Вопросы на казахском языке$$ |
жүктеу/скачать 2,37 Mb.
|
$$$007- Түбірлері жетілмеген тұрақты тістердің пульпиттері
Бала 10 жаста 3.6 тістегі түнгі ауырсынуларға шағымданып келді. Ауырсыну алғаш рет 2 тәулік бұрын пайда болды. Объективті қарауда: 3.6 тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегілік қуыс. Температуралық тітіркендіргіштерге ұзақ мерзімді ауырсыну, ЭОД-10 мкА. Зондтау тісжегі қуысы түбімен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. КПУ=2. Диагноз қойыңыз: А) Жедел серозды жартылай пульпит В) Созылмалы фиброзды пульпит С) Созылмалы гангренозды пульпит D) Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы Е) Жедел іріңді жалпы пульпит {Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}= 2 $$$001- Уақытша тістердің периодонтиттері Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң жағындағы 4 күн бойы ауырсынуға шағымданады, нашар тамақтанады. Қараудан кейін кп= 7, 6.4 тісте – медиальды-шайнау бетінде тісжегі қуысы, тіс қуысы ашық, зондтау ауырсынусыз, перкуссия ауырсынусыз, тіс түсі өзгерген, шырышты қабық гиперемияланған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген. Диагноз қойыңыз: А) Созылмалы пульпиттің асқынуы; В) Жедел іріңді периодонтит; С) Жедел іріңді пульпит; D) Периодонт тінінің қатысуымен жедел пульпит; Е) Созылмалы периодонтиттің асқынуы {Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}= 2 $$$002- Уақытша тістердің периодонтиттері Бала 5 жаста. Тістеген кездегі ауырсынуға және 5.1 тістің маңында жыланкөздің пайда болуына шағымданады. 1 жыл бұрын тіс бір келуде тісжегі бойынша емделген. Объективті: шайнау бетінде пломба бар. Тістің түсі аздап өзгерген. Тістің маңындағы шырышты қабық көкшіл түсті, грануляциялы және іріңді бөліністері бар жыланкөз. Емдеу әдісін таңдаңыз: А) консервативті бір келуде В)консервативтіекікелуде С) консервативті үш келуде D) хирургиялық – тіс түбірінің резекциясы Е) хирургиялық – тісті жұлу {Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}= 3 $$$003- Уақытша тістердің периодонтиттері Қыз бала 4 жаста жоғарғы жақтың оң жағындағы тағам қабылдағанда күшейе түсетін өздігінен пайда болатын өткір ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 2 күн бұрын пайда болған. Объективті: 5.5 тіс жұмсақ ақшыл дентинге толы терең тісжегілі қуыс. Тіс қуысы ашылмаған. Қуыс түбін зондтағанда аздап ауырады. Перкуссияда ауырсынады. Болжам диагноз: А) Жедел пульпит, периодонтитпен асқынған В) Жедел іріңді пульпит С) Жедел серозды пульпит D) Созылмалы гангренозды пульпиттің асқынуы Е) Жедел іріңді периодонтит {Дұрыс жауабы}= А {Күрделілігі}= 3 жүктеу/скачать 2,37 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |