Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 77 Ж. Керімова



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#38392
  1   2   3   4   5


Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4(57). 2011 77 
 Ж. Керімова 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТ 
Мақала шет тілін оқытудағы «бағыт», «әдіс» 
ұғымдарына, қандай бағыт-әдістер бар екеніне
соның ішіндегі қатысымдық немесе коммуника-
тивтік бағытқа арналған. 
Білім берудегі бағыт терминін ғылыми орта-
ға ағылшын әдіскері А. Энтони (1963 ж.) зерт-
теушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсіл-
деріне қатысты қолданатын бастапқы ереже-
лерді білдіру үшін енгізген болатын. Тілді оқы-
ту жүйесінің бөлшегі бола тұра, бағыт оқыту 
пәніне қатысты бар ой-пікірлер мен оқыту бары-
сында тілді меңгеру мүмкіндіктерін сипаттап, 
оқытудың жалпы әдіснамалық негізі ретінде 
қызмет атқарады. Әдіскерлердің ойынша, оқы-
тудағы бағыт оқытылуы тиіс пәннің мәніне де-
ген көзқарас болып табылады (Вятютнев, 1984), 
ілімнің нақты саласында зерттеудің жалпы әдіс-
намалық негізі ретінде қолданылады (Бим, 
1988), белгілі бір құбылысты зерттеуге бағыт-
талған зерттеушінің әрекетін анықтайды (Скал-
кин, 1981). 
Тілді оқыту әдістемесінде оқыту бағытының 
бірыңғай топтастырылуы жоқ, осылайша, М. В. 
Ляховицкий (1981) тілді меңгеру психологиясы 
тұрғысынан анықталатын төрт жалпы бағытты 
атайды: 
1. бихевиористік – көрсетілетін ынталылықтар-
ға жауап ретінде сөйлеу дағдылы әрекеттерінің 
пайда болу жолымен тілді меңгеру; 
2. индуктивті - саналы - тілдік ережелер мен 
оларды сөйлеуде қолдану тәсілдерін меңгеруге 
алып келетін сөйлеу үлгілерін бақылау нәтиже-
сінде тілді меңгеру; 
3. танымдық (когнитивті) – ережелер мен нұс-
қаулықтар күйіндегі білімнен меңгерілген білім 
негізіндегі сөйлеу дағдылары мен ептілікке 
дейін деген реттілікте тілді саналы түрде мең-
геру; 
4. интеграцияланған – білім және сөйлеу дағды-
лары мен ептіліктерінің параллельді меңгері-
луінен көрініс табатын оқыту үдерісінде саналы 
және саналы емес бөлшектердің сабақ барысын-
дағы органикалық бірігуі.
Лингвистикалық және басқа да көптеген 
факторларды ескеру негізінде М.Н.Вятютнев 
бағыттарды классификациялауға тырысты. Ол 
қазіргі заманғы оқыту әдістерін топтастыру 
үшін алты бағытты қолданып, келесідегідей бө-
ліп көрсетті: грамматикалық, тікелей, бихевио-
ристік, оқылым, ұжымдық, коммуникативті – 
жеке тұлғалық. 
Егер тілді оқытудағы барлық бағыттарды са-
раласа, оларды бөлуге не оқыту нысанасы (тіл, 
сөйлеу, сөйлеу әрекеті), не оқыту тәсілі (тікелей, 
саналы, әрекеттік) негіздеме болып табылаты-
нын аңғару қиын емес. 
Енді бағыт сөзіне жақын болып келетін əдіс 
сөзіне келер болсақ, жалпы мағынада «әдіс» 
ұғымы (грек. пр – зерттеу немесе таным жолы) – 
мақсатқа жету тәсілі. Әдістеменің іргелі катего-
риясы бола тұра, оқыту әдістері оқыту жүйе-
сінің бөлшегі болып табылады. Сәйкес оқыту 
әдістерінсіз оқыту мақсаттары мен міндеттерін 
жүзеге асыру мүмкін емес.
Бұл ұғым қазіргі заманғы ғылымда үш түрлі 
мағынада қолданылады: жалпы методологиялық 
(әдіс таным құралы, ақиқатты, табиғат пен қо-
ғам құбылыстарын зерттеу тәсілі ретінде), жал-
пы дидактикалық (білім беру мазмұнын игеруді 
қамтамасыз ететін оқытушы мен оқушының өза-
ра байланысты іс-қимылдар жүйесі ретінде) жә-
не жеке дидактикалық (әдіс оқытушының оқу 
әрекетінің стратегиясын анықтайтын, оқыту-
дағы бағыт ретінде). 
Жеке дидактикалық əдістер 
Айтарлықтай әмбебап және түрлі пәндерді 
оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық 
әдістерден айырмашылығы – жеке дидактика-
лық әдістер тобы нақты оқу пәні немесе пәндер 
тобының өзгешелігін бейнелейді. 
Шет тілдерін оқыту әдістемесінде тарихи 
түрде әдістің жеке дидактикалық ұғым ретінде 
екіжақты анықтамасы қалыптасты: а) әдіс оқы-
тудағы бағыт ретінде (терминнің кең мағынада 
түсіндірілуі) және б) әдіс тілдің белгілі бір жа-
ғын оқыту тәсілі ретінде (терминнің тар мағы-
нада түсіндірілуі). Бір ұғымның бұлайша екі-
жақты түсіндірілуі сәтті деп айтуға болмайды: 
ол, көп жағдайда, бір терминнің басқасымен ал-
мастырылуына алып келеді және де жалпы ди-
дактикалық пен жеке дидактикалық әдістердің 
қазіргі дидактикада белгіленген жіктелу тұрғы-
сынан негізделмеген. Оның орнына тілді оқыту 
әдістемесінде терминнің кең мағынасындағы тү-
сіндірілуін бекіткен жөн, яғни оқыту әдісі – 
оқытудағы тілді оқыту мақсаттарын, міндеттері 
мен мазмұнын жүзеге асыратын және оларға же-
ту жолдары мен тәсілдерін анықтайтын бағыт. 
Шет тілдерін оқыту тарихынан тілді оқыту-
дағы қоғамның қажетсінулеріне жауап ретінде 
пайда болған және қоғамның түрлі даму саты-
ларындағы ғылым мен техниканың даму дең-
гейін бейнелеген бірнеше ондаған әдістер мә-
лім. Осылайша, тілдің практикалық меңгеруіне 
деген қажетсіну тікелей әдістердің тууына, ал 
қоғамның қысқа уақытта тілді үйренуге деген 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет