Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901,
Павлодар облысы
Баянауыл ауданы
— 22.12.
1985
,
Алматы
)
–
техника
ғылымдарының докторы (
1945
),
профессор
(
1946
),
Қазақстан Ғылым
Академиясының
академигі (
1946
).
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері
(
1945
).
Омбы
ауыл
шаруашылық институтынтын (
1931
),
Орта Азия
мемлекеттік университетінің аспирантурасын (
1935
)
бітірген.
1935
—
1960
ж.
ҚазМУ
-
де оқытушы, декан,
1946
—
1968
ж.
Химия
ғылымдары институтының
директоры,
1968
—
1985
ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық
химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-
хатшысы болды (
1968
—
1985
). Негізгі ғылыми еңбектері
минералдық тыңайтқыштар
өндіру мен
минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров
фосфатты
шикізаттарды
өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал
азықтық
фосфат
өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді,
Қаратау
фосфоритінен
минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі.
Ленин
, “
Октябрь революциясы
”, “
Құрмет
белгісі
”
ордендерімен
және
медальдермен
марапатталған.
1991
жылдан
Қазақстан Химия ғылымдары
институты
Бектұровтың есімімен аталады.
[1]