Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады.Ол металдармен де, бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі. Металдармен жоғары температурда әрекеттесіп, сульфидтер түзеді. Күкірт жай заттармен әрекеттеседі Күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады) 2Al+3S=Al2S3; Zn+S=ZnS; S+H2=H2S
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ
Күкірттің табиғи қосылыстары Балқаш , Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер ( ZnS , PbS , FeS2, т.б. ) күйінде болса , сульфаттары ( CaSO4 + 2H20 - ғаныш ( гипс ) , Na2SO4 • 10H20 - мирабилит , FeSO4 • 7H20 - темір купоросы ) т . б . болады . Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі . Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады . Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды . Ондай күкіртті вулканмен байланысты арасан көздерден ( фумаролдардан ) , тау жыныстарының жарықтарынан , қуыстарынан кездестіруге болады. Сульфид минералдардың тотығуынан пайда болатын күкірт кендері көбінесе сульфид кендерінің үстіңгі қабатында болады . Бұл жағдайда пайда болатын күкірттің реакциясын мынадай түрде көрсетейік . RS + Fe2 ( SO4 ) 3 = 2FeSO4 + RSO4 + S