне  де  жүктелген  негізгі  міндет. 
Тіліңді,  тарихыңды  білу  адам  психологиясына  сенімділік,  қанағаттанушылық,  ізденушілік 
қасиеттерін ұялататын сенімді жолдың бірі. 
Жалпы, ұяңдық – біздің қазақ  ұлтына тән мінездердің бірі. Ондай мінез білім қоры нашар немесе 
орташа студентте ғана емес, үлгерімі жақсы, ізденімпаз студенттің бойында да кездеседі. Осы ұлттық 
ерекшелікті  ескере  келе,  модульдік  оқыту  технологиясында  бірінші  кезекте  жеке  білім  алушының 
танымдық  қызметін  ұйымдастыру  көзделеді.  Ал  базалық  білім  бұл  технологияның  алдына  қойған 
мақсаттарына жетудегі басты құралдардың бірі болып қана табылады. 
Дамуға ұлттық ерекшеліктермен қоса, білім алушының тәрбиеленген ортасы да әсер етеді.  
Білім  алушының  жеке  психологиясының  ерекшелігі  оқу  үдерісінде  айқындалып,  дами  түседі. 
В.В.Давыдовтың  айтуынша,  оқытудың  негізгі  міндеті  әрбір  жас  ерекшелігін  ескере  отырып, 
психологиялық дамуды жетілдіру емес, оны байыту, жас ерекшелігінің мүмкіндіктерін тани отырып, 
болашағына қызмет ететіндей күйде дамыту керектігіне назар аудартады. 
Соңғы  кездері  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлеріне  жаңа  технологиялар  енгізіліп,  оқыту 
мазмұны тұлғаны дамытуға, студенттің дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттері мен 
мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталып отыр.  
Студенттердің  танымдық  көзқарасын  байыту,  өмірлік  ұстанымын  қалыптастыру  оқытушының 
шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты. 
Студент  бойында  кездесетін  таным  қабілеттері  дегеніміз  –  білімді  өз  санасында  белсенді  және 
нәтижелі  түрде  бейнелеуі.  Ол  студенттердің  сыртқы  дүние  туралы  білімді  меңгеру  ептілігі  және 
дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады.  
Студенттің  танымдық  белсенділігін  арттыру,  таным  қабілеттілігінің  оянуына  түрткі  болу  –
оқытудың негізгі мәселесі. 
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы, білім алушы тұлғасын 
жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру болып табылады. Бұл  теорияның (таным) студент алдына 
қоятын  талаптарының  бірі  –  танымдық  белсенділік  пен  саналылық.  Бұл  талаптың  орындалуы 
студенттің  оқу  материалын  түсінуге,  өткенді  жаңамен  байланыстыруға,  негізгісі  мен  қосымшасын 
анықтауға, алған білімдерін  тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан 
көрінеді. Білімді саналы меңгеруге өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой  еңбегінің 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
164
 
өзіндік  тәсілдерін  игермейінше,  іске  аспайды.  Студенттің  белсенділік,  танымдық  іс-әрекетінің 
көздейтін  мүддесі  –  білімнің  қоғамдық  мәнін  ұғыну,  қоғамға  қызмет  ету  қарқынын  үдету  қажеттігі 
негізінде  дамиды.  Белсенділіктің  ең  жоғарғы  көрінісі  студенттердің  алған  білімдерін  өмірде, 
тәжірибеде  нәтижелі  пайдалана  білуі  болып  табылады.  Студент  ақпаратты,  іс-әрекет  тәсілдері  мен 
бағалау  өлшемдерін  қамтитын  қоғамдық  және  жеке  адам  игерген  ұжымдық  тәжірибенің  фрагменті 
жөнінде  оқытушының  беретін  білімімен  шектеліп  қана  қоймай,  оны  әрі  қарай  өз  бетінше  белсенді, 
нысаналы танымдық іс-әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, оқыту барысына студенттің іс-
әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды. 
Танымдық  іс-әрекет  ұғымы  мен  танымдық  белсенділікті  қалыптастыру  мәселесіне  педагогтар, 
психологтар,  әдіскерлердің  көптеген  еңбектері арналған.  Көне  замандағы Антик  дәуірінің  өзінде-ақ 
ойшылдар  мен  педагогтар  оқушылардың  өзіндік  ой-тұжырымын  жасау  және  оны  дамыту  үшін, 
репродуктивті және  эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.  Білім беру технологиясы  – 
студенттің өздік танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие жұмысы.  
Танымдық  белсенділікті  дамытудағы  оқыту  әдістемесінің  негізін  алғашқылардың  бірі  болып 
қалаған ұлы педагог Я.А.Коменскийдің ХІІ ғасырда жазған “Ұлы дидактика” атты еңбегінде заттың 
немесе  құбылыстың  түп  тамырына  жету,  оны  анықтай  алу  қабілетін  дамыту  және    шынайы  түсіну 
мен    қолдана  білудің  адам  баласына  ерекше  қажет  екендігіне  баса  мән  берген  [1].  Я.А.Коменский 
дидактикалық ұстанымдарды ұсына келіп, танымдық белсенділікті дамытуда мұғалімнің рөліне жан-
жақты тоқталады.  Қазақ диалектологиясын модуль арқылы оқытудағы басты мақсаттарының бірі – 
студенттерге  жергілікті  тілдік  ерекшеліктерді  оқыта  отырып,  мұндай  сөздердің  қазақ  халқының 
тарихын, тілдің тарихын танып білуде өте құнды дереккөз екендігіне көз жеткізу арқылы пәнге деген 
қызығушылықтарын туғызу. Тәжірибе көрсеткеніндей модуль арқылы оқытудағы мұндай талдаулар 
студенттердің  танымдық  дүниесін  байытуға,  өзіндік  ой-пікір  айтуға,  өзіне-өзі  сын  көзбен  қарауға, 
жауапкершілікке,  білімін  жетілдіруге  зор  ықпал  ететіндігі  анықталды.  Мысалы:  қазақ-ағылшын 
бөлімі студенттері қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, мынадай қызықты материалдарға 
кездесті. Батыс Қазақстан тұрғындарының тілінде жергілікті ерекшелік бойынша сиыр малын кәу-кәу 
деп шақырады, ал ағылшын тілінде сиыр деген сөзді cow (коау) деп айтады. Осы сияқты мысалдар 
студенттің қызығушылығын оятып, пәнге деген ғылыми көзқарасын қалыптастырады. 
Модуль арқылы оқытуда студентті  білім алу  үдерісіндегі негізгі психикалық үдерістерді басынан 
кешуші субъект  деп тану алдыңғы орында тұрады.  
Студент  –  биологиялық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  қарағанда  тұтас  тұлға.  Студенттің  әлеуметтік 
тұлғасы  міндетті  түрде,  бірінші  орында  тұрады.  Оқу-тәрбие  үрдісінің  басты  мақсаты  да  студенттің 
әлеуметтік ортада өзінің орнын таба білуіне жол ашуды көздейді. Яғни бұл жерде оқытушы – студент 
емес,  студент  –  оқытушы  қатынасы  да  жүреді.  Сонда  студенттің  өмірлік  перспективалары  оқу-
танымдық  қызметтің  белсенділігін,  мәнділігін  анықтайды.  Ол  мәнділіктің  мазмұнын  құраушылар  – 
студенттің ақыл-ойының дамуы, ойлауының  дамуы, эмоционалдық дамуы, мінез-құлық дамуы мен 
қалыптасуы сияқты маңызды қасиеттер. 
Оқытушы – студент, студент – оқытушы қарым-қатынасының оқу-танымдық қызметтегі белсенді 
рөлі  ең  алдымен  оның  жалпы  дамуына  байланысты  болады.  Бұл  ретте  студенттің  жеке  тұлғасына 
ерекше орын  беріледі.  
Студенттің  жеке  даму  барысы  қоғамның  даму  ерекшеліктеріне  тәуелді  болатыны,  сонымен 
астарласып жататыны белгілі. Ал оқу-танымдық үрдістің қоғам талабына бейімделуі тым баяу жүрсе 
немесе  қоғам  талабы  ескерілмесе,  студенттің  білім  алуындағы    теориялық  деңгей  өз  мәнінде  бола 
алмайды. Студенттің білім алу әдіс-тәсілдері заман қажеттіліктерімен үндесіп, өмірлік талаптарының 
жүзеге асуына тірек болуы керек. Сол әдіс-тәсілдердің қалыптасуының психикалық үдеріс ретіндегі 
ерекшеліктерін талдау қажеттігі осындай міндеттерден туындайды.  
Модульдік  оқыту  технологиясы  –    даралап  оқыту  принципіне  негізделген.  Оның  себебі  жоғары 
оқу орнындағы кредиттік жүйемен оқитын студенттің жеке бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс 
істеуге мүмкіндік ала алатындығы.  
Студенттің білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. 
Оқу  әрекетіндегі  ең  негізгі  қайшылықтар:  ол  –  педагогикалық  міндет  –  талаптар  мен  білім  алушы 
мүмкіндіктерінің  (білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі дәрежесі) арасындағы қайшылық. 
Бұған  тағы  да  студенттің  теориялық  білімі  мен  практикалық  бейімділігінің  арасындағы,  шығарма-
шылық ойлауы мен репродуктивтік ойлауы арасындағы т.б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшы-
лықтарды  шешу  білім  алушының  саналы  түрде  көп  күш-жігер  жұмсауын  керек  етеді  және  оның 
дамуына үлкен әсері болады. Оқу әрекетін шешу барысында бақылау, ойлау қабілеті қалыптасады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
165 
Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірге пайда болып, бірге дамиды. Білім  беруде 
сұрақ үлкен рөл атқарады. Сұрақ қою арқылы өтілген тақырыптың қаншалықты қамтылғанын және 
студенттің  білімін  білуге  болады.  Логикалық  құрылымы  дұрыс  сұрақтар  студенттің  ой-өрісін 
дамытады және өз сөзімен жауап беруге жол ашады.  Әр студент тілдің қызметін дұрыс пайдалана 
білуі  керек.  Тілдің  негізгі  қызметі  –  қоғамда  қатысым  құралы  болу.  Ол  туралы  Ф.Ш.Оразбаева: 
“Тілдік  қатынас  –  ойлау  мен  сөйлеудің  қатысы  арқылы  тілдік  тұлғалардың  таңбалық  жүйесі  мен 
дыбысталу   қасиеті  нәтижесінде  жүзеге асатын:  адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін тек 
адамзатқа  ғана  тән  күрделі  тілдік  қоғамдық-әлеуметтік  қарым-қатынас”–  деген  пікір  білдіреді  [2]. 
Қарым-қатынас  жасау  қажеттілігі  –  адамды  тіл  дамытуға,  байланыстырып  сөйлеуге  итермелейтін 
негізгі қозғаушы күш екендігі белгілі. Қарым-қатынасқа түспеген сөйлеу әрекеті тоқырауға ұшырап,  
мәнін жоғалтады, қарым-қатынас барысында студент әлеуметтік өмірдің тәжірибесін жинақтайды. 
Студенттерді  оқыту  арқылы  оның  жеке  басының  дамуына,  оның  бойында  мақсаттылық, 
қабілеттілік,  саналылық,  жауапкершілік,  тәртіптілік  сияқты  қасиеттердің  қалыптасуына  жағдай 
жасалады.  Л.С.Выготский  өз  зерттеулерінде  даму  мен  білім  берудің  арасында  диалектикалық 
байланыс  бар  екендігін  анықтайды,  дұрыс  ұйымдастырылған  білім  беру  ісі  дамудың  негізі  дейді.  
Осыған  орай  Ю.К.Бабанский:  “Оқыту  үрдісінің  міндеті  –  тұлғаны  тәрбиелеу,  оқыту  және 
қалыптастыру”  [3],–  деп  атап  көрсетеді.  Оқыту  –  студентке  білім,  білік,  дағды  сияқты  қасиеттер 
қалыптастыру мақсатында оның психикасына әсер ету, яғни оқыту арқылы студенттің жан дүниесін 
дамыту. Білім беру негізінде студенттің білімге деген қызығушылығы артады, интеллектуалды дамуы  
жетіледі. Бұл құбылыстың барлығы  студенттің ақыл-ой әрекеті: түйсінуі, қабылдауы, зерделеуі, есіне 
сақтауы  т.б.  психикалық  үрдістер  арқылы  іске  асады.  Студенттің  ойлау  әрекеті  арқылы  оның 
қабылдаған  білімі  талданады,  жүйеленеді,  жинақталады.  Оқыту  үрдісі  берілген  білім  мазмұнын 
логикалық  тұрғыдан  жүйелі  жеткізу,  студенттің  ойлау  қабілетін  дамыту  болып  табылады.    Логика 
ойлаудың заңдылықтарын ғана ашады, ал оны дұрыс пайдалануды, қолдануды қалай қамтамасыз ету 
жөнін талдап жатпайды.  Өйткені, ойлаудың деңгейі барлық студентте  бірдей болмайды. Бір студент 
жай, ал енді біреуі жылдам ойлап, қорытындылар жасайды. Қазақ диалектологиясын модуль арқылы 
оқытуда дайындалған пән пакетіндегі материалдарды   кейбір студенттер жылдам меңгеріп, жылдам 
талдауға  дағдыланса,  енді  бір  студенттер  жай  талдап,  баяу  меңгереді.  Бірақ  олардың  барлығы  да 
берілген материалдарды сауатты меңгеріп, дұрыс талдауға машықтанады. Ол студенттің қызығушы-
лығына,  түсінігіне  байланысты  болады.  Осыдан  келіп,  өнімді  ойлау  адамның  тек  қабілетімен 
байланысты  емес,  сонымен  қатар  оның  көңіл-күйіне,  өз  күшіне  сенімділігіне  де  қатысты  болады 
деген  пікір  туады.  Демек,  адамның  логикалық  ойлау  деңгейі,  мүмкіншілігі  психологиялық 
факторларға да қатысты.   
Студенттердің  логикалық  ойлауын  қалыптастыру  –  студенттердің  шығармашылық  ойлауын  
дамытуға  бағытталған  жұмыс.  Шығармашылық  –  адамның  өнімді  ақыл-ой  әрекетінің  негізінде  
барлық білімі мен тәжірибесін алдындағы міндетін шешуге жұмылдырғанда ғана іске асатын күрделі 
психологиялық  үдеріс.  Оның    мақсаты  –  адамның  еркіндігі  және  жан-жақты  дамуы.  Студенттің 
еркіндігі  үшін  оған  жағдай  жасалуы  қажет.  Өйткені  кез  келген  адамның  өзіне  тән  шығармашылық 
әрекеті  болады.    Қазақ  диалектологиясын  модуль  арқылы  оқытуда  мынадай  шығармашылықтар: 
ертегі  шығару,  өлең,  әңгіме,  инсценировкалар  жазу,  телебағдарламалар,  сөзжұмбақ,  ребус,  суретті 
жаттығулар құрастыру жүргізіледі.  Бұл жұмыстар кезінде оқушы өзінің игерген білімі мен іскерлігін 
байыптауды,  өзінің  және  жолдастарының  әрекетіне  баға  беруді  үйренеді  сондай-ақ  оны  өзінен  де, 
өзгеден  де  талап  етеді.    Талдау  кезінде  өз  білімін  жеткізудің  тиімді  жолдарын  іздестіреді,  білімін 
толықтырады, өзіндік шығармашылық ойлауы қалыптасады.  
Білім  беруде  студенттің  оқу  әрекеті  негізгі  фактор  болуы  үшін  оқытушы  оның  мәні  мен 
құрылымын, оның негізінде жатқан психологиялық механизмін терең түсінуі, оны ұйымдастырудың, 
қалыптастырудың  жолдарын  білуі  тиіс.  Оқу  әрекетінің  психологиялық  негіздері  Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдов, А.К.Маркова, П.Я.Гальперин, К.К.Платонов т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданады 
[4,5,6,7,8].  Студенттердің  оқу  әрекетін  қалыптастыру  –  психология-педагогикалық  теорияның 
маңызды мәселесі. Оқытудың психологиялық заңдылығын айқындау білім алушының жасына қарай 
психологиялық  ерекшелігін  білумен  байланысты.  Ол  белгілі  бір  жастағы  адам  және  жеке  тұлға 
ретінде:  психологиялық,  әлеуметтік  және  биологиялық  жақтан  сипатталады.  Студенттің  өмірдегі 
негізгі  бағыты, мақсаты – білім алу, білімін толықтыру, интеллектісін дамыту, рухани жағынан өсу, 
белгілі бір мамандықтың иесі болу.        
Адамның  жеке  басының  психологиялық  қасиеттерінің  қалыптасуы  мен  дамуына  әсер  ететін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
166
 
құбылыс оның танымдық қызығушылығына негізделген  – білім. Білімнің қалыптасуында бір-бірімен 
байланысты  компоненттер  болады.  Оның  біріншісі  –  оқу  материалын  қабылдау.  Қабылдау  тиімді 
болу үшін мақсаттылық, саналылық, игерілетін білім тірек білімге негізделуі, жаңғыртылуы, мұғалім 
оқушының   көзбен көріп, құлақпен естіп, көңіліне тоқуына жағдай жасауы қажет. Екінші компонент  
– оқу материалын ойша өңдеу, жүйелеу. Игерілетін білімнің сапасы студенттің белсенді ойлауымен 
(талдау, салыстыру, тұжырымдар жасау) тығыз байланысты.Үшінші компонент – игерілген білімді іс 
жүзінде қолдана білу. Ол үшін студент теориялық білім практикалық әрекетінің негізі екендігін білуі 
тиіс.  Төртінші  компонент  –  білімді  бекіту.    Бекітудің  тиімді  жолы    практикада  десек,  бұл    модуль 
арқылы оқытуда ең жоғары деңгейде дамыған үрдіс.  
 
 
 
 
 
 
1
 
Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Аударған Ә.Қоңыратбаев. – Алматы, 1991. - 100 б. 
2
 
Оразбаева Ф.Ш.Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. - 207 б. - 17-б. 
3
 
Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. – М.: Педагогика, 1989. - 558 с. 
4
 
Эльконин Б.Д. Психология развития: Учебные пособие для студентов высших учебных заведений.  – М.: 
Издательский центр «Академия», 2001. – 144 с. 
5
 
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М.: Педагогика, 1989. - 185 с. 
6
 
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Знание, 1996. - 108 с. 
7
 
Гальперин  П.Я.  К  исследованию  интеллектуального  развития  ребенка.  –  М.:  //  «Вопросы  психологии», 
1969. - №1. 
8
 
Платонов К.К.,Голубев Р.Г. Психология. - М.: Высшая школа, 1977. - 256 с. 
 
 
ӘОЖ: 373.091.113 
 
МУСАЕВА К.С. 
Арнайы мақсаттағы ағылшын тілі 
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Абай ҚазҰПУ профессоры 
 
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Түйіндеме:  Әлемдік  ірі  мемлекеттердің  білім  беру  стратегияларында  көптілді  білім  беру  оқу  үлгісі  өткен 
ғасырдың 70  жылдарынан бастап қалыптаса  бастады.  Бұл ұғымның тікелей мағынасы  –  «көпмәдениетті білім 
беру  жүйесі»  еді.  Көпмәдениетті  білім  беру  жүйесінің  мәні  –  көпмәдениетті  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады. Қазіргі таңда шеттілдерін оқыту үрдісі әлемдік білім беру стандарты болып табылады. Көптілді білім 
беру  –жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашу  болып  табылады.  Егемен  еліміздің  болашақ 
бағдарының үштұғырлы тілдер саясатын негізге алып отырғаны – бүгінгі ақпараттық қоғамның және қашанда 
өз  өктемдігін  жүргізетін  уақыт  пен  заманның  талабы  болып  отырғандықтан,  көптілді  білім  беру  үдерісінде 
қолданылатын инновациялық  технологиялардың да рөлі өте маңызды. Модульдік оқыту технологиясы – білім 
мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері 
бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Ал,  «модуль»  дегеніміз  –  іс-әрекеттің  мақсатты  бағдарла-
масы  белгілеген  деңгейіне  (жоспарланған  алдағы  нәтиже)  жету  үшін  сұрыпталған,  дидактикалық  өңделген 
білім,  білік,  дағдының  белгілі  мазмұнының  бірлігі  және  оның  әдістемелік  нұсқауы  немесе  аяқталған  оқу 
ақпараты  болып  табылатын  модульдік  бағдарламаның  негізгі  құралы.  Жалпы  «модуль»  сөзі  «оқытудың 
мазмұны  мен  технологиясын»  білдіреді.  Мақалада  қарастырылатын  негізгі  мәселе  модульдік  технологияның 
тиімділігі мен қолданысы болып табылады.  
Аннотация: Полиязычная  система образования была образована в образовательных стратегиях государств 
с  70-х  годов  прошлого  века.  Процесс  глобализации  повлияло  на  парадигмы  всемирного  образования,  в 
результате  «глобальная  система  образования»  было  сформировано.  Прямой  смысл  этого  понятия  является 
полиязычная  система  образования.  Значимость  многоязычной  системы  образования  является  формирование  
поликультурного человека. В настоящее время, процесс преподавания иностранных языков во всем мире имеет 
образовательный  стандарт.  Полиязычное  образование  открывает  путь  молодому  поколению.  Триединство 
языков было принято на основе образовательной системы нашей страны, потому что, это требование времени, 
века и общества, поэтому роль  инновационных  технологий является наиболее важным в процессе полиязычия. 
Модульное  обучение  технологии  –  понятие  самого  образования,  скорость  получить  знания,  возможность 
работать,  также  оно  обеспечивает  индивидуальность  обучения  в  соответствии  с  методами.  Модуль  является 
основным средством  программы модуля, методического  направления или содержания знания и деятельности 
для  того,  чтобы  было  проанализировано  до  уровня  действия,  определенной  программой.  В  общем,  «модуль» 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
167 
означает «содержание и технологию». Основная проблема, которая была рассмотрена в статье эффективность и 
использование модульной технологии в процессе образования

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет