Ветеринария факультеті


Құстың ішек-қарынын ақтару



бет111/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

Құстың ішек-қарынын ақтару. Құсты ішкі мүшелерінен ажырату толық немесе жартылай түрде жүргізілуі мүмкін. Құстың ішкі мүшелерінен толық тазарту барысында, оның басы екінші мойын омыртқа тұсынан, ал сирақтары толарсақ буынынан, қанаты шынтақ буынынан кесіледі. Ал, ішек-қарынын алу үшін, көк ет арқылы артқы тесіктен (көтеншек) төс сүйектің басына дейін тілінеді. Сонан соң, көтеншекті айналдыра кесіп суырады да, құс ұшасының ішінен ішек-қарын, бауыр етімен, жүрек, көк бауыр бәрі бірге сыртқа шығарылып, ұшада салбыратып қалдырылады. Жемсауын, кеңірдегін, өңешін шығару үшін мойынның төменгі жағының терісін ұзыннан тіліп, суырып алады. Өкпе, бүйрек вакуумды қоңдырғылардың көмегімен алынады немесе ұшада қалдырады. Осылай толық тазалау жүргізгенде ветеринарлық сараптау жұмысы жеңілдейді және барлық мүшелерді тексеру мүмкіндігі туады. Құстың ішек-қарынын жартылай ақтару әдісі бойынша өңделгенде, оның тек қана ішегі және көтеншегі алынады. Бұлай өңдеу кезінде ветеринардың жұмысы қиындайды, ұшаның тазалығы төмен болады.

Ветеринариялық санитариялық сараптау арнаулы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сарапшының жұмыс орны жарық, жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Құстың ішек-қарынын ақтару науаның үстінде жүргізіледі. Өкпе-бауыр, қарын, мойын ветеринарлық тексеруден өткеннен кейін, 10 мин салқын суда (2-4°С) тазартылып, салқындатылып, бөлінгеннен кейін целлофан қалталарға салып, салқындатылған құс ұшасының ішіне салуға жіберіледі немесе бөлек сорпалық жиынтық ретінде шығарылады. Ал, құстың денесі 4°С дейін салқындатылып, сорттауға жіберіледі. Салқындатылған ұша қоңдылығына және өндеудің тазалығына қарай бірінші, екінші санатқа бөлінеді. Таңбалау электр таңбалаушы құралдың көмегімен немесе қағаз жарнама жапсыру арқылы жүргізіледі. Таңбалаған ұшаны бүтін қүйінде немесе арнаулы орауыштарға орап, жәшікке салып, мұздатуға жібереді. Малдәрігерлік тексеруден өткен құс ұшасы өндіріс орындарынан суытылған, салқындатылған немесе мұздатылған түрінде шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет