Визуалды өнер көркем еңбек,графика



Дата13.02.2022
өлшемі29,73 Kb.
#25375
Байланысты:
сож в онер 2..


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Визуалды өнер көркем еңбек,көркем еңбек,графика

Сөж

Такырып: Алғашқы қауымдық кезеңдегi бейнелеу өнеріне жалпы сипаттама беру, терең талдау жасау, маңызын анықтау. Тапсырмалар: эссе жазу, өз ойын айту.

Орындаған:Бейсен Айаулым

Тексерген:Крыкбаева Сара

ЖАУАП:

Көне дәуір адамдары өзін қоршаған орта, кеңістік суреттерін жартас беттерінде ғана бейнелеумен (сурет, таңба) қанағат тұтпаған. Қайта айналасындағы жан-жануарды аспан шырақтары - ай, күн, жұлдыздар бейнесін өздері жасаған әсем де көркем бұйымдарына түсіріп отырды. Сөйтіп, ерте дүние шеберлерінің ақыл-ой зейініне арқау болған табиғат сулулығы, олардың творчествосында өзінің жарқын суретін табады.
Қазақ мәдениетінің соның ішінде бейнелеу өнерінің ұлттық ерекшеліктері көне кезеңде бастап қалыптасқан. Оған тас дәуірінен қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи-мәдени мұраларымыз куә. Тас дәуірі және Андронов мәдениетінен жеткен мұраларды тарихимәдени мұраларды, сақ өнері мен орта ғасырлардағы түркі мәдениеті қалдырған ескерткіштерді, қазақ хандығы құрылған кезеңнен бергі мәдениет жәдігерлерін топтап, жіктеп және оның көркемдік белгілері мен мазмұндық мәніне талдау және салыстырмалы талдау, көркем теориялық және мәденифилософиялық анализ жасайтын болсақ, осы құбылыстарға тән жалпы ортақтықтарды байқар едік. Тарихы тереңде жатқан осы бір ортақ мұраның қазіргі жағдайы және дәстүрлі ұлттық мәдениетіміздің алдағы болашағы ұлтымыздың тағдырына бей-жай қарамайтын әр адамды толғандырмай қоймайды.
Қазақ халқының күнделікті тіршілікте өнерді табиғи күйінде асқан үйлесімділікпен пайдалана білуі аса маңызды болып табылады. Бұрынғы және қазіргі кезеңдегі жоғары шеберлікпен орындалған халықтың өрнекті, оның заттық әлеммен үйлесімді байланысын зерттеу және меңгеру біздің қазіргі жағдайларымыздағы қол өнері үшін көп нәрсе бере алады. Киіз үйдің ішіне кірген келушіні ондағы орын - орнына қойылған сәнді дүние мүліктер таңдай қаққызары анық. Солғын қоңыр өрнектелген киізбен жабылған көшпенділер үйінде ағаш керегесі мен уығы жұқа мата жолағымен керілген. Қабырғадағы киіз бен мата қоржындар, сырмақтар мен текеметтер, кілемдер, түсті сандықтардың әр түрлі жапқыштары, өрнекпен әшекейленген былғары құтылары, ағаштағы оюлары - осының барлығын киіз үйдің қоңыр салқын көлеңкесінен кездестіруге болады. Барлық жерде өрнек. Ол тұрмыспен, халық өміріндегі әрбір оқиғамен тығыз байланысты. Жас жұбайлардың отауына ірі өрнектері бар сырмақтар ілініп, ою - өрнектердің құбылуы бүтін үйдің ішін түрлендіріп жіберді. Өрнек тек қана үйді, оның ішкі жайын ғана емес, адамдардың киімдерін де әшекейлейді. Әйелдердің бас киіміндегі (сәукеле) кескінді күміс тәжілер өрнектелген кестемен үйлесімін тауыпты.

Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бүл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды.
Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, қүндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп,түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластикажарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән.
Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмүнына қарай монументальді - сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ .
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүйектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көркемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес ұлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пар көркемөнер тілін құру болды.
Адам мен оны қоршаған орта арасындағы нәзік және рухани үйлесімділікті, қазақ ұлтының табиғатанамен, соның нәтижесінде әлеммен біртұтастығын, туыстығын көрсетуге бағытталған, ұмтылысын, адамның рухани және ішкі дүниесін білуге деген қызығушылығын, мәңгіліктің бір буынықас қағым сәттің әдемілігіне, құндылығына сүйсіну, жалпыға белгілі жүйеге ерекше жолмен ену және дүниетанымның басқа да қырларын суреттеуміне осылар, қазақ суретшілерінің еңбектерінен байқалатын рухани әдет-ғұрыптық көріністер. Республикадағы бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен ішкі қыр-сыры, ұлттың мәдени әдет-ғұрпымен үйлескен, тұрмыстың жанданған, дүние тірегі болатын табиғат пен үйлесімділігін қалыптастыру және адамның шығармашылық жігерін нығайту болды.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейне өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде. Осыған орай, бүгінгі күні бейнелеу және мүсін өнері қандай нысандар мен ерекшеліктерге ие болады деген сұрақ туады?. Оның сарқылмас потенциалық қандай суретшілердің шығармашылығынан қандай ағымдарды пайда болуынан көре аламыз? Ата-бабаларымыздан қалған, ғасырлар бойы шындалған мұралармен байланысады, бүгінгі күні ұлттық суретшілер мектебі кәсіби толысудың қай дәрежесіне жете алады?
Мәдениет әлеуметтік және саяси оқиғаларға тікелей және дәлме-дәл тәуелді болмағанмен, қоғамдық сананың нысандарының бірі болып табылады. Көркем суретті нысандар өз тілімен үнемі адам сезіміндегі шамалы болсын өзгерістерді, оның рухани дүниесін көрсетіп отырады. Өнер өзінің мәнерлеу құралдары мен тәсілдері жүйесінде адам өміріндегі, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерді сөзсіз түрде көрсетеді, көп жағдайда оны ертерек сипаттайды, алдын алады, сол себепті әлеуметтік тұлғаның даму динамикасын үйлестіреді және белгілі бір арнаға бағыттап отырады. Оның дамуының әр сатыларында алдыңғы қатарға түрлі басым идеялар шығады. Қазақтың кәсіби бейнелеу және мүсін өнеріндегі 80-90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес түрде сипаттау идеясы болды.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, технологиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңаболса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті.


Дәстүрлі өнердің реалистік бейнелеу өнерінен негізгі айырмашылығы халықтық өнерде көп жағдайларда тұрақты көркемөнер белгілері, яғни рәмізді белгілер қалыптасқан. Өзіндік канондық заңдылықтардан тұратын тұрақты белгілерде нақтылы нәрсенің бейнелері болмайды. Рәмізді бейне жеке нәрселерді бейнелемейтін, құбылыс категорияларын анықтайды.
Суретші Әбдірашид Сыдыханов айтқандай, «өнер ақылдан емес, жүректен жаратылады». Оның үстіне мұсылмандық дүниетанымда адам жаратушы емес, керісінше адамды да, бүкіл әлемді де жаратқанжалғыз Алла. Мұхаммед пайғамбар: «Алла көрікті және сұлулықты ұнатады» - дейді. Дегенмен оның сұлулығын көзбен көруге мүмкіндік жоқ. Оны санамен, ақылмен, сезіммен, көңілмен түйсіне аламыз. Сондықтан да мұсылмандық түсінікте өнерді ақиқатты шын суретке және санмен анықталатын жалған суретке бөледі. Санмен анықталатын сурет өтпелі көңіл күймен байланысты. Ал оның ақиқаттық қасиеті санамен, ақылмен бағаланады. «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде; Сонан тапқаншын асыл, тастай көрме» – деп Абай айтпақшы, суретші сыртқы көрініспен шектеле алмайды. Суретші және суретші жасап шығарған образды бағалайтын көрерменнің еншісіне субъекті бастаулардың танымы тиеді екен. Соған байланысты өнер индивидуальді сипат алады.
Дәстүрлі халықтық шығармашылықта өмір заңдылықтары үлкен масштабтарда ғарыштық биіктіктерден қарастырылғандай.
Адам баласы есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап келеді. Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай тудырып отырған, ары қарай дамытып отырған. Заттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде адамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды. Өнер-мәдениеттің маңызды салаларының бірі. Сондықтан болар, «өнер мәдениеттің айнасы» деген қанатты сөздің қалыптасқандығы .
Таңбалы тастағы кескіндермен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмайсыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі- оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы .
Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын беру, әрі сол адамды талпындыру, құштар ету
Қазіргі өнерімізге келсек, ол алуан түрлі бағыттар мен нақыштарға толы. Оның түбегейлі мақсатышектеушіліктен бас тарту, өз шығармашылығын мейлінше толық түрде әйгілеу, жаңа пішін мен таным категорияларын пайымдау. Қазірге көркемдік кеңістікте оны бұрынғы кезеңдермен байланыстыратын және қазірдің өзінде болашақты болжайтын бағыттар да жеткілікті.
Қазақ этносына тән ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын көркем туындылардан, суретшілердің қол таңбасынан философиялық ой толғанысымен мазмұндық мәнін іздейміз. Өйткені, өнер-эстетикалық қана емес, танымдық құрал. Дүниетанымқазақ этносының эстетикалық түйсіну, мәдени-рухани дүниесіндегі айрықша құбылыстарының бірі. Мәдениеттің ұйтқысы болып саналатын түйсіну жүйесі ұлттық мәдениетті зерттеушілердің тарапынан жан-жақты қарастырылып келеді. Бейнелеу өнерінде, сезген кісі көнелік рухани болмыстың ғана емес, жаңа құндылықтар мен соны ізденістердің де өзіндік таңбасын көре алады.
Соңғы он жыл төңірегінде өнер авангардтық стильдің негізінде туындаған дәстүрлік элементтерге толы. Бүгінгі өнер дін, мифология, номадизмді, дәріптеушісопылық бағыт, суперматизм желістері, панк романтикалық немесе санадағы таңбалар бағытында өріс алған.
ХХ ғасыр бейнелеу өнері бағыттары мен ағымдарына толы болды. Мысалы: «экспрессионизм», «кубизм», «футуризм», «абстракционизм», «дадаизм», «сюррализм», «жаңа заттық», «риджионализм», «поп-арт», «оп-арт», «тот-арт», «ненонструктистік», «кинематикалық өнер», «қиялдық реализм», «кеңітік живописі» және «концептуальдық өнер». Бұл атаулардың дамуы, шығу тегі өнер шеберлерінің өзінің ішкі дүниесінің субъектік «Менін»айқындауға бағышталған. Осы өнерлердің барлығы «авангардтық» өнер аясына саяды. Авангардтық -өзіне дейінгі реалистік образдар дәстүрінен бас тартып, жаңа бір бейнелеу құрылымдарын, көркем шығарманың жаңа үлгідегі құрылысын іздеуде бағытталған көркемдік мәдениет саласы.


Пайдаланган адебиеттер тизимы:

Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ «Бейнелеу өнері» Алматы «Ата-мұра» 2001 ж


Бапанов И.В. Бисер «Народное творчество» 2001
Бағдарлама «Қолөнер» (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002

Касиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы 1995

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет