Мендельдің екінші заңы
Бұршақтың сары және жасыл түсті тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған 1-ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл түсті тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни 1-будан ұрпақта көрінбеген белгілер (жасыл түс) 2-ұрпақта көрінеді. Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екінші заңы немесе белгілердің ажырау заңы деп аталады
Г.Мендельдің қолданған әдісі- гибридолгиялық әдіс.
Гибридолгиялық әдістің ерекшелігі:
будандастыру үшін бір-бірінен айқын жұп белгілері бойынша ажыратылатын бір түрдің дарақтары алынады;
зерттелетін белгілер тұрақты, яғни бірнеше ұрпақ бойы қайталанып отырады;
әр ұрпақтағы алынған будандарға жеке талдау жасалып, нақтылы сандық есептеулер жүргізілді.
Тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Доминантты және рецесивті белгілер деген не? Олар қалай белгіленеді?
2. Мендель өз тәжірибесінде не себептен зерттеу нысаны ретінде бұршақты алды?
3. Біркелкілік заңы мен ажырау заңын салыстырыңдар?
Генетика – белгілердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін ғылым.Генетиканыың негізін салған Г.Мендель. Ол біркелкілік заңымен ажырау заңын ашты. Ол өз зерттеулерінде асбұршақтың сорттарын және гибридологиялық әдісті қолданды.
Жаңа тақырыпты меңгеру
Жаңа тақырыпты толық түсінуге арналған тапсырма
Сабақты қалай, қаншалықты меңгергеніне қортынды жасау
|
Жаңа тақырыпты түсінгенін бақылау.
Тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу
Сабақ қаншалықты мақсатына жеткеніне көз жеткізу
|
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау.
Кері байланыс беру
Кері байланыс беру
|
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
|