#Тістерді армирленген композитті талшықпен шендеу кезінде, коффердамды орнатқаннан кейін, ағаш сыналарды тіс аралығына енгізеді. Бұл процедура не үшін жүргізіледі:
-реставрация түсіп қалмау үшін
|
-композит шеті түсінің боялуының алдын алу үшін
|
+қызыл иек емізікшелеріне сұйық композит тимеу үшін
|
-шендеуден кейін тістердің қозғалғыштығын тоқтату үшін
|
-физиологиялық қозғалғыштық болу үшін саңылау қалыптастыру
|
#Пациент 46 жаста. 4.5 тістің мойын бөлігіндегі терең тісжегіні емдеген кезде, тіс сауытының кездейсоқ ашылуы байқалды. Пациент қант диабетімен дәрігерлік тіркеуде тұрады және анамнезінде жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар. Тістің емдеу әдісін таңдаңыз:
#24 жастағы пациент К. 2 күн бойы төменгі оң жақ тісінің өз бетімен басталып ұстама тәрізді, ұзақ ауратынына (ауырсынусыз аралығы қысқа мерзімді) шағымданады. Ауру сезімі шүйдеге қарай тарайды және кешкі уакытта күшейе түседі. Тіс барлық тітіркендіргіштер әсерінен ұстама тәрізді ауырады. Осыған дейін тістегі ауру сезімі тітіркендіргіштер әсерінен қысқа мерзімді ауратын. Қосалқы аурулары және аллергиясы жоқ. Объективті: 4.6 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуыс. Зондпен шұқып тексергенде ауру сезімі түбі бойы байқалады. Температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ұзақ мерзімді, тез басылмайтын ауру сезімі пайда болады. Қағып тексергенде сәл ауырсынады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:
+витальді экстирпация
|
-биологиялық әдіс
|
-девитальді экстирпация
|
-витальді ампутация
|
-аралас әдіс
|
#34 жастағы науқас жоғарғы сол жақ тістің ұстамалы өздігінен ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі самайға қарай тарайды. Тіс барлық тітіркендіргіштерден ұзақ ұстамалы ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Объективті: 2.6 тістің шайнау-медиалды беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс, ашылған ұлпа мүйізін зондтау қатты ауру сезімін тудырады. ЭОМ – 45 мкА. Алғашқы диагнозды қойыныз:
Достарыңызбен бөлісу: |