Айғырды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитарлық- гигинелық талаптар Айғыр— қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өндеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, айғыры жемшепті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азық-тануға ұзағырақ уақыт жұмсайды.Жұтылған азық қарынға сүйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді. Егерде қарынға енген азық қоректік затгарының жедел түрде ашуы-нан (брожение) көп көлемде ішек газдары пайда болса, олар қарын аума-ғын керіп жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, өңеш арқылы кері ауыз қуысына кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған айғыр қарны кернеп, қатты түйнеуінен (колики) ол тіпті өліп кетуі мүмкін. Айғырдың желінетін жемшөп пен суарылар судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен қарайтыны осындай морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Эволюция бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында айғыр бұлінген сапасыз жемшөпті жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар.
Қарын сөлі ферменттерінің өсерімен қорытыла бастаған азық қоректік заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі айналмалы (ободочная) тоқ және аумақты (сыйым-дылығы 20-70 л) соқыр ішегінде микробиологиялық өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде химус микробтық аминқышқылдары жөне витаминдерімен байытыла . Айғыр ішегі күйісті малдікінен 2-2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ ететін химус қоректік заттары қысқа мерзімде қорытылып үлғеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы ауырлап, азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық қуаттылығы арттырылып, желінген азық қүрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Айғыр астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша жаратпайды. Айғырдың сүйікті азығы сүлы дәні. Оны айғырға шектемей жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді. Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, үлғайып, ішті кешіру қаупін тудыратын қара бидай дәнін тек үнтақтап, туралған сабанмен араластырып жегізуге болады. Айғырдың ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі.4-5 л жылы суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан кесіңцісін бұркіп, айғырдың ас қорытуының бұзылуынан туындайтын «өлі тиюін» (колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді.
Айғырдың, әсіресе, қара жүмыс атқаратын аттардың азықтандыр-уын атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық қара жүмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен мерзіміне тәуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен ез денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған (мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға (сила тяги) жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бұкіл энергия шығынының 1/3 бөлігі, яғни 25-30% жұмсалады.
Айғырдың, әсіресе, қара жүмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау қажет. Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, алдымен ірі жемшоптің бір белігін беріп терін бастырғаннан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы, тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес азықтандырады. Сонымен қатар айғыр түқымдарының зат алма-суындағы барысы едәуір ерекшеленетінін ескеру қажет. Мысалы, жеңіл
жүрісп мініс тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардыкімен салыстырғанда 100 кг тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% темен болады.
Айғырдыңзат алмасуына атқаратын жүмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жүмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуатгылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыртүйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп, атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, өлардың келіктік жөне мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.