Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата21.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

85 

 

 

88 

 

93 

 

96 

97 

98 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 



ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 



НАУКИ О ЗЕМЛЕ 

 

ӘОЖ: 911,3:314(574) 



 

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫМЕН ИРРЕДЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 

 

Сарқытқан Қастер – доцент, г.ғ.к., 

Макпал Барманқұл – магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада, диаспора және ирреденттің тілдік және тарихи мәні мен оны ғылыми зерттеу саласы  болып табыла-



тын  -  диаспорология  туралы  сондай-ақ,  қазақ  диаспора  және  ирренеттің  қалыптасуының  географиялық,  тарихи 

себептері көрсетілген. Мысалы, Диаспораның грек  тілінен енген «шашырау» - деген мән беретін  сөз екенін,  оның 

мағанасы  халықтың  бір  бөлегінің  өздерінің  ата-мекенінен,  тұрғылықты  жерінен  түрлі  себептермен  қудалауға 

ұшырап, басқа елдерге қоныс аударуынан қалыптасқан адамдар екендігін, ал, ирредент сөзі италиан тілінен шыққан, 

мағынасы, қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты шекара

 бөлінісі  бойынша өзге мемлекет  иелігінде қалып қойған 

ата-бабаларының 

 тарихи отаны саналатын аймақта өмір сүріп, тұрып жатқан азаматтар екендігін ажыратып түсіндір-

ген.  Қазақтардың  Қазақстаннан  тыс  жерлерге  орналасуын  экономикалық-әлеуметтік  және  саяси  география  және 

қазақ  халқының  өміріндегі  бірқатар  ірі  тарихи  оқиғаларға  байланысты,  ашығын  айтқанда  ХVІІ-ХVІІІ  ғасырлар 

аралығы мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі үш ғасырға жуық уақытқа созылған отарлаушылық соғыс салдарымен 

де байланыстыра қарастырылған. Әрі осы екі тұрлі ұғымға қайсы елдің этникалық қазақтарының тәуелді екендігі де 

қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстандағы қазақ халқының саны мен ұлттық құндылықтарын көтерудегі шетел қазақ-

тарының маңызы айтылған. 



Түйін  сөздер:  диаспора,  ирредент,  диаспорология,  далалық  мәдениет,  мұхаджирлер,  диаспораның  түрлері, 

демографиялық өсім, қазіргі геосаяси жағдай, ұлттық мүдде, халық санағы, оралмандар, оралмандардың география-

лық орналасуы 

 

Бүгінгі таңда әлемнің 40 мемлекетінде 5 миллионға жуық  қазақ ирреденттері мен  диаспорасы  тұрып 



жатыр. Алайда, нақты саны толық емес. Неліктен оларды ирреденттер мен диаспора деп бөліп отырмыз, 

себебі, қазір үкімет тарапынан да, жеке ғылыми ортадада шетел қазақтарын жалпылай қазақ диаспорасы 

атап жүр. Бұл дұрыс емес. Себебі, екеуі екі басқа мағана беретін ұғым. Диаспора сөзі грек тілінен аудар-

ғанда «шашырау» - деген мән беретінін білеміз. Демек, халықтың бір бөлегінің өздерінің ата-мекенінен, 

тұрғылықты жерінен түрлі себептермен қудалауға ұшырап, басқа елдерге қоныс аударуынан қалыптасқан 

адамдар  диаспора  аталады.Дүние  жүзінде  өз  жерінен  қоныс  аудармаған  халық  кемде-кем,  оның  үстіне 

қазіргідей саяси, экономикалық және мәдени үрдістер ғаламдық сипат алған жағдайда диаспораның рөлі 

мен  мәні  де  өзгеріске  ұшырап  отыр.  Ол  мемлекеттердің  сыртқы  қарым-қатынас  ынтымақтастығын 

күшейтумен бірге түрлі арандатушылықтың көзіне де айналуы мүмкін [1]. Сондықтан диаспораның даму 

тарихын  зерттеу  көптеген  елдер  үшін  сыртқы  саясатын  жүзеге  асырудағы  маңызды  құрал  болып  отыр. 

Сол  үшінде  диаспораның  қалыптасу  және  өзгеру  тарихы  мен  динамикасын  зерттейтін  ғылым  саласы  - 

диаспорология өмірге келді. Ол диаспораның қалыптасу себептері мен кезеңдері туралы тарихи фактілер 

мен оқиғалар және олардың мәдениеті, дәстүрі, тұрмысы, саны мен құрамы, кәсібі туралы нақты ақпарат-

тар  жинақтап  қорытынды  жасаумен  айналысады.Екінші  сөзбен  айтқанда  диаспорология  –  қандай  да  бір 

халықтың  тарихи  отаны  шегінен  тыс  жерде  орналасу,  қалыптасу  себептері,  кезеңдері  мен  бағыттары, 

тарихы, өзге мәдени этностық ортаға бейімделу және өмір сүруі әдістері туралы ғылым [2]. 

Осы  ғылым  саласының  негізінде  диаспоралардың  қалыптасуының  төмендегідей  түрлерінің  барын 

білуге болады:  

1.  туған  жерінде  қудалауға  ұшырап,  күш  қолданылуы  салдарынан  туындаған  мәжбүрлік  (еврей, 

армян, ирланд, орыс, қазақ т.б.); 

2.  отарлық көші-қон салдары (британ, неміс, португал, испан, орыс); 

3.  еңбек миграциясы (қытай, итальян, үнді және т.б.); 

4.  кәсіби (бизнес, сауда), миграция (жапон, қытай және т.б.); 

5.  "мәдени" миграция (латын-американдық, үнділік, қытай). 

Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 миллионға жуық қазақ диаспорасы тұрып жатыр [3]. 

Ал, ирредент сөзі италиан тілінен шыққан болып, мағынасы, қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты 

шекара

 бөлінісі бойынша өзге мемлекет иелігіндеқалып  қойған  ата-бабаларының тарихи отаны  саналатын 



аймақта

 өмір сүріп, тұрып жатқан азаматтардегенді білдіреді. Осы екі тұрлі ұғымнан қорыта келе, Қытай, 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

Моңғолия, Ресей және  Орталық  Азия  елдеріндегі қазақтарды ирреденттер санатына,ал бұдан өзге алыс-



жақын шетелдерде тұратын қандастарымызды диаспора деп атауға болады.  

Біздің халықта осы екі түрлі санатқа жататын қандастарымыз бар. Алайда, кейбір ғалымдарымыз бен 

саясаттанушыларымыз шетелдегі қазақтардың барлығында "қазақ диаспорасы" - деген атаумен жалпыла-

ма  атап  жүр.  Олай  атау  ғылыми  тұрғыда  дұрыс  болмайды.  Себебі,  тарихи  жағдайларға  байланысты 

шекаралық бөліністер кезінде арғы бетте қалып қойған ағайындарды қалайша "шашырап" кеткен адамдар 

деп,  оларды  диаспора  қатарына  жатқызамыз.  Олар  мекендеп  отырған  жерлер  ежелден  қазақ  даласының 

бір пұшпағы  емес пе? Сондықтан оларға ирренеттер деген санат негізінде қарауымыз керек. Сонда ғана 

әділеттілік болмақ. Ал, ирреденттер сөзін қазақшаластыру қажет десек, онда «Ата қоныста қалған қазақ-

тар» немесе қысқаша  «Қоныстағылар»  деп атауға болады. Тағдыр тәлкегімен шетел асып, қиыр жайлап 

кеткен  қазақтар  олар  -  диаспоралар,  оларды  «Қоныс  аударғандар»  немесе  «мұхаджирлер»  деп  атауға 

болады.  Екеуінің  ара  жігін  ажыратып  алуымыз  керек.  Олай  болмағанда,  қазақтың  ата-қоныс  жерлерін 

өзіміз  шетел  жері  деп  мойындағанымызбен  бірдей  болады.  Себебі,  1997  ж.  11  шілдедегі  «Қазақстан 

Республикасындағы  тілдер  туралы»  Заңында:  ...«диаспора  халықтың  өзінің  тарихи  отанынан  тыс  жерде 

өмір сүретін бір бөлігі (этностық тобы)» [4]. деп анықтама берілген. 

Соңғы мәліметтерге сай елімізде 11 млн 1 мың 739 қазаққа шетелде жүрген 5 млн шамасындағы қазақ-

ты қосқанда, жалпы дүниежүзі бойынша 16 млн қазақ бар. Бұл халық саны көп елдердің бір ғана ірі қала-

сының халқы. Ал жер аумағымыз бойынша жер шарындағы 200 мемлекеттің ішінде 9 орында тұрмыз [5]. 

Енді  осыдан  ой  туады,  неліктен  аз  ғана  халық,  осынша  кең  байтақ  жерге  симай  босып  кеткен-деген? 

Оның  бірнеше  түрлі  себептері  бар.  Бірі  еліміздің  экономикалық-әлеуметтік  және  саяси  географиялық 

орнымен байланыстылығы. Еуразияның орталығына қоныстанған, кең байтақ аумақта, көшпелі және жар-

тылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған, қала салып, адамзат өркениетіне өзінше үлес қосқан 

ата-бабаларымыз дүниежүзінің саяси картасында айшықты қол таңбаларын қалтырған ұлы мемлекеттерді 

де  тарих  сақанасына  шағарды.  Батыс  пен  Шығыстың  қасиетінің  тең  ұстаған  олар  аралас  мәдени-еттің 

үлгісін көрсетті. Оларда көне европойдтық және кірмелік жасаған моңғолойдтық элементтер қатар келеді 

[6].  Алайда, айналасындағы елдердің көз алартуы мен және  ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы әрі ХХ 

ғасырдың ортасына дейінгі үш ғасырға жуық уақытқа созылған тарихи кезеңдердегі қазақ халқының ба-

сына түскен ауыртпалықтар қазақ диаспорасының және ирреденттерінің қалыптасуына негіз болды. Бұл 

тарихи кезеңдерде, алпауыт елдердің өзара келісімімен, қазақ халқының мүддесімен ешқашан санаспаған.  

Диаспора  әлемдік  түрлері  ішінде  қазақ  халқытуған  жерінен  қудалауға  ұшыраунегізде  қалыптасқан. 

Оған  Ел  басы  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «...қазақтар  бет-бетімен  таратылып,  бір  халық,  бір  ұлт,  бір  ел  екенін 

атымен ұмытатындай күйге жеткізілді. Жер бетінде отаршылдық көрмеген халық кемде-кем, алайда, бір 

ғасыр ішінде қазақтай тоз-тоз болған халық жоқ шығар» -деген сөзі бұған дәлел болады [7].  

Географиялық  ортаның  адам  денсаулығына,  өмір  философиясына,  дүние  танымына,  мәдениетіне, 

шаруашылығына үлкен әсер ететіні белгілі, осы тұрғыдан қарағанда ерекше географиялық ортада жасаған 

қазақ халқының кез-келген  ортаға бейімделу  қасиеті жоғары болып қалыптасқан. Сол үшін қазақ халқы 

әлемнің көптеген  еліне таралса да, сол  елдердегі  ең  аз топтарды құрап  отырса да, өзінің ұлттық  құнды-

лықтарын әлі де сақтап отыр. Егер, бейімделгіштігі нашар халық болса, онда біздің халықтың ұлт ретінде 

жоғалып кетуі де ғажап емес еді.  

Қазақстан  Республикасы  егемендік  алғаннан  кейін  қоғам  өмірінде  және  шетелдік  қазақтардың  өмірі 

мен мұратында да көптеген жаңалықтар мен өзгерістер болды. Халқымыздың өткен тарихы мен мәдение-

тіне жаңа көзқарас тұрғысынан талдау жасау мүмкіндігі туды. Оған Елбасы мен үкіметтің қолдау көрсетуі 

мен бастамасы да зор серпін берді. Мсыалы, Елбасы 2002 жылы 23 қазанда Түркістанда өткен Дүниежүзі 

қазақтарының  екінші  Құрылтайында  да:  «Қазір  Қазақстаннан  сырт  жерлерде  қазақтардың  саны  бес 

миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40-тан астам шетелдерде тұратын бүкіл дүниежүзіндегі қазақ-

тың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады» 

[8].  Міне  осындай  үндеулер  мен  үкіметтің  арнаулы  бағдарлама  арқасында  1991  жылдан  2015  жылғы  1 

қаңтарға дейінгі кезеңде 259 159 отбасы немесе 952 882 этникалық қазақ (оның ішінде 2014 жылы 3792 

отбасы немесе 8247 адам) тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алған. Бұл еліміз тұрғында-

рының жалпы санының 5,5% құрап отыр. Енді осы ағайындардың географиялық ерекшелігіне тоқталсақ, 

көпшілігі  немесе  61,5  пайызы  -  Өзбекстаннан  келген,  әрине  бұның  ішінде  Қазақстан  мен  Өзбекстан 

арасындағы шекаралық келісім нәтижесінде  шекараның арғы бетінде  қалып қойған өз азаматтарымызда 

осы  санның  ішіне  кіріп  отыруы  мүмкін.  Одан  кейінгі  14,3  пайыз  -  Қытайдан  келгендер,  9,3  пайызы  - 

Моңғолиядан,  6,8  пайызы  - Түркіменстаннан,  4,6  пайыызы  -  Ресейден  және  3,5  пайызы  -  өзге  елдерден 

оралған қандастар. Қоныстануы бойынша талдасақ, олардың 21,2 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысына, 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

16,3  пайызы  -  Алматы  облысына,  13  пайызы  -  Маңғыстау  облысына,  9,4  пайызы  -  Жамбыл  облысына, 



40,1 пайызы - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Еңбекке қабілеттілігі бойынша 55,6 еңбек жасында-

ғылар  болса,  18  жасқа  дейінгілері  -  39,9  пайыз,  зейнеткерлер  үлесі  аз,  нә  бары  4,5  пайызды  құраған. 

Жалпы орта білімі мен жоғары білімдерді қосқанда оралмандардың 90,2 пайызын құрайды [9].  

Қазақстан Республикасы жер көлемі 2.724.900 шаршы шақырым болып, дүниежүзі бойынша тоғызын-

шы  орында,  әлемдегі  ең  үлкен  ішкі  құрылықтық  ел.  Халық  саны  2013  жылғы  бірінші  қыркүйектегі 

мәлімет бойынша 17 млн 75 мың адамды құрап, жалпы есепте дүниежүзі бойынша 61-орында тұр. Халық 

тығыздығы 6,3 адам. Демек, 9:61 қатынасын, теріс пропорционалды 1:6,8 қатынасына жатқызуға болады. 

Бұл  алаңдатарлық  қатынас  формасы.  Оның  үстіне  Қазақстан  геосаяси  орны  аса  маңызды  ел.  Қазіргідей 

аумалы-төкпелі  саяси-экономикалық  жағдайда,  ұлттық  егемендікті  сақтау  мен  нығайту  бәрінен  де 

маңызы, ұлы іс болып күн тәртібінде тұр.  

Сондықтан  Қазақстан  халқының,  әсіресе  қазақ  халқының  сандық  үлесінің  артуы  ауадай  қажетті 

сұраныс. Менің өзімнің  есебімше қазақ жерінде  саяси тұрақтылық, ел  іргесінің бүтіндігі, экономиканың 

кеңістік  тұрғыда  тиімді  орналасуы,  инфрақұрылымның,  көлік  жолдарының,  білім  беру  мен  денсаулық 

сақтаудың ең кемелді кезін қалыптастыру үшін біздің ел халқы 50 млн. болуы тиіс. Үкімет жоспарында да 

2050 жылы халық санын 25 млн-ға жеткізу межеленіп отыр. Осы игі бастамаға шетелдегі қандастардың 

елге оралуының тигізер септігі де мол екені даусыз. Әлемнің 40-тан аса еліне тарыдай шашыраған қазақ 

санына еліміздегі 11 млн. 1 мың 739 қазақты қосқанда, жалпы дүниежүзі бойынша 15,5-16 млн қазақ бар 

деп  есептеуге  болады.  Қазіргі  қазақстан  халқының  жылдық  өсімі  200  мың  адам  деп  санағанда  1  млн. 

адамға өсу үшін 5 жыл шамасында уақыт керек болады. Егер 20 жылдан бері елге оралған қандастардың 

жалпы  саны  осы  1  млн.  адам  екенін  ескергенде,  оралман  аталып  жүрген  қандастардың  келуімен 

Қазақстан халқының 5 жылдық табиғи өсімі оралмандар есебінен өсті деуге толық дәлел бар.  

Қандастардың  сандық  өсім  беруден  басқа,  ұлттық  тіл  мен  мәдениеттің  дамуына,  экономика  мен 

шаруашылықтың  өркендеуіне,  сыртқы  саяси-әлеуметтік  байланыстардың  нығаюына  тигізер  пайдасы 

орасан  зор.  Алайда,  осындай  потенциялды  елемеу,  ескермеу  немесе  оның  осыншалықты  бай-қуатын 

менсінбеу мен пайдалана білмеу елдігімізге үлкен сын.  

Қазіргі  диаспорамыздың  қиын  мәселелерін  көтеру  тек  мемлекеттік  егемендігіміз,  ұлттық  мүддеміз, 

халықтық  бірлігіміз  тұрғысынан  ғана  қажет  болып  отырған  жоқ.  Ол  -  әлеуметтік  әділеттікті  қалпына 

келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқығын қорғау, ұлттық қауіпсіздік сияқты өте қажет зерттеушілік 

әрекет. Алдымен қазақтың шашыраңқы диаспорасы қанша, олар қайда және қалай барған, болмаса онда 

қалай  қалған  деген  сауалдарға  жауап  берейік.  Ол  біздің  жас  мемлекет  ретінде  дербес  демографиялық 

саясатымыздың басты мәселелерінің бірі.  

Қазіргідей күрделі саяси жағдайда еліміз үшін ең басты міндет – Қазақстанның саяси және аумақтық 

тәуелсіздігін мәңгілік ету. Бұл қастерлі міндетті орындауға жергілікті халықпен бірге, алыс-жақын шетел-

дердегі  қандастарымыздың  атсалысуы  заман  талабы.Қазіргідей  өркениетті  өмірде  түрлі  мәселелерді 

ғылыми және дипломатиялық тұрғыда қарастыру және шешу міндетті болмақ. Ғылыми зерттеусіз қабыл-

данған саяси шешімдер мен іс-шаралардың баянды болмасы анық. Осы тұрғыдан айтқанда, шетел қазақ-

тарын жүйелі түрде, арнаулы ғылыми зерттеу мекеме аясында қарастырудың кезі келді.  

 

1 Меңдіқұлова Г.М. Қазақ диаспорасының тарихи тағдыры. Пайда болуы мен дамуы. - Алматы: «Ғылым», 1997. 



2 http://kk.wikipedia.org/wiki/диаспора. 

3 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. 

4 “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы ” заң. 11-шілде, 1997 ж. 

5 Сарқытқан Қастер. Шетелдегі қазақтың ұлы тұлғаларына да құрмет көрсетілу керек. қамшы.кз. 19.01.2014. 

6 Алаш айнасы, 20,05,2014 "Қазақтың қаны қандай". 

7 Нысанбаев Ә. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақтардың бірегейленуі. – Алматы, 2007. – 9-42 б. 

8 Назарбаев Н.Ә. Бұл құрылтай – қазақ халқының жаңа мыңжылдыққа біртұтас ұлт ретінде нық қадам басқа-

нының белгісі // Ақиқат. – 2002. – №12. – 8-12-бб. 

9 Қазақстанға 24 жылда 952,8 мың оралман келді. қазақ әлем.ікз. 16.01.2014. 

10 Нысанбаев Ә. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақтардың бірегейленуі. – Алматы, 2007. – 9-42 б. 

 

Резюме 

Саркыткан Кастер - доцент, к.г.н., kaster0102@mail.ru, Макпал Барманқұл - магистр, m_a_k_p_a_l_91@mail.ru, 

Казахский национальный педагогический университет им. Абая 

«Проблемы казахской диаспорологии» 

В статье, рассматриваются языковые и исторические ценности диаспор и ирредентов которая является научной 

исследовательской  области  диаспорологии,  а  также  показаны  историко-географические  причины  формирования 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

казахской диаспоры и ирредентов. К примеру в статье значениям диаспора и ирреденты дается подробное описание, 



"диаспора" произошло от греческого слова "рассеяния" и обозначает что часть населения по разным причинам были 

изгнаны из своей родины и мигрировали в другие страны,а ирреденты происходит от итальян слово,значения слово – 

это люди которые с связи общественно-политическим изменениям при разделении границы остались на территории 

другой страны и яввляются жителями своей исторической родины. Нынешнее местоположение казхских ирредентов 

зависит от экономическо-социальной и политической географии и относится к крупным историческим событиям в 

жизни казахского народа, а именно связанная с колонизаторской войной в период с XVI до XVIII веков и середины 

ХХ века. Так же указаны какие этнические казахи других стран связаны с этим двумя значениями. И ёще расписано 

роль иностранных казахов в увеличение числа казахского народа и национальных ценностей страны. 



Ключевые слова: диаспора, ирреденты, диаспорология, кочевая культура, виды диаспор, демографический рост, 

геополитическое  положение,  национальный  интерес,перепись  населения,  репатриоты,  географическое  распределе-

ние репатриантов 

 

Summary 

Sarkytkan Kaster - associate professor, kaster0102@mail.ru, Makpal Barmankul - master, m_a_k_p_a_l_91@mail.ru 

teacher of Kazakh national pedagogical university after Abay 

«Problems of Kazakh diaspora» 

The article discusses about the linguistic and historical values of diasporas and irredenta which is the scientific research 

field  of  seed  dispersal,  and  shows  the  historical  and  geographical  reasons  for  the  formation  of  the  Kazakh  diaspora  and 

irredenta. For example in the article values diaspora and irredenta a detailed description, "diaspora" is derived from the Greek 

word "scattering" and refers to that part of the population for various reasons and were expelled from their homeland have 

migrated  to  other  countries,  and  irredenta  comes  from  the  Italian  word,  and  it  is  with  people  who  regard  the  social  and 

political changes in the separation boundaries have remained in the territory of another country and yavvlyayutsya residents of 

their  historical  homeland.  The  current  location  kazhskih  irredenta  depends  on  the  economic  and  social  and  political 

geography, and refers to the major historical events in the life of the Kazakh people, namely related to the colonial war in the 

period from the XVI to XVIII centuries and mid-twentieth century. Here we consider a country's ethnic Kazakhs from these 

two values are true. Also highlights the importance of ethnic Kazakhs in the increase in the number of Kazakh people and 

national values of the country. 



Keywords:  Diaspora,  irredenta,  Diasporalogy,nomadic  culture,types  of  diasporas,  population  growth,  geopolitical 

position, national interest, population census, repatrioty, the geographic distribution of immigrants 

 

ӘОЖ: 330.562:338.43 



 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП 

КЕШЕНІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 

 

Сарқытқан Қастер – доцент, г.ғ.к., 

А.Қ. Исақова – магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданның аграрлық даму көрсеткіштері және өңірлік шаруашылыққа 



маманданған  кәсіпорындар,  ауданға  тартылған  инвестициялар,  шағын  және  орта  кәсіпкерлердің  жүзеге  асырған 

жобалары мен  орындалуы  тиіс жобалар көрсетілген. Ауыл шаруашылығын жедел дамыту  барысында көптеген іс-

шаралар  мен  аудан  кәсіпкерлеріне  ел  экономикасын  жақсатру  барысында  мемлекеттік  қолдау  шаралары  қарасты-

рылған.  Аудан  экономикасына  ауқымды  ауқымды  табыс  әкеліп  жатқан  шарауа  қожалықтары  мен  кәсіпкерлердің 

атқарып жатқан  елеулі  елеулі жұмыстары айқындалған. Ауданда өндірілетін астық дақылдарын өндіру барысында 

және егін егу табысты өнім беруі үшін аудан кәсіпкерлері шетелдік озық технологиялармен жетік танысып келгені 

көрсетілген. Аудан  шаруашылығы  егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына маманданғандықтан экономикаға 

келіп  жатқан  табыстың  басым  бөлігі  осы  салалардан  келіп  жатқандығы  талданған.  Сондай-ақ  аймаққа  тартылып 

жатқан ивестиция көлемінің маңыздылығы көрсетілген. 

Түйін сөздер: Агроөнеркәсіптік кешен, экономикалық өсу, инфрақұрылым, өңдеуші өнеркәсіп саласы, инвести-

ция, несие, агроқұрылым, агротехника, кәсіпкер, экономикалық тиімділік 

 

Қазақстан экономикасын дамыту факторларының ішінде, маңызды салаларының бірі-ауыл шаруашы-



лығы  болып  табылады.  Аграрлық  сектордың  даму  деңгейі  еліміздің  табиғи-климаттық  жағдайы  мен 

қаржылық көмекке қарамастан әлі де нашар дамыған жағдайда тұр. Алайда, болашақта дамуы мүмкін деп 

үміт етеміз. Еліміз үшін алып айтқанда, аграрлық шаруашылық ұлттық өндірістің тұрақты өсуіне, еңбек 

өнімділігінің  артуына  және  инфрақұрылымның  дамуына  мүмкіндік  беретін  халық  шаруашылығының 

маңызды саласы. Сондықтан да ауылшаруашылығын жедел дамыту кезек күттірмес маңызды жұмыс. Ол 

үшін, бұл салаға толық қанды мемлекеттік қолдау мен көмек, кәсіпкерлерге табиғи ресурстарды пайдала-

нуға нақты мүмкіндік пен қолжетімді несие алуға жағдай жасалуы қажет. 


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

Республика экономикасы жоғары көрсеткіш деңгейіне жетіп, табысты болу үшін, ауыл шаруашылығы 



өндірісінің тиімділігін, оның арту деңгейін ұқыпты қадағалау қажет. Шаруашылықтың тиімділігін артты-

ру ушін, агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржы-

ландыру деңгейін қадағалап, ғылыми-зерттеу ұйымдарын материалдық-техникалық базамен қамтамассыз 

етіп, мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінуі тиіс. Осы деңгейдегі көрсеткіштер қамтамассыз етілген 

жағдайда, агроөнеркәсіптік кешеннің келешектегі өсу жағдайына мүмкіндік жасалынады [1]. Агроөнеркә-

сіптік кешенді өркендетуге байланысты, Еліміз үкіметі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия-

сын жария еткен. Болашаққа бағдарланған бұл жолдауда экономиканың нақты секторы ауыл шаруашы-

лығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген [2]. 

Ауыл  шаруашылығын  дамытуға  Ел  басы  айрықша  көңіл  бөліп  келеді.  Мысалы,  2012  жылдың  27 

қаңтарында  халыққа  жолдаған  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» атты дәстүрлі жолдауында он бағыт бойынша тапсырмалар берді. Жолдаудың, маңызды бағыт-

тарының  бірі  –  ауыл  шаруашылық  саласын  дамытуға  зор  міндеттер  қойылды  [4].  Осы  міндеттерді 

орындау  үшін  бәсекеге  қабілетті  агроөнеркәсіп  өндірісі  кешенін  қалыптастыру  және  дамыту,  оларды 

жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне сәйкес болуы керек. Ол үшін ауылшаруашы-

лығы кәсіпорындары түрлері мен олардың шаруашылық жүргізу формалары және ұйымдастырушылық-

құқықтық  формалардың  сан алуандығын  ескере  отырып  агроөнеркәсіп  өндірісі  кешенін  тиімді  басқару-

дың, өндіріс тиімділігін арттырудың жаңаша жолдары мен тәсілдерін қарастыру тиіс. Сондықтан еліміз-

дің дағдарыс  кезіндегі және  одан кейінгі  уақыттағы агроөнеркәсіп өндірісі кешенінің ахуалын зерделеп, 

өндіріс тиімділігін арттыру, өнім көлемін көбейту, сапаны арттыру және оның заман талабына сай бәсеке-

лестік қабілетін жақсарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі [5]. 

Қазіргі жағдайда Республикамызда қалыптасқан экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісі-

нің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  барлық  денгейде  басқару  мен  экономикалық  ынталандырудың  ба-

рынша тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру және қолдану қажеттілігі туындап отыр. Нарықтық қаты-

настарға бейімделу, ауыл шаруашылық өндірісі көрсеткіштерінің, атап айтқанда, сапалы өнім көлемінің 

өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің артуы, өндіріс, айырбас, тұтыну, өткізудің тиімді жүйелерін қа-

лыптастыру - тиімділікті арттырудың алғы шарттары болып табылады [6]. Осы тұрғыдан алып айтқанда 

немесе мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашы-

лығынан бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, агроөнеркәсіп  кешенін тиімді жүргізу  бағытында мақаламызға 

өзек болып отырған Тұрар Рысқұлов ауданы өз деңгейінде үлесін қосып отыр деуге болады [7]. 

Аудан  тұрғындарының  басым  бөлігі  ауыл  шаруашылығын  дамыту  саласында  қызмет  атқарады. 

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2012 жылы ауылшаруашылық өндірісі 608 млрд.теңгеге қол жеткі-

зіп, егістік жер аумағы 142 мың гектарға жеткен. Көктемгі егіс жұмыстарына 6,4 тонна жанар-жағармай 

бөлініп,  71  397  гектардан  астам  алқапқа  масақтыдақылдар  себіліп,  өндірілген  өнім  көрсеткіші  орта 

есеппен  19  центнерге  жеткен.Бұл  көрсеткіш  Жамбыл  облысының  астық  бөлігінің  33  пайызын  құраған. 

Астық  дайындау  жоспардағыдан  жоғары  өнімділік  көрсетіп,мал  азығының  1,5жылдық  кепілдік  қоры 

жасалынған. Ал 2013 жылы егіншілік көлемі 18 мың гектарды алған. Масақты дақылдары 10 мың гектар 

жерге егілген.Өңірдің бұлайша жоғары табыс көрсеткіші, аудан диқандарының егіс жұмыстарын ғылыми 

негізді жүргізе білуі және ауыспалы егіс жүйесі техникасын дұрыс пайдалануымен тығыз байланысты [8]. 

Облыс  басшылыры  өңірге  ірі  көлемді  инвестициялар  тартып,  «Алтын  өндіру»  жобасына  525  млн. 

теңге бөлінді. «Көкқия» алтын кенішінде вахталық тәсілмен150 адам қызмет атқарады , «Рельс дәнекер-

леу кәсіпорны» жаңа құрылыс нысанын салуды жоспарға алып 8 млрд теңгенің жобасын жүзеге асырмақ-

шы. «Газ құбырының 3-ші тармағы» жобасы бойынша компрессорлық бекет салынып, өңірдің терістігі-

нен  күн  энергиясын  пайдаланатын  батареялы  станция  жобасы  жасалынды  және  минералды  сусындар 

шығаратын  зауыт  салу  жоспарлануда.  Атқарылған  жобаларға  байланысты  Ауданда  Ақыртобе-Әбдезім 

электр  станциниясы  және  ауданды  түгелдей  энергия  мен  қамтамасыз  ететін  Қарақыстақ  аңғарынан  200 

гектар жер бөлініп, қуаттылығы50мгвт. болатын электр стансия салынып, 1 млрд. 28 млн. теңге болатын 

қуаттылығы 2,3 МгВт Қарақыстақ шағын су электрстанциясы пайдалануға берілді [9]. 

Аудан  кәсіпкерлері  ел  экономикасын  жаксарту  барысында  кәсіптік  жұмыстарын  дамытып,  еліміздің 

әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Өңірлік «Ақтоған» шаруа қожалығы, экономика-

лық тиімділігі жоғары шаруашылық жүйесі. Өндірген өнімі бағалы өндірістік толық кластерден тұрады. 

Шаруа  қожалығы  астық  өндіру,  сақтау,  өңдеу  жәнеұсату  –  үш  сортты  ұн,  жалпыламаұн  тарту,  арпа, 

азықтық  бидай,  кебек,  бидайдың  ұсағы,  ұнтақ  жарма  және  Қазақстандағы  ең  арзан  эксклюзивті  сортты 

макарон өнімдерін өндірумен қатар байытылған витамин қоспалары қосылған ұн да өндірумен айналыса-

ды. Аталған шаруашылықтың өндірген өнімі, облыста емес, еліміздің бірнеше өңірлеріне танымал. Құны 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

арзан, сапасы жоғары тауар ретінде нарықта үлкен сұранысқа ие болып, күніне 25 тонна ұн қаптап нарық-



қа  шығарады.  Егін  шаруашылығына  маманданған  жұмысшы  күші,  «Стекловидная-24»,  «Безостая», 

«Богарнай-56»  және  жаздық  бидайдың  «Наурыз-6-2»  сорттарын  егіп,  жоғары  өнім  алып,  дақылдың 

жоғары  репродукциялы,  элиталы  сорттарын  өсіруді  жүзеге  асыруда.  Өндірістің  өндірген  өнімі  нарық 

көлемінде өнімді болу үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кәсіпорында астыққа талдау жасай-

тын құрылғы орнатылған. Заманауи құрылғының көмегімен 3-4 секундтта астық құрамына қажетті талдау 

жасалынады  және  өнімнің  бастапқы  сапасын  анықтағыш  құралдар  орнатылған.Астық  өнімдерін  қабыл-

дау, сақтау және үгу топтамасын құруға негізделген, сиымдылығы 6 мың тонналық, мал азығын сүрлейтін 

мұнара  құрылысының  жобасы  аяқталып,қолданысқа  берілген.  Өндіріс  орнында  қысқа  кесілген  макарон 

өнімдерін өндіретін екі желі іске қосылған. Желілердің бірі макарон өндіретін алдыңғы қатарлық әлемдік 

компаниялардың бірі италиялық «Италпаст» компаниясының өндірісі. Өнімділігі күніне 10 тоннаға дейін 

макарон өндіреді. Макарон өнімдерін 200 грамнан 5000 граммға дейін қаптайтын автоматты қаптау желісі 

де  іске қосылған. «Ақтоған»шаруа қожалығы иелігінде, сапалы жабдықталған техника жиынтығы, жеке 

зертхана,  үлкен  астық  сүрлейтін  мұнара, астық  ұсақтайтын  диірмен,  макарон  өнімдерін  шығаратын  цех 

бар.  Шаруашылықтың  басты  мақсаты-өнімнің  сапасын  арттырып,әлемдік  стандарт  деңгейіне  жетекші 

сала болып қалыптасу [10]. 

Ел экономикасын дамытуға үлес қосып жатқан кәсіп орындарының бірі «Аян» шаруа қожалығы. Азық 

түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – еліміздегі басты мәселе. Өңірлік азық-түлік мәселесін шешуге бағыт 

алған «Аян» шаруақожалығына Үкімет тарапынан қолдау беріліп, қарқынды даму алған шаруақожалық-

тарының бірі. 

«Аян шаруақожалығы» 2012 жылы өңірлік  тұрғындарды азық-түлікпен  қамтамассыз  ету мақсатында 

шағын кәсіп иелерінен құрылған наубайхана.Маман иелері тәулігіне 4000-5000-нан астам нан өнімдерін 

өндіреді. Шаруашылықтың табыс ауқымын кеңейту барысында өндіріс орны жаңа шетелдiк озық техно-

логиялармен, шетелдік үлгіде жасалған нан пештерімен қамтамассыз етілген. Тұрар Рысқұлов ауданының 

кәсіпкерлері  нан  өнімдерін  тұрақтандыру  үшін,  аудандық  әкімдік  астық  өсіретін  шаруалармен  және  ұн 

шығаратын  жергілікті  компаниялармен  келісім-шартқа  отырған.  Жаңа  техникалармен  жабдықталған 

кәсіп  орынның  болашақтағы  жоспары  нан  өнімдерінің  тәтті  түрлерін  шығарып,  нарықтық  сұранысты 

арттыру. 

«Қайқы» шаруа қожалығы. Шаруашылықтың айналысатын негізгі кәсібі - егін және мал шаруашылы-

ғы. Егін шаруашылығының өнімі жоғары сапалы өнім деп есепке алынып,нарықты сапалы тауар ретінде 

ауданның және  еліміздің экономикасында табысты  орындарға ие. Өндіріс  орталығы  ет өнімдерін көрші 

Қырғыз еліне экспорттап және өңіріміздегі Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шымкент қаласын да қамтамас-

сыз ету арқылы ел дамуына өз үлесін қосу үстінде. 

Ауданда  шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  мемлекет  тарапынан  қолдау  жасалынған.  Кәсіпкерлер  үшін 

жасалыныпжатқан  бағдарламалар  мен  жобалар  өздерінің  тиімді  нәтижесінде  көрсетуде.  Ол  өз  кезегінде 

кәсіптерінің  ілгері  дамуына  септігін  тигізуде.«Бизнестің  жолкартасы  -  2020»  бағдарламасы  негізінде 

өңірде  біршама  орта  бизнес  көздері  ашылып,орта  бизнес  өкілдері  кәсіптерін  ілгері  дамыту  үдерісінде. 

Кәсібімді дамытып  еліміздің жоғары санатта дамуына үлес  қосам деген кәсіп иелеріне ауданда бірқатар 

жағдайлар жасалынған. 

Дегенмен, ауданда бірқатар мәселелер  де  сақталып  отыр. Мәселен, өңірде жерасты  суының мөлшері 

мол  болғанымен,  шаруашылықта  жоғары  деңгейде  пайдаға  жарамай  келеді.Қазіргі  таңда  бұл  мәселені 

оңтайлы шешу барысында, мамандар жер асты суын тиімді пайдалануды назарда ұстап, жер астына шөгіп 

кеткен  артезиан  құдықтарын,  лотокты  және  құбырлы  су  жүйелерін  іске  қосып,  тамшылата  суландыру 

әдісін  пайдалануда.  Аудандағы  109  шахталы  құдықтардың,  41  құдық  жүйесімен  егістіктің  3000  гектар 

алқабын тамшылата суару әдісімен ылғалдандырылды. Өңірлік мекеменің мамандары тамшылата сулан-

дыруда  Израиль,  Австрия  мемлекеттерінің  суландыру  жүйелеріндегі  әдістерді  пайдаланып,  егіншілік 

өнімділігін  арттырды.  Суармалы  егістік  көлемін  ұлғайтып,  суды  үнемді  пайдаланып,  тамшылата  суару 

әдісі қолданылуының нәтижесінде, өңірде 4 мың гектар жер суармалы егін алқаптарына көшірілді. Сонай-

ақ,  өңірде  бірқатар  өндіріс  орындарында  және  шаруа  қожалықтарына  қажетті  мамандар  жеткіліксіз. 

Мысалы,  Алатау  тұқымды  500  бас  сиырдың  әрқайсысынан  6  тоннадан  сүт  алынады.  Сүтті  нарыққа 

шығаратын ауданымызда сүт өңдеу фабрика жұмыс атқармайды. Сүт өңдеу фабрикасын дамыту үшін бір 

қатар білікті технологтар қажет. Бұл мәселені оңтайлы шешуге бағытталған жастарды техникалық маман-

дықтарды  оқытуға  арналған  бірқатар  бағдарламлар жүргізілді.  Өңірлік  кәсіп  иелері  болашқта  сүт  өңдеу 

фабрикасын іске қосып, еліміздің экономикалық өсу деңгейін жаңа ағынмен толықтырмақ [11]. 

Тұрар Рысқұлов ауданының агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін арттыру, экономикалық өсуін және 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

10 


бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне қолдау көрсету өңірлік кәсіпкерлердің және әр 

азаматқа  жүктелген  міндет.  Болашақта  жоспарланған  жобалар  жүйелі  түрде  жүзеге  асса,  табиғи  қорлар 

мен  экономикалық  өнімдерді  тиімді  пайдалансақ  Қазақстан  дамудың  жоғары  шыңына  көтерілеріне 

сеніміміз мол! 

 

1 Облыс туралы ақпарат. Жамбыл облысының ресми сайтынан, www.zhambyl.stat.kz. 

2 Үпішев Е.Н. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. - Алматы: Экономика. 2006. 

3  Под.ред.  В.В.  Вольского.  Экономическая  география  развитых  и  развивающихся  стран.  Издательство 

МГУ, 1987. 

4 Асубаев Б.Қ., Сулейменва Қ. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту әдістемесі. – Алматы, 2004 ж. 

5 Күнхожаев Н.Р. Қазіргі Қазақстанның экономикасы: жағдайы және болашағы. - Алматы, 1998. 

6 Ахметов Е.А. Экономическая и социальная география Казахстана. - Алматы, 2004. 

7 Насыров Р. «Южный Казакстан» - Алматы: «Кайнар», 1990. 

8 Сламбекова Н. «Қазақстанның табиғат ғажайыптары» - Алматы: Аруна, 2003. 

9 Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым - Алматы: «Қайнар», 1991. 

10 Қойтанов Ж.С. «Табиғат – тал бесік» - «Егемен Қазақстан» 2011. 

11 «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журнал, №12(6), 2013. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет