Вестник серия «Филологические науки» основан в 2008 году выходит 4 раза в год астана 2015 2



Pdf көрінісі
бет29/33
Дата03.03.2017
өлшемі4,44 Mb.
#7426
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мұсабеков Б.Ұтымды термин ұтқыр тіл: Ана тілі, 2008- 4 б  
2. Омашұлы Д. Термин сөздер: Заң газеті, 2011 – 3б 
3.Жолдыбай О. Ана тілі, 2002 – 5б 
4. Исакова Д. Қазақ тілінде термин жасау қағидаттары; Алматы, ҚҰУ хабаршысы, 2007 – 92 - 97б 
4. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминографикасының өзекті мәселелері: Астана, Ақжол, 2004 – 31 б 
 
 
811.512.122’276 
Нұрқанова Жамал Талқанқызы 
ІС- ӘРЕКЕТТІК АНЫҚСЫЗ КӨПТІК ПЕН АНЫҚСЫЗ АЗДЫҚТЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
 
Аңдатпа 
 
Мақалада  заттың  анықсыздық  сандылығын  анықсыздық  сандылығын  анықтайтын 
немесе заттардың жиынтығын білдіретін функционалды-семантикалық өрісі басқа да тілдік 
категориялармен астастықта келетіні сөз болады. 
 
Тірек  сөздер:  созылыңқылық  категориясы,  әлемнің  тілдік  бейнесі,  функционалды-
семантикалық өріс, қаталама, іс-әрекет, дүркінділік. 
 
 
Аннотация  
 
В  данной  статье  рассматривается  проблема  обозначения  неопределенного 
количества  предметов  и  обозначения  функционально-семантического  поля  взаимодействия 
явлений в казахском языке. 
 
Ключевые  слова:  категория  длительности,  языковая  картина  мира,  семантическое 
поле.
 
 
 
Summary 
 
In this article the problem of notation indefinite number of objects and symbols functional-
semantic field interaction phenomena in the Kazakh language. 
 
Key words: Category duration, language picture of the world, the semantic field. 
 
 Заттың  анықсыз  сандылығын  анықтайтын  немесе  заттардың  жиынтығын  білдіретін 
функционалды –  семантикалық өрісі басқа да тілдік категориялармен астастықта келеді. Бұл, 
ең  алдымен,  «қимылдың  қайталануын  »  білдіретін  етістіктермен  білдірілетін  «қайталану, 
еселену  »  («кратность  »)  мағынасы.  Анықсыз  көптік  және  анықсыз  аздық  функционалды- 
семантикалық  өрісі  аспектуалдылық  категориясының  «тездетіп  қайталану  »,  «ізбе-із 
қайталану»,  «араға  уақыт  салып  қайталану  »  т.  б.  мағыналарымен  астасып  келеді.  Мысалы, 
Қаракең  ұзақ  түнге  кірпік  ілмей,  жиі-  жиі  күрсінумен  болды.  (Д.  Исабеков)  2.  Әсіресе,  күн 
батар  алдында  балықшы  жігіт  сыртқа  жиі-  жиі  шыға  отырып,  үйінің  бет  алдындағы  биік 
басынан әлденеше теңіз жаққа көз салды. (Ә. Нүрпейісов)- тездетіп қайталау; Ойын қызығына 
әбден  берілген  екі  қыз  допты  әрі  тепті,  бері  тепті.  (Б.Әлімжанов)-  ізбе-  із  қайталау;  Ұзын 
қамшысымен аттың бауырына анда- сандабір тартып  қап, оларға қосыла Бекет те әндетеді. 
(Д. Исабеков) 2. Қабағы түсіп кеткен, қалың ойда, тек Хасенге сескене, күмәндана анда- санда 
көз тастап қояды. (І. Есенберлин)- араға уақыт салып қайталау.  
 Анықсыз  көптік  және  анықсыз  аздық  функционалды-  семантикалық  өрісіне  қатысты 
екінші  бір  категория  –  «созылыңқылық  »  категориясы.  Мысалы,  Ол  көп  сөйлемейтін,  үнемі 
тұйық жүретін. (С.Бақбергенов); Апам ұзақ сөйлей алмай, үзіп- үзіп айтады (Д. Исабеков); 
Сағат  тынымсыз  сырт-  сырт,  сырт-  сырт  етеді...  (Д.Исабеков).  Бұл  сөйлемдердің 
алғашқысында адамның тұйық жүру қасиеті үнемі аз сөйлейтін құбылыс екендігі , екіншісінде 
сөйлеу  процесінің  анықсыз  аздықты,  демек,  ұзаққа  созылмағандығы  айтылса,  ал  үшінші 

 
 
212 
сөйлемде  тоқтаусыз  процесс,  тұрақты  созылыңқылық  ,  яғни  анықсыз  көптік  мағынасын 
білдіреді.  
 Анықсыз  көптік  және  анықсыз  аздық  функционалды-  семантикалық  өрісінің 
аспектуалділік  категориясымен  астастығын  былай  түсіндіруге  болады:  анықсыз  көптік  пен 
анықсыз  аздық  функционалды-  семантикалық  өрісі  сандылық  категориясының  (категория 
количества) субстантивтік аспекті болып табылса, созылыңқылық пен қайталауда оның етістік 
аспектісі жатады.  
 Анықсыз көптік және анықсыз аздық функционалды-семантикалық өрісі компаративтілік 
категориясымен,  оның  ішінде  қимыл-әрекеттің  жүзеге  асу  қарқындылығымен  (интенсивтілік) 
де,  сын  сапасымен  де  байланысты  болады.  Бұл  іс  әрекеттің  қарқындылығының  және  сындық 
сапаның  сандылық  (дәрежесі)сипатынан  шығады.  Мысалы,  Бірақ,  жеті-  сегіз  сары  ала,  әрбір 
үйдің  ығынан  құлшынып,  құтыра  шығып,  гүр-  гүр  етіп  кеп,  қоршап  алды.  (М.  Әуезов); 
Аяған  темекісін  үсті  -  үстіне  сорып,  көк  түтінді  құныға  жұтып,  қабағы  тыржиып  отырған 
келіншекке  ұрлана  көз  тастады.(  Б.  Мұқай);  Жалғыз  адамға  ой  қандай  үйір.  Оның  үстіне, 
арасына  айлап  –  жылдап  уақыт  түсе  қоймаған  күні  кешегі  қиындықтар  есіне  қайта-  қайта 
түседі. (Ш. Өтепов, Х. Әбдірашитов); Келтірілген мысалдарда іс- әрекеттің қарқындылығы гүр 
дыбыс еліктеуішінің қайталануы (гүр- гүр) арқылы және үсті- үстіне, қайта- қайта қимыл- сын 
үстеулері арқылы білдірілген.  
 Қимылдың  сандық  анықсыздылығын  білдіретін  қайталанудың  әмбебаптық  сипаты  бар. 
Қимылдың  сандық  анықсыздылығы  дегенде  оның  уақыт  бойында  азырақ  жасалуы  немесе 
бірнеше  қайталануы  ұғынылады.  Қайталанған  қимыл  саны  нақты,  белгілі\  белгісіз,  сондай-ақ 
үнемі  тұрақты  қайталанып  тұруы  да  мүмкін.  Өзара  оппозиция  құрайтын  қимылдың  бір  рет 
жасалуы  және  бірнеше  рет  жасалуы  және  бірнеше  қайталануы  тілде  түрлі  тәсілдер  арқылы 
беріледі.  
 Қайталанатын қимыл іс-әрекеттің уақыт бойында бірнеше рет жасалуын жалпы білдіреді 
және  оның  аясында  қайталанудың  аралық  интервалы  айқын  немесе  айқынсыз,  уақыт 
ағымында үздік- үздік жасалатын қайталану, сондай-ақ үздіксіз, үсті- үстіне жасалатын қимыл 
енеді. Соңғысын дүркінді қимылға жатқызамыз. Екеуіне  ортақ инвариант мағына- қимылдың 
бірнеше  мәрте  жасалуын  білдіру.  Ал  айырмашылығы  дүркінділікте  қимылдың  бірнеше  рет 
жасалуы  нақтырақ  көрінеді  де,  қайталану  жалпылама  көрінеді.  Сондай-ақ  дүркіндік  араға 
уақыт салмай, үздіксіз үсті- үстіне болатын қимылды білдірсе, қайталану жалпы іс- әрекеттің 
бір емес, бірнеше рет және араға уақыт салып қайталанған, аралық интервалы белгілі\ белгісіз 
болып келетін қимылды білдіреді.  
 Қайталану  және  дүркінділік  категорияларының  ортақ  инварианттық  мағыналары  іс-
әрекеттің бірнеше мәрте жасалуын білдіру болғандықтан, оларға қызмет ететін тілдік бірліктер 
бірдей  болып  келеді.  Бұл  екі  категорияны  сандық  дүркіндік  жағынан  сипатталатын  қимылды 
білдіретін  және  қайталану  мағынасын  беретін  сөздермен  семантикалық  байланысқа  түсе 
алатын  етістіктер  тобы;  дүркіндік  мағынаны  білдіріп,  сөйлемде  пысықтауыш  қызметін 
атқаратын  етістік  емес  сөздер  мен  сөздер  тобы;  сондай-ақ  қимылдың  қайталануын  тікелей 
немесе жанама түрде бере алатын грамматикалық құралдар құрайды. Іс- әрекет анықсыз көптік 
пен  анықсыз  аздық  функционалды-  семантикалық  өрісінің  жоғарыда  аталған  компоненттері 
өзара  байланыста  келіп,  біртұтас  бірлік  түзіп,  әрқайсысы  қайталану  немесе  дүркіндік 
мағынасын жасауға қатысып, өз үлесін қосады.  
 Қимылдың  қайталану  мағынасы  лексика-  семантикалық  құралдармен  беріледі.  Олардың 
қатары  әр  түрлі,  таза  лексикалық  қызметтегі  сөзбен  бірге,  түрлі  қолданыстағы  көмекшілер, 
амал- тәсілдер бар.  
 Етістіктердің  ішінде  қимылдың  жалпы  қайталануы  бойында  яғни  лексикалық 
мағынасында  қайталану  семасы  бар  қайталау  етістігі  арқылы  беріледі.  Мысалы,  Ісләм 
Ғазизаның  дәлелді  қылып  айтқан  шешен  сөздерін  естігенде,  бұған  деген  құмарлығы 
бұрынғысынан да артып, «мен сендікпін » деп, ішінен әлденеше рет қайталады. (М. Әуезов)  
 Бір  сан  есімі  сөйленім  бойында  әр  түрлі,  өзара  қарама-  қарсы  іс-  әрекетке  қатысты 
қайталанып  айтылғанда  дүркіндік,  анықсыз  көптік  мағынаны  береді:  Алдыңғы  күні  тойдан 

 
 
213 
қалған сарқыт, кешеден бері тамағымнан өтпей қойған біржапырақ сүр май мен қатып қалған 
бір тілім наным бар- оны қалтамнан бір шығарып, бір тығамын. (Т.Ахтанов) 
 Қайталану  мағынасы  шылау  сөздер  арқылы  да  беріледі.  Бірде,  біресе  жалғаулықтары 
арқылы кезектесіп, қайталанып отыратын амал- әрекет білдіріледі. Мысалы, Адам баласы бір 
терінің  ішінде  біресе  толып,  біресе  солады.  (Қ.  Жұмаділов);  Беті  буланған  қазанға  бір 
шынтағымен  сүйене  отырып,  бірде  дәмін  көрген,  бірде тұзын  байқаған  боп  сорпасын  шайып 
ішті. (Ә. Нұрпейісов ).  
 Қимылдың  тұрақты  түрде  емес,  анда-  санда  жасалуы  (БА)  немесе  жиі,  тұрақты  түрде 
жүйелі қайталануы (БК) үстеу сөздер арқылы да беріледі: 1. Оған күнде неше түрлі сұрақтар 
қойып,  күнде  бірнеше  сағат  бойы  жалықпай  тыңдаған.(Қ.  Жұмаділов);  2.  Атты  анда-санда 
шыбықпен бір ұрып қойып, арбаны айдап келе жатыр (Т.Ахтанов). 
 Дүркіндік мағына еліктеуіш сөздердің қайталанып қосарлануы арқылы беріледі. Мысалы, 
Барлық  жиын  жалғыз  төбені  дүрс-  дүрс  басып  Шыңғысқа  қарай  тартты.  (М.  Әуезов); 
Қимылдың қайталануы қанша, неше, әлденеше, бірнеше т.б есімдіктер арқылы және олардың 
рет,  мәрте,  дүркін  сөздерімен  тіркесіп  келуі  арқылы  беріледі.  Мысалы,  Бұл  сөз  өзіне  ұнап 
қалды білем Шәлтік «бұйырмасынды » бірнеше қайырды. (М. Әуезов); 2. Бетке шығып, ұзап 
кеткен  қойларды  Рекс  әлденеше  мәрте  тырқыратып  қуып  келді.  (Қ.  Жұмаділов);  Қимылдың 
қайталану нәтижесінде белгілі бір нәрсенің сипаты, қасиеті болып тұрақталудан пайда болған 
сын  есімдердің  бойында  дүркіндік  мәнді  білдіретін  реңк  болады.  Мұндай  сын  есімдердің 
қатарына  қашаған,  тебеген,  сүзеген,  қабаған  т.б.  сөздер  жатады:Қашаған  қара  бие  әдетінше 
бүгін тағы қашып, желінің басына жоламады. (Х. Есенжанов).  
 Қазақ  тілінде  қимылдың  өту  сипаты  категориясының  синтетикалық  көрсеткіштері 
қимылға қайталану үстейді. Төмендегі жұрнақтар осы мағына қызметінде жұмсалады: 
1)  -  ла//  -ле//  -да//  -де//  -та//  -те  қосымшасы  сөз  таптарының  белгілі  бір  лексика-
семантикалық  топтарына  жалғанғанда  ғана  дүркіндік  мағынаны  беретін  туынды  түбір 
етістіктер  жасайды:  Қазанғап  алдына  түсіп  түйелерді  езулеп  тартады,  ал  Едіге  болса 
сүйретпеде тұрып, арттан қамшылайды. (Ш. Айтматов) 
2)  –ла//  -ле//  -да//-де//-та//-те  қосымшасы  етістіктерге  талғап  жалғанады.  Бұл  қосымшаны 
қабылдайтын  етістіктер  қазақ  тілінде  көп  емес  және  олардың  бәрі  дүркіндік  мағынаны 
білдіретін сөздер болып табылады (тістелеу, сипалау, жұлқылау, тырналау, шұқылау, үңгілеу, 
сабалау, шымшылау т.б.); 
3)  –ла//-ле//-да//-де//-та//-те  қосымшасы  табиғат  құбылыстарын  көзбен  көру  нәтижесінде 
туған  бейнелеуіш  сөздерге  ғана  тікелей  жалғанып,  қимылдың  бірнеше  қайталану  мағынасын 
беретін  туынды  етістіктер  жасайды:  (Ахмет  бай  тойға  киген  сәнді  шапанын  шешкісі 
келмегендейүйіне бір кіріп, бір шығып көлбеңдеп жүр (Ә.Кекілбаев). 
4)  –ла//-ле//-да//-де//-та//-те  қосымшасы  түбір  және  қосарланған  одағайларға  тікелей 
жалғанып,  қимылдың  қайталану  мағынасын  беретін  туынды  етістіктер  жасайды:  аһла,  уһле, 
ойбайла,  ләббайла  т.б.  Мысалы,  Ойбайлап  жылап  жатқан  баласын  көріп,  шошынғаннан 
шешесі есінен танып қалыпты Ы.Алтынсарин). 
 Қазақ тілінде - қыла// - кіле// -ғыла// -гіле қосымшасы негізінен амал-әрекетті білдіретін 
етістіктің  лексика-семантикалық  тобына  жалғанып,  қимылдың  дүркін-дүркін,  араға  уақыт 
салмай  еселеніп  жасалғандығын  білдіреді.  Бірақ  амал-әрекет  етістіктерін  таңдап,  негізінен 
белгілі бір құралмен немесе бір нәрсенің көмегімен орындалатын қимылды білдіретін сабақты 
етістіктерге  жалғанады  (тартқылау,  сорғылау,  қаққылау,  піскілеу,  шапқылау,  тілгілеу, 
жұлғылау, мыжғылау,  тепкілеу, сүрткілеу,  ысқылау,  соққылау, атқылау, қазғылау,  түйгілеу, 
ұрғылау т.б.); Мысалы, Солдаттар тұрып қалған атты шу-шулемей, үнсіз ызамен екі өкпесін 
соққылап  жатыр  (Ә.Нұрпейісов);  Әбден  ашу-  ызаға  булыққан  бір  топ  партизандар  қолға 
түскен неміс офицерін жан- жақтан тепкілеп жатыр. (Ә. Шәріпов); 
 Қазақ  тілінде  дүркіндік  мағына  -  мала//  -меле//-  пала//  -  пеле  //-  бала//  -беле 
қосымшалары арқылы да беріледі. Бұл қосымша етістіктердің санаулы тобына ғана жалғанып, 
дүркіндік  мағына  береді  (тықпалау,  санамалау,  бастырмалау,  қақпалау,  жұлмалау  т.б.): 
Кешке  қарай  желдің  күшейгені  соншалық,  кешегі  жауған  қарды  қойны-  қоншыңа  тықпалай 
береді. (Ә. Шәріпов); 
 

 
 
214 
 Қимылдың қайталану мағынасы -атын// - етін// -йтын// - йтін тұлғалы өткен шақ есімше 
тұлғасының көрсеткішімен де беріледі. Бұл тұлға өткен шақта қайталанып, дағдыға айналған 
қимылды  білдіреді.  Мысалы,  Жартастан  бері  Сүйіндіктердің  қарсы  алдында,  қалың  жылқы 
ендеп жайылатын. (М. Әуезов)Сөйленімде узуалды мағынаны нақтылаушы құрал болуы да 
мүмкін:Тәңірберген,  әдетте,  күндізгі  қонағын  бәйбішесінің  үйінде  қабылдап,  кіші  әйеліне 
кешке жатарда ғана баратын (Ә.Нұрпейісов). 
 Қимылдың  қайталану  мағынасын  -ғышта//  -  гіште  жұрнағы  да  білдіреді.  Мұндағы  –
ғыш//-гіш  жұрнағы  етістіктен  сын  есім  тудыратын  қосымша  ретінде  саналады.  Дегенмен 
аталған – ғышта//-гіште жұрнағын сын есім тудырушы –ғыш//-гіш және етістік тудыратын – та 
//-те  қосымшасына  ажыратуға  келмейтін  тұстар  кездеседі.  Мысалы,  біздің  ойымызша, 
төмендегі  түйгіште,  тыққышта  сөздерін  түйгіш+те,  тыққыш+та  деп  бөлуге  болмайтын 
сияқты. Мысалы, Биік төбешіктің басында қадау ағаштай болып тұрған Иланшы Қадырхан еді, 
көз жетер жерді ұзақ шолғыштады (Д. Досжан). 
 Дүркіндік  мағына  көсемшенің  –ып//-іп//-п,  -а//-е//-й  тұлғасындағы  етістіктердің 
қайталануы арқылы беріледі: Осы хабардан кейін Іле қойнауындағы жоңғарлардың мына сегіз 
ауылына  қопарылакөтерілісті  (І.  Есенберлин);  Көре-  көре  көсем  боласың,  сөйлей-сөйлей 
шешен боласың (Мақал); 
 Ортақ  етістің  –с//-ыс//-іс  жұрнағы,  яни  екі  немесе  одан  көп  адамның  қандай  да  бір  іс-
әрекетті  бірлесіп  істеуі  көптік  категориясына  қатысы  бар  деуге  болады.Мысалы,  Осы  жылы 
Москваға,  басқа  да  қалаларға  да  ғылымның  сан-саласындағы  білімпаздар  неше  жиналып, 
шешуін күтіп тұрған өз проблемаларын сөз етісті (Қазақ әдебиеті); 
 Бұл  қосымшаның  көптік  мағынасы  әсіресе  іс-әрекеттің  субъектілері  көптік  тұлғада 
тұрғанда  айқын  аңғарылыды.  Мысалы,  Мектеп  оқушылары  колхозшыларға  егін  егісті  (Жас 
Алаш); 
 Іс-әрекеттің қайталану, дүркіндік мағынасы түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде 
көбінесе  аналитикалық  форманттар  арқылы  да  білдіріледі.  Ғалым  А.Ысқақов  еңбегінде  іс-
әрекеттің  бір  рет  жасалуын  қайталануын,  дүркінділігін,  яғни  көп  жасалуын  білдіретін 
аналитикалық  форманттардың  мән-мағынасын  кеңінен  ашып  көрсетіп,  оларды  былайша 
жіктейді:  
-п сал- жетекші етістікке амалдың бірден именбей, жасқанбай істелетінін білдіретін реңк 
үстейді (айтып салды, ақырып салды т.б.) – бір рет жасалатын іс-әрекет; 
-п таста- жетекші етістікке амалды құлшына, жігерлене мүдірмей тез істеуді білдіретіндей 
реңк жамайды (жазып таста, сыпырып таста т.б.) – бір рет жасалатын іс-әрекет; 
-п түс- жетекші етістікке амалды шұғыл орындау реңкін жамайды (секіріп түсті, ыршып 
түсті т.б.)- бір рет жасалатын іс-әрекет;  
-п кеп түс- жетекші етістікке амалды әрі кенет, әрі өте шұғыл істеу реңкін күшейтіңкіреп 
түсуді білдіреді (ыршып кеп түсті т.б.) –бір рет жасалатын іс-әрекет;  
-п  жүр  –  жетекші  етістікке  амалдың  жол-  жөнекей,  немқұрайды  түрде  орындау  немесе 
қайталап жүзеге асыра берумағынасын үстейді (айта жүр, біле жүр т.б.)- бірнеше рет немесе 
ауық-ауық жасалатын іс-әрекет; 
-п  отыр-  жетекші  етістікке  амалдың  үздіксіз  я  үздік-создық,  жалпы  алғанда,  созалаңдап, 
ұзақ болатынын немесе жалғаса беретінін аңғартын мағына қосады (айтып отыр, оқып отыр 
т.б.) – бірнеше рет немесе ауық-ауық жасалатын іс-әрекет;  
-п  жатыр  –  жетекші  етістікке  амалды  белгілі  бір  жерде  тоқталмай,  үздіксіз,  үнемі,  ұзақ 
жүре  я  жүргізіле  беретініннемесе  заттың  дағдылы  күйін  білдіретін  мағына  үстейді  (айтып 
жатыр,  көмек  көрсетіліп  жатыр  т.б.)  бірнеше  рет  немесе  үздіксіз  жасалатын  іс-әрекет 
[1,254б].  
 Ы. Маманов бір рет қана жасалатын қимылдың 4 түрлі аналитикалық жолмен жасалуын 
көрсеткен: 1) –а, -е, -й қой (тез); 2) –а, -е, -й- қал (кенеттен, тездік, шапшаңдық);3) –а, -е, -й сал 
(немқұрайды, қалай болса солай жасалғанын білдіреді: (отыра кетті, қисая кетсейші т.б); [2, 
82б.]Жоғарыдағы еңбектерде көрсетілген аналитикалық форманттардың мағынасында әр түрлі 
семалар  болғанымен  (аспектуальділік,  модальділік,  эмоциялық  т.б.)  олар  қимылдың  бір  рет 
немесе  одан  көп  (қайталану,  дүркінділік)  жасалуын  білдіріп  тұрады.  Осы  ерекшелікті  ескере 

 
 
215 
отырып, іс-әрекеттің жасалу анықсыз көптік және анықсыз аздығын 1) бір рет және 2) екі  не 
одан көп жасалу деп  бөлдік: 1) бір рет жасалатын іс-әрекет (ұрдым, теуіп жіберді, бұрқ ете 
қалды,  айтып  салды,  жазып  тастады,  секіріп  түсті,  ыршып  кеп  түсті,  сүйкей  салды,  от 
ыра кетті т.б.); 2) екі не одан көп, яғни қайталанатын, дүркінді іс-әрекет (ұрғыладым, теуіп-
теуіп жіберді, бұрқырады, айтып отыр,көмектесіп жатыр т.б.).  
 Қимылдың  қайталануы  синтаксистік  тіркестер  арқылы  да  беріледі.  Мысалы,Әрбір 
бейсенбі күні молда-екең балаларды қаз-қатар жатқызып қойып дүре соғады (Ғ.Мүсірепов).  
 Қимылдың  қайталануы  мәндес,  ұштас,  мағыналас  немесе  керісінше  антонимдес 
сыңарлары  етістіктердің  қосарланып  келуі  арқылы  да  білдіріледі.  Мысалы,  ұрып-соғу,  азып-
тозу, терлеп-тепшу, кесіп-пішу, жуынып-тарану, ойнап-күлу, ашып-жұму, кіріп-шығу т.б.  
 Іс- әрекетке тән анықсыз көптік және анықсыз аздық функционалды- семантикалық өрісі 
анықсыз  көптік  және  анықсыз  аздық  семантикалық  категориясына  негізделетін  және  тіл 
деңгейлерінің әр түрлі құралдары, солардың өзара әрекеттестігі арқылы білдірілетін тұтастық 
болып табылады.  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі – Алматы, 1991.254-262 б.  

Маманов И.Е. Вспомагательные глаголы в казахском языке.-Алматы, 1949.-182б.  

Маманов Ы. Қазақ тіліндегі көптік форма //«Қазақ тілі мен әдебиеті». -1973. 2- шығуы. 
-31-36 б.  

А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. Алматы: Ана тілі, 1992.399 б.  

Аққошқаров Е. Байырғы өлшемдерді білесің бе? // Білім және еңбек. -1973,№2 (156). -
117б . 
 
 
ӘОЖ 81.373.611.512. 
Мауленова Гүлмира Жандарбекқызы 
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАЗБА ЖҰМЫСЫН 
ЖАЗУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 
 
 
Аңдатпа 
 
Бұл  мәтінде  модульдік  оқыту  жүйесі  бойынша  қазақ  тілі  пәнінен  жазба 
жұмыстарын жазуға дағдыландырудың әдістері қарастырылады. Студенттерге мәтіндерді 
меңгерту,  жазба  жұмысына  қажетті  нақты  ақпараттарды  жинақтау  және  оны  дұрыс 
қолдану жайлы сөз болады. 
 
Тірек  сөздер:  оқыту  технологиясы,  модульдік  оқыту,  жазбаша  жұмыстар, 
студенттің танымдық қызметі 
 
 
Аннотация 
 
В  данной  статье  рассматриваются  методы  обучения  письменным  навыкам  по 
казахскому языку в рамках модульной системы, обучение студентов усвоению текстов, сбору 
и  систематизации  необходимого  материала  с  дальнейшим  использованием  в  письменных 
работах. 
 
Ключевые  слова:  технология  обучения,  модульное  образование,  письменные  работы, 
познавательная деятельность студента 
 
 
Summary 
 
The present article studies the methods of teaching written skills in Kazakh language in the 
framework  of  module  system,  teachingstudents  to  acquire  the  texts,  collect  and  systematize  the 
necessary material with its further usage in written works according to the context.  
 
Key words: technology of educating, module education,  writing  works, cognitive activity of 
student 
 

 
 
216 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заныңда  оқыту  формасын,  әдістерін, 
технологиялар таңдауда көп нұсқаулық қағидасы бекітілген, осы орайда оқытушылардың өзіне 
оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық  процесті  кез-келген  үлгімен,  тіпті  авторлық 
үлгімен құруға мүмкіндік береді.  
 Оқытуда  қандай  да  бір  әдіс-тәсілді  қолданбасын,  оқытушының  басты  мақсаты  жаңа 
тақырыпты  меңгерте  отырып,  студенттің  ойлау  қабілетін  арттыру,  ойын  жүйелі  түрде  дұрыс 
жеткізіп, өздігінен кез келген сұрақ пен мәселені шеше алуға дағдыландыру, білім алу арқылы 
тұлға ретінде қалыптастырып, дамыту. 
 Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындарында  білім  беруде  түрлі 
жаңа  технологиялар  қолданылуда.  Соның  бірі  –  модульдік  жүйе.  Ал,  модуль  дегеніміз  –  бір 
жүйенің дербес бөлігі.  
 
Оқытушы  бір  оқу  модуліне  бөлінетін  сағат  санын  анықтап  алып,  оның  мақсатын, 
мазмұнын  және  нәтижелерін,  сондай-ақ  осы  модуль  сабақтарын  ұйымдастырудың  формасын 
ойластырып,  оқу  модулін  құрайды.  Бір  модульді  оқыту  барысында  модуль  тақырыбына 
байланысты сағаттар бірнеше тақырыпшаларға бөлінуі мүмкін.  
 
Модульдік  оқыту  технологиясы  студент  тұлғасының  танымдық  қабілеттерін  дамыту, 
студенттің  танымдық  поцестерін  дамыту,  оқуға  қызығушылығын  арттыру,  белсенді  сөздік 
қорын,  ауызша  және  жазбаша  тілін  дамыту,  тұлғаны  қиындықтарға  даярлау,  шығармашылық 
айналысуға жағдай жасау сияқты мақсаттарды көздейді.  
 
Біз  қарастыратын модуль  қазақ  тілі,  экология,  өмір  және  тіршілік  қауіпсіздігі  пәндері 
бойынша  алған  білімдерін  байланыстыра  отырып,  студенттердің  жазба  тілдерін  дамыту,  яғни 
жазба  жұмысын  жазу  барысында  өздерінің  ойларын  қағаз  бетіне  дұрыс,  логикалы,  қатесіз 
түсіре білуге дағдыландыру.  
 
Қазақтың  ағартушы  ғалымы  А.Байтұрсынов  «Біздің  заманымыз  –  жазу  заманы. 
Жазумен сөйлеу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге 
болмайды,  жазумен  дүниенің  бір  шетіндегі  адам  екінші  шетіндегі  адаммен  сөйлеседі. 
Сондықтан сөйлей білу қандай қажет болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде 
сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін солай 
келтіріп жаза білу қажет» - деп, жазба тілін меңгерудің адам үшін қаншалықты маңызды екенін 
айтқан болса, жазу тілі жайында Ғ.Мүсірепов: «Жазба сөз бірөңкей әскер легі емес, қой-сиыры 
аралас шұбалған көш те емес, теңіз толқыны да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді бере алатын 
тіл  байлығы.  Бұл  байлықты  қалай  болса  солай  пайдалану  болашақ  үшін  қиянат»  деген  пікір 
айтқан. 
 
Жазба жұмысына кіріспестен  бұрын, алдымен, студенттердің тақырыпты  түсініп, осы 
тақырыпқа  қатысты  сөздік  қорларын  мейлінше  толықтырып,  тақырып  жайлы  барлық 
мәтіндерді толық меңгеріп алуына жағдай жасау керек.  
 
Модульдік оқыту жүйесі кіріспеден, негізгі бөлімінен (сөйлесу, жазу) және қорытынды 
бөлімнен  тұратыны  белгілі.  Кіріспе  бөлімінде  оқытушы  студенттерді  оқу  модулінің  жалпы 
құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен  таныстырады,  студент  өтілетін  сабақтың  мақсат-
міндетін қаншалықты терең ұғынса, тақырыпты соншалықты терең меңгеретіндігі айқын. Сол 
себепті  оқытушы  оқу  модулінің  кіріспе  бөлімінде  сабақтың  тақырыбын  және  мақсат-міндетін 
толық  түсіндіруге  бір  сағат,  қорытынды  бөлімге  бір  сағат  бөледі.  Қалған  сағаттарды  сөйлеп 
үйренуге,  дұрыс  жазуға  дағдылануға  арнайды.  Сөйлесу  және  жазу  бөлімінде  студент  «өсу» 
бағытымен:  қарапайымнан  күрделіге,  репродуктивтік  тапсырмалардан  шығармашылық 
сипаттағы  тапсырмаларды  орындайды.  Мұндай  оқыту  әдісі  студенттің  тақырыпты  терең 
меңгеруіне  ықпалын  тигізеді,  оқу  материалымен  жұмыс  істеу  арқылы  студент  өзінің  ойлау 
және  есте  сақтау  қабілетін  арттырады,  ойлауы  мен  сөйлеу,  жазу  тілдерін  дамытады.  Міне, 
осыдан кейін тақырыпқа байланысты өтілген барлық материалдар негізінде жазба жұмыстарын 
(эссе,  шығарма,  т.б.)  жазуға  кірісеміз.  Нақтырақ  айтсақ,  студент  «Дені сау адам – іргесі берік 
мемлекеттің  негізі»  тақырыбына  эссе  жазуы  тиіс.  Ал  студенттер  жазба  жұмысына  кіріспес 
бұрын бірнеше даярлық сатыларынан өтеді. Алдымен жоспар құрылады, содан соң осы жоспар 
бойынша  әрбір  студент  өз  ойларын  дұрыс  жеткізулері  шарт.  Эссе  болсын,  басқа  да  жазба 
жұмыстары болсын, студент айтайын деген ойын нақты фактілермен, аргументтермен дәлелдеп 

 
 
217 
жеткізуі  керек.  Осы  кезде  оқытушы  жазба  жұмысының  жалаң  болмай,  талапқа  сай  жазылуын 
жіті бақылауы қажет. 
 
Жоғарыда  айтып  өткендей,  біріншіден,  осы  модульді  оқу  барысында  экология  мен 
өмір  және  тіршілік  қауіпсіздігі  пәндерінен  алған  білімдерін  ұштастыра  отырып,  қазақ  тілінде 
ойын  жинақтап,  логикалы  түрде  жеткізе  білу,  қатесіз,  сауатты  түрде  жазуға  дағдылану  басты 
мақсат екендігі түсіндіріледі.  
 
Екінші  бөлімі  студенттің  танымдық  қызметін  арттыруға  бағытталады.  Олардың 
тақырып  жайлы  тың  деректерлерді  меңгеріп,  жазба  жұмысына  қажетті  материалдарды 
жинауына жол көрсетіледі.  
 
Белгілі  бір  тақырыпқа  эссе  немесе  шығарма  сияқты  жұмыстарды  жазу  үшін 
студенттерге осы тақырып жайлы бірнеше мәтіндер ұсынамыз. Студенттер осы мәтіндерді оқи 
отырып,  жазба  жұмысына  пайдаланатын  нақты  мәліметтер  мен  ақпараттарды  өздері  таңдап, 
жазып  алып  отырады.  Мұндай  мәтіндерді  ұсына  отырып,  студенттерге  белгілі  бір  тақырыпқа 
қалай жоспар құрып, нақты деректерлер мен ақпарларды өз ойымен ұштастыра отырып қалай 
пайдалану керектігін үйретуге болады. 
Жоғарыда  берілген  тақырыпқа  оралатын  болсақ  («Дені  сау  адам  –  іргесі  берік  мемлекеттің 
негізі»), денсаулықтың маңызы, оның жалпы қоғамдағы орны, еліміздің іргесінің берік болуы 
қоғамның саулығымен байланысты екендігі баяндалатын бірнеше мәтін береміз. Бірінші мәтін 
«Денсаулық – зор байлық» тақырыбында болуы мүмкін. Мысалы: «Денсаулық – табиғаттың ең 
қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле 
бермейміз.  Аздап  ауырсақ,  өзіміз  білетін  дәрі-дәрмектерді  ішіп  жазылып  кетуге  тырысамыз. 
Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.  
 
Ол  үшін  не  істеу  керек?  Ең  алдымен,  спиртті  ішімдіктер  мен  темекі  шегудің  зиянын 
білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар 
мен  қарттарға  темекі  тартуға  болмайды.  Бұл  заттар  -  қатерлі  ісіктің  пайда  болуына  тікелей 
себеп  болады.  Ішімдікке  салынып  кетуге  болмайды.  Ішімдікті  жақсы  көретін  адамнан 
бақытсыздықтан  басқа  ештеңе  күтуге  болмайды.  Лев  Толстой:  «Спиртті  ішімдік  адамның 
денсаулығын  құртады,  ең  қорқыныштысы  –  адамның  рухы  мен  ұрпағын  жояды»,  –  деген 
болатын.  
 
Денсаулық  сақтаудың  алдын  алуға  болады.  Ол  үшін  дұрыс  тамақтануға,  уақытында 
демалуға,  дене  шынықтырумен  айналысуға  көп  көңіл  бөлу  қажет.  Әсіресе  жасы  ұлғайған 
адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Майлы тамақтардан бауыр, өт және асқазан 
аурулары  пайда  болады.  Оның  орнына  сүт,  көкөніс  тамақтарын  пайдаланған  дұрыс.  Сүт 
өнімдері  мен  көкөністерде  ақуыз,  кальций,  темір  сияқты  адам  ағзасына  пайдалы  дәрумендер 
көп.  Денсаулық  сақтауда  дұрыс  тамақтаудың  маңызы  зор.  Ал  спортпен  айналысу  – 
денсаулықты  жақсартады.  Спорттың  ең  қарапайым  түрі  –  жүгіру.  Күн  сайын  таңертең  үйдің 
маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Жүргірумен айналысқан адамның тыныс 
алу  жолдары  ашылып,  өкпе  ауруларына  шалдықпайды.  Сондай-ақ  ағзадағы  қан  айналымы 
күшейіп,  жүрек  соғысы  бір  қалыпқа  түсе  бастайды.  «Шынықсаң  шымыр  боласың»  дегендей, 
бұлшық еттері қатайып, денесі шымырланады. 
 
Егер  жүгіруге  дәрігер  рұқсат  етпесе,  таңғы  таза  ауада  серуендеуге  болады.  Әр  түрлі 
жаттығулар  жасауға  болады».  Енді  екінші  мәтінді  ұсынамыз.  «Денсаулық,  ғалымдардың 
зерттеуі  бойынша,  алты  аспектіден  тұрады:  1)  физикалық  денсаулық;  2)  психикалық  және 
интеллектуалды  денсаулық;  3)  жеке;  4)  рухани  денсаулық;  5)  эмоционалды  денсаулық;  6) 
әлеуметтік денсаулық. Физикалық денсаулық – біздің денеміздің аурулары жоқ, ол - жаттыққан 
немесе  шыныққан  дене.  Психикалық  және  интеллектуалды  денсаулық  –  бұл  адамның 
психикалық  ауруының  және  оның  ақылында  кемшіліктің  болмауы.  Жеке  денсаулық  -  бұл 
адамның  өзін-өзі  адам  ретінде  сезінуі,  талпынысы,  өзін  көрсетуі,  жетістігі,  негізгі 
құндылықтары.  Егер  адамның  өзін-өзі  танытуы  қоғамға  қарсы  келмесе,  осыдан  барып  нақты 
адамның  жеке  денсаулығы  сипатталады.  Рухани  денсаулық,  бұл  –  мораль,  тәртіп  және  басқа 
біреудің  әрекетін  қабылдау  этикасы,  мейірімділік  пен  қайырымдылық,  әсемдікті  қабылдау 
этикасы.  Эмоционалды  денсаулық,  бұл  –  өз  сезімдерін  түсіну  және  бақылау,  қандай  жағдай 
болмасын өзін ұстай алу, сезімін түсінікті түрде шығара білу. Әлеуметтік денсаулық, бұл – ең 

 
 
218 
алдымен,  өзін  қоғамның  бір  бөлшегі  ретінде  сезіну,  қоғамда  және  қоғам  өмірінде  өз 
жетістіктерін  сезіну  (яғни,  оның  жұмыс  істеуі,  шеберлігі  мен  тәртібі)».  Үшінші  мәтін: 
«Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының 40 %- ы 
экологияға,  40  %-ы  өзінің  өмір  сүру  дағдысына,  18-20  %-ы  дәрігерлік-медициналық  көмекке 
тәуелді екен. 
 
Адамдардың  өз  денсаулығын  дұрыс  күтпеуінен  және  қоршаған  ортаның  ластануынан 
науқастар саны жылдан-жылға өсіп отыр.  
Бұған  ресми  деректерге  жүгініп  көз  жеткізе  аламыз.  Ауруханаларда  өлген  адам  саны  1984  -
1991 жылдар аралығында әрбір 10000 аурудан 50-ден болса, 1991-1994 жылдары олардың саны 
410-ға  өскен.  Қатерлі  ісіктермен  ауыратын  адамдардың  саны  1970  жылғы  деңгейден  қазіргі 
кезде 22 пайызға көтерілген. Өкпе құрт (туберкулез) ауруы соңғы жылдары үдеген. Әсіресе жас 
босанған әйелдер арасында 3-5 есеге өскен. 
 
Әйелдердің жалпы денсаулық көрсеткіші орта есеппен 30 пайыз, әрбір екіншісі қанның 
аздығымен  (анемиямен),  әрбір  алтыншысы  бүйрек  ауруымен  ауырады.  Жыл  сайын  200 
келіншек  босану  үстінде  жан  тапсырған.Бала  түсіруден  жылына  40  келіншек  өлген.  Балалар 
ауруының жалпы саны 5 миллионнан асьш кеткен. Ал 1993 жылы туған әр 1000 баланың 28-і 
шетінеген».  
 
Оқытушының  мақсаты  студенттерге  нақты  деректер  жинап,  өзінің  жазба  жұмысында 
(эсседе,  шығармада)  түрлі  ақпараттарды  қолдануды  үйрету,  сондықтан  үш  мәтіннен  тың 
мәліметтерді  дәптерге  теріп  жазу  бірінші  тапсырма  ретінде  беріледі.  Студент  төмендегі 
мәліметтерді  өзіне  жазып  алуы  мүмкін:  денсаулық  –  табиғаттың  ең  қымбат  сыйы;  темекі 
түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар; бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына 
тікелей  себеп  болады;  Лев  Толстой:  «Спиртті  ішімдік  адамның  денсаулығын  құртады,  ең 
қорқыныштысы – адамның рухы мен ұрпағын жояды», – деген болатын; Денсаулық сақтаудың 
алдын  алуға  болады.  Ол  үшін  дұрыс  тамақтануға,  уақытында  демалуға,  дене  шынықтырумен 
айналысуға көп көңіл бөлу қажет; майлы тамақтардан бауыр, өт және асқазан аурулары пайда 
болады;  сүт  өнімдері  мен  көкөністерде  ақуыз,  кальций,  темір  сияқты  адам  ағзасына  пайдалы 
дәрумендер  көп;  жүргірумен  айналысқан  адамның  тыныс  алу  жолдары  ашылып,  өкпе 
ауруларына  шалдықпайды;  сондай-ақ  ағзадағы  қан  айналымы  күшейіп,  жүрек  соғысы  бір 
қалыпқа  түсе  бастайды.  «Шынықсаң  шымыр  боласың»  дегендей,  бұлшық  еттері  қатайып, 
денесі  шымырланады...  Денсаулық,  ғалымдардың  зерттеуі  бойынша,  алты  аспектіден  тұрады: 
1)  физикалық  денсаулық;  2)  психикалық  және  интеллектуалды  денсаулық;  3)  жеке;  4)  рухани 
денсаулық;  5)  эмоционалды  денсаулық;  6)  әлеуметтік  денсаулық;  дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау  ұйымының  мәліметі  бойынша  адам  денсаулығының  40  %-  ы  экологияға,  40%-ы  өзінің 
өмір  сүру  дағдысына,  18-20  %-ы  дәрігерлік-медициналық  көмекке  тәуелді  екен;  ресми 
деректерге  жүгінсек,  ауруханаларда  өлген  адам  саны  1984  -1991  жылдар  аралығында  әрбір 
10000  аурудан  50-ден  болса,  1991-1994  жылдары  олардың  саны  410-ға  өскен;  Қатерлі 
ісіктермен  ауыратын  адамдардың  саны  1970  жылғы  деңгейден  қазіргі  кезде  22  пайызға 
көтерілген.  Өкпе  құрт  (туберкулез)  ауруы  соңғы  жылдары  үдеген.  Әсіресе  жас  босанған 
әйелдер  арасында  3-5  есеге  өскен.  Әйелдердің  жалпы  денсаулық  көрсеткіші  орта  есеппен  30 
пайыз,  әрбір  екіншісі  қанның  аздығымен  (анемиямен),  әрбір  алтыншысы  бүйрек  ауруымен 
ауырады. Жыл сайын 200 келіншек босану үстінде жан тапсырған. Бала түсіруден жылына 40 
келіншек  өлген.  Балалар  ауруының  жалпы  саны  5  миллионнан  асьш  кеткен.  Ал  1993  жылы 
туған әр 1000 баланың 28-і шетінеген және тағы басқа.  
 
Студенттерге  денсаулыққа,  денсаулық  сақтауға  байланысты  мақал-мәтелдер  мен 
қанатты  сөздердің  мағынасын  талдауға  беру  арқылы  да  оларды  қолдана  алудағы  түсініктері 
мен  біліктерін,  дағдыларын  қалыптастыруға  болады.  Мысалы  «Денсаулық  –  зор  байлық», 
«Дені  саудың  жаны  сау»,  «Спорт  –  денсаулық  кепілі»,  «Тазалық  –  саулық  негізі,  саулық  – 
байлық  негізі»,  тағы  сол  сияқты  мақал-мәтелдерді  жазбаша  түрде  талдату,  яғни  мағынасын 
жазбаша  түрде  ашу,  сондай-ақ  сөйлем  ішінде  мақалды  қолданғанда  қойылатын  тыныс 
белгілермен  таныстыру  арқылы  да  білім  алушылардың  ой-өрісін  дамытуға,  дұрыс  жазуға 
үйретуге болады. 

 
 
219 
 
Міне  осыдан  кейін  жазба  жұмысын  жазу  кезінде  студент  осы  ақпарлар  мен 
мәліметтерді  өз  ойын  дәлелдеу  үшін  қолдануды  үйреніп,  мақал-мәтелдер  мен  ойшылдардың 
қанатты  сөздерін,  нақыл  сөздерді  пайдалануды  дағдысына  айналдырса,  оның  жазған  жұмысы 
оқытушы күткен нәтижені берері сөзсіз. 
 
Қорытынды  бөлімде  оқу  модулі  тақырыбынан  алынған  білім  жинақталып,  талданып, 
сараланады.  Студенттердің  алдыңғы  бөлімдегі  танымдық  қызметі  барысында  қалыптасқан 
білімдері мен дағдыларын тексеріп, бақылай отырып тиісті бағаларын беру, яғни әділ бағалау 
осы қорытынды бөлімде жүзеге асырылады. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  студенттің  белсенді  оқу  қызметінің  артуына  ықпал  етіп,  өз 
әрекетін өзі талдай білуге және бақылай білуге дағдыландырады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет