«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»


Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары



бет8/9
Дата11.10.2024
өлшемі82,41 Kb.
#147631
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау ж-emirsaba.org

Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары
Малшылардың денсаулығын қорғау
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғаюқы, жүмыс орнындағы кезеңді нүсқауларды беруі тиіс.Алғашқы нұсқаумен барлық жүмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру. Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нүсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жүмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.
Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына үшырайды. Малшылардың еңбегі бүлшық ет күшін қажет ететін физикалық жүмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматгандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңці жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бакериялармен ластануы, бұлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклимат сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Мал шаруашылығындағы жүмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім -бұлжұмысшылардыфизикалық,химиялықжәне биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шүлықтар жатады.Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитариялық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіңдігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақтаматадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жүғу қаупі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет