Вопросы на казахском языке



бет120/304
Дата10.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#135574
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   304
Байланысты:
Âîïðîñû íà êàçàõñêîì ÿçûêå

Ұлпа қабынуы
$$$001
Тіс дәрігері 36 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін жансыздандыру жасады, егеп тазалады, тіс қуысын ашты, сауыт ұлпасын алды, дәрілік өңдеу жүргізді. Сосын емдік сықпасы мен аралық төсем, тұрақты пломбасы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емделді?
A) девитальды экстирпация
B) витальды ампутация
C) консервативті
D) аралас
E) витальды экстирпация
{Дұрыс жауап}= В
{Қиындығы}= 3
$$$002
Науқастың жасы 19. Диагноз: 26 тіс ұлпасының жедел ошақты қабынуы. Тістің емдеуі биологиялық әдісімен жүргізілді, бірақ ол нәтижесіз болды. Тіс ұлпасының өмір қабілеттігін сақтап қалдыру үшін, қандай ем жүргізілу қажет?
A) Витальды ампутация
B) Витальды экстирпация
C) Девитальды экстирпация
D) Девитальды ампутация
E) аралас
{Дұрыс жауап}= A
{Қиындығы}= 3
$$$003
Тіс дәрігер 22 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін жансыздандыру жасалды, егеп тазаланды, тіс қуысын ашты, сауыт, түбір ұлпасын алды, түбір өзектерге медикаментозды инструментальды өңдеу жасалды. Сосын аралық төсем, тұрақты пломбасы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емделді?
A) Девитальды экстирпация
B) Витальды ампутация
C) Консервативті
D) аралас
E) Витальды экстирпация
{Дұрыс жауап}= Е
{Қиындығы}= 3

$$$004
Науқас 29 жаста .11 тіске тез қайтымды ,устамалы ауырсынудың болуына шағымданды. Тексеріп қарағанда: 11 тістің жанасқан-медиальды бетінде терең кариес қуысы бар ,іші жұмсарған және пигменттелген дентинге толы.Зондпен тексергенде ұлпа мүйізі аймағы бірден аурады,ол тіс қуысымен жалғаспаған. Суыққа ұзақ мерзімді ауру сезімі бар. ЭОД=30 мкА. Перкуссияда ауырмайды. Ұлпа қабынуын қай әдісімен емделеді?


A) витальды ампутация
B) консервативті әдіс
C) девитальды ампутация
D) витальды экстирпация
E) аралас
{Дұрыс жауап}= Д
{Қиындығы}= 3
$$$005
Түбір өзегі сағасын анықтайтын және айқын кеңейтетін қандай гель?
A)"Эльмекс" гелі
B) канал плюс
C) кальципульп
D) гриназоль
E) паркан
{Дұрыс жауап}= B
{Қиындығы}= 3

$$$006
Науқас 18 жаста. Дені сау, диагнозы 35 созылмалы фиброзды пульпит. ЭОМ– 35 мкА. Кариес қуысы мойын бөлігінде орналасқан. Ең тиімді кандай әдіс?


A) девитальды экстирпация
B) консервативті әдіс
C) девитальды ампутация
D) витальды экстирпация
E) витальды ампутация
{Дұрыс жауап}= С
{Қиындығы}= 3
$$$007
Тіс дәрігерге 40 жастағы науқас 16 тісінің тітіргендіргіштерден ұстамалы ауыратынына шағымданады. Зондпен тексергенде кариес қуысы мен тіс қуысының арасында байланыс бар екендігі анықталды. Зондпен тексергенде ашылған ұлпа мүйізі ауырады,қанайды. Рентген суретте периодонт саңылауының кеңеюі байқалады. ЭОД – 40мкА Ұлпа қабынуы қай әдіспен емделді?
A) витальды экстирпация
B) биологиялық әдіс
C) витальды ампутация
D) аралас
E) девитальды экстирпация
{Дұрыс жауап}= А
{Қиындығы}= 3
$$$008
25 жастағы науқас 35 тісінде терең тіс жегісі қуысы бар екендігіне шағымданып тіс дәрігеріне келді. Клиникалық тексерулерден кейін науқасқа 35 тісінің гранулематозды периодонтиті диагнозы қойылды, рентген суретінде тістің түбір ұшында гранулема және сүйек деструкциясы байқалды. Түбір өзегін пломбылау үшін қандай пломбылық материалды таңдайсыз?
A) Абсцесс ремиди
B) Эндометазон
C) Метапаста
D) Йодоформды сықпа
E) Резорцин-формалинді сықпа
{Дұрыс жауап}= B
{Қиындығы}= 3
$$$009
Ұлпа қабынуын емдеуде тіс дәрігер түбір өзектерін пломбылау үшін спредр және гуттаперча штифтерді қолданды, спредердің көмегімен әрбір штифтке орын қалдырып, оларды кезекпен енгізді. Түбір өзектерін нығыздау әдісінің қандай түрі қолданылады?
A) термафил жүйесі көмегімен обтурациялау
B) вертикальды конденсация
C) «Квик-филл» жүйесі көмегімен обтурациялау
D) бір штифті әдіс
E) латеральды конденсация
{Дұрыс жауап} = Е
{Қиындығы}= 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет