Витаминдер аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар лат вита



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі25 Kb.
#16701
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.

Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі; бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбизде және ашытқыда мол болады.

Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.

В12витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмінде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.

Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек – қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микорбтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10 – 20 мкг.Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет