Шын шешек
— өте жүқпалы, клиникада ауыр белгілермен өтетін,
шырышты қабықтарда, теріде өзіне тән өзгерістердің пайда болуымен
сипатталатын сырқат.
Қазіргі кезде шешек инфекциялық сырқат түрінде бүтіндей жойылган.
Этиологиясы. Шын шешек қоздырушы ДНҚ-вирус бо-лып саналады.
Осы вирустардыц қарапайым денешіктері (колониясы) шешек
бөртпелерінін ішінде майда, көлденеңі 0,2—0,25 мкм, домалақ, кокк
микробтары тәрізді көрінеді, оларды Пашен-Морозов денешіктері деп
атайды. Ал эпителий клеткаларының цитоплазмасында, сол жерге
топталып қалған вирустар әсерінде денатурацияға ұшыраған майда
ошақтар, Гуарньери денешіктері табылады. Шешек ауа-тамшы
жолымен немесе аурудың киімдері, тесек орны арқылы жүғады. Науқас
адам 40 күнге дейін инфекция кезі бола алады. Өте сирек жағдайларда
вирус бала жолдасы арқылы анадан балаға етуі мүмкін.
Патогенезі. Вирус тыныс ағзалары арқылы организмге кіріп, эпителий
клеткаларында көбейіп, қанға етеді (виремия). Кейін вирус тері
эпителиінде өзіне тән морфологиялық өзгерістерді туғызады.