данылуы қарқынды.
260
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 3 (143). 2013
жиі қолданылады. Тіпті балағат мәнді фразео-
логизмдерді де көруге болады. Балағат лексика-
сының тағы бір жиі қолданылатын көркем әде-
биет жанры – сатира. Сатира әжуа мен кеке-
сінді мақсат еткендіктен, сатиралық шығарма-
ларда балағаттар көп қолданылады. Ш.Нұрғо-
жина сөйлеу тіліндегі эмоционалды-экспрес-
сивті лексиканы алты түрге жіктейді. Олар:
Жалпы қолданыстағы лексика;
Қарапайым сөздер;
Тұрмыстық лексика;
Әдепсіз, балағат сөздер;
Диалогтілер;
Варваризмдер;
Эмоционалды-экспрессивті лексиканың алты
түріне де жеке-жеке тоқталған Ш.Нұрғожина
алтауына да тілдік фактілер ұсынады және «ха-
лықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым
сөздердің экспрессиясы күшті болып келеді.
Сондықтан олар ешбір өзгеріссіз сол қалпында
кейіпкерлер тілінде беріледі» [1, 60] деп, оған
мысалдар келтіреді: Ана сорлы таздың жаман-
дығы ғой. Әшейінде адамсып, шәңгірлеп сөй-
лер еді, енді қайда қалды екен? (Б.Майлин. Рау-
шан-коммунист) немесе мынадай мысал, «Жа-
лап-жұқтау» деген сөз бе екен, - дейді Қайрақ-
бай кейіп, - «сіміріп жұтқаның деп неге айт-
пайсыңдар? (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат). Не-
месе көркем әдебиет мәтіндерінен мысал кел-
тірер болсақ:
Е-хе! Сен не оттап тұрсың?! Иттен туып,
іннен шыққан хайуан! Өлексе… - деп Ваня
кочегарды ыза буды. Ит ұрламаймын дейді, ей
мына "баран", Лайбараннан садаға кет, сен сор-
лы! "Ұрламаймын" дейді, ит емес, адам ұрлар-
сың аш жүрсең… Адам болып қалыпты, мы-
нау! Сені адам қылған кім, а? Мен. Құдайыңды
ұмытайын деген екенсің… Ұмытқанды көрсе-
термін әлі. Көрермін кө…ді, сілімтік!
Үй, енеңнің қара қасқасы!.. Тілің таңдайыңа
жабысып қалды ма, жаңа ғана тақылдап, бер-
местің білегіне жармасып, көрместің көзін шұ-
қып ала жаздап тұр едің ғой? [2, 111]
Жоғарыда көрсетілген барлық балағат лек-
сикалары көркем мәтіннің мазмұнды етіп, көр-
кемдігін айшықтай түседі.
Қорыта айтқанда көркем шығармаларда кез-
десетін дөрекі қарапайым сөздердің алатын
орны қай жағынан болса да ерекше.
Ал енді газет мәтіндеріндегі балағат лекси-
касына келер болсақ, көркем әдебиет мәтінде-
ріне қарағанда олардың қолданысы және бала-
ғат мәні жағынан үлкен ерекшеліктер тән.
Бүгінгі күн бұқаралық ақпарат құралдарын-
да, ашық баспасөзде тілдік құралдардың қол-
данылу ерекшеліктеріне, сипатына мәніне бай-
ланысты оқырмандардың я тыңдармандардың я
белгілі бір субьектінің – жеке немесе заңды
тұлғалардың қанағаттанбауы және қайшылық-
ты пікірлері негізінде соттық және азаматтық
істерде лингвистикалық сараптаманың, фило-
логиялық танымның қажет етілуі кең өріс алу-
да. Мұндай жағдайдың қалыптасуының басты
себептерін сөз еркіндігінің өріс алуымен, соған
орай сөйлеу, сөз қызметін, сондай-ақ тілдік құ-
ралдарды пайдалануды шектен шығушылық
қоғам мүшелерінің арасында көптеген түсін-
беушіліктердің, келіспеушіліктердің жол алуы-
мен, кейде бұқаралық ақпарат қызметкерле-
рінің, журналисттердің тілді қолданудағы білім
шалағайлығымен және ақиқаттығына толық
көз жеткізілмеген деректерді басшылыққа алу-
ларымен де, және баспасөзде көрінісі тапқан
мағлұматты қабылдауда субьектілердің фондық
білімдерінің сәйкес келмеуімен де түсіндіруге
болады. Көп жағдайда БАҚ-да жарияланатын
хабарларда жеке бастың мүддесі үшін өзгелерді
балағаттау, ар-ождан, абырой, іскерлік беделіне
нұқсан келтіру жағдайлары кездеседі. Әсіресе
жоғарыда атап өткендей бүгінде сөз еркіндігі-
нің кең өріс алуына байланысты газет бетте-
рінде бір-бірін балағаттап, жеке пікір білдіру
жағдайлары көптеп кездеседі. Әсіресе бүгінде
ша рықтап тұрған интернет желілерінен айқын
байқауға болады.
Балағат лексикасы адамның эмоционалдық
күйін сипаттағанда, бағалауда жиі қолданы-
лады. Тым дөрекі балағат сөздер көп жағдайда
толық жазылмай, көп нүктелермен беріледі.
Кез келген мәтінді жеке бір тұлғаның анық-
талған мақсатты, ниетті көздей отырып, оны
шешуде белгілі бір тілдік жүйеде қалыптасқан
қоғамдық нормадағы тілдік бірліктерді өзіндік
таныммен, талғаммен үйлестірілген шығарма-
шылығының жемісі ретінде танысақ, баспасөз
жарияланымдары да қоғам мүддесін көздей оты-
рып, орын алған келеңсіздіктерді сынау арқылы
оқырманға ықпал ету ниетін мақсат етеді. Бұл
орайда белгілі бір дерек, мәселе жайын түсін-
діре келіп, журналистің өз пайымын, көзқара-
сын білдіріп, талдау жасауы оның кәсіби мін-
деті ретінде заңмен қорғалады. Журналисттің
қандай да бір оқиға туралы хабарламасы және
онымен қатысты өзіндік субьективтілік оң я
теріс көзқарасы, яғни бағасы тура я жанама
түрде білдірілуі мүмкін. Ықпал ету күшіне жеке-
Көркем әдебиет және газет мәтіндеріндегі балағат лексикасы
261
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3 (143). 2013
леген сөйленістермен бірге, тұтас мәтін де ие
болады.
Баспасөз жарияланымдарының қоғам мүдде-
сін қорғау мақсатындағы, бастысы қоғамды
тәрбиелеуші, сауықтырушы және бағыт беруші
жүйе ретіндегі қызметінен жаңылмауына бай-
ланысты мәселелер көпшілік назарында келеді.
Мұнда баспасөздің қоғам өміріндегі келеңсіз-
діктерді, жеке және заңды тұлғалардың қоғам
нормаларына жат, заңға қайшы әрекеттерін қа-
лың оқырманға жария етіп, сынға алуы қоғам
тарапынан қолдау таба отырып, оның әдеби тіл
нормалары, тіл мәдениеті, тілдік этикет қағи-
далары үрдісінен шығуы талап етіледі. Яғни
баспасөз материалдарында талапкер шегінде
рәсімделсе, ол мүлде қорлау, тіл тигізу деп қа-
былданылмайды.
Ашық баспасөз материалдар негізінде туған
тілдік дау-жанжалдардың сипаты жағынан әр
түрлі екені анықталуда және олардың көпші-
лігін балағат лексикасы құрап адамның ар-
ождан, абыройы, іскерлік беделіне нұқсан кел-
тіру жағдайларымен бүгінде соттық және аза-
маттық істер көп қозғалуда. Бұл туралы сот-
лингвистикалық сараптама мәселелері:оқу құ-
ралында төмендегідей мысалдар келтіріледі:
1) ашық баспасөз материалында белгілі бір
жеке немесе заңды тұлғаға қатысты мағлұмат-
ты жеткізуде қолданылған тілдік құралдардың
сол тұлғаның ар-намысы, абыройы мен іскерлік
беделіне кір келтіру жағдайларына байланысты
тілдік дау-жанжалдар; 2. Ономастикалық атау-
лардың БАҚ-ында қолданылу жайларына, тіл-
дік бірліктердің фирмалық атау, тауарлық белгі
ретіндегі қызметіне байланысты тілдік дау-
жанжалдар; 3) ұлттық араздықты қоздыру мүм-
кін деректердің БАҚ-ында орын алуаны байла-
нысты. [3, 77]
Бүгінде ашық баспасөз мәтіндері жалпы
публицистикалық стиль заңдылығына бағына
отырып кейбір жағдайларда оның шегінен шы-
ғып кететін жағдайлар да бар. Көп жағдайда
мұндай балағат мәнді сөздердің баспасөз бет-
терінде жариялануы автордың жарияланымның
көркемдік сипатын арттыру, оқырмандарды қы-
зықтыру немесе балағат лексикасын пайдалана
отырып өзіндік тұжырымын, көзқарасын біл-
діру немесе материалды дайындау кезіндегі ав-
тордың өзіндік жай-күйі мен оған материалдың
қаншалықты қатысты болуына да байланысты.
Газет мәтіндері бойынша балағат мәнді сөз-
дер:
«Содан бері «шайтанның» еркелігін мен тү-
гілі, шенеунік қожайынымның өзі аттай көтереді.
Менің түсінбейтінім, министр-қожайынымның
365 күнінің тең жартысы Алматыда, тоқалының
қасында өтеді, сонда оның жұмысын кім іс-
тейді? .
– Еркектің емес, әйелдің көлігін жүргізу қиын
шығар, ә?» [4, 5]
Достарыңызбен бөлісу: