65. Генетикалық терминдер мен символдар.
Тұқымқуалаушылық — ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті.
Өзгергіштік — ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілеті.
Ген — ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.
Фенотип — ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы. Мысалы: тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының ұзындығы т.б.
Генотип — ағзаның гендерінің толық жиынтығы. Генотип фенотипті анықтайды.
Моногибридтік будандастыру — бір-бірінен тек 1 ген аллельдері ғана жауап беретін альтернативті белгілер жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.
Дигибридті будандастыру — екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмасы бар түрлерді будандастыру.
Полигибридті будандастыру — бір-бірінен бірнеше белгі бойынша өзгешеленетін түрлерді будандастыру.
Доминатты (басым) белгі — гибридтерде бірінші ұрпақта бірден фенотипке көрінетін белгі. Оларды үлкен әріппен белгілейді.
Рецессивті (басылыңқы) белгі — гетерозиготаларда фенотипке көрінбей қалған белгі. Оларды кіші әріппен белгілейді. Фенотипте рецессивті гендер гомозиготты күйінде (аа) болса ғана көрінеді.
Гомозигота — генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында гендердің бірдей түрлері (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза) немесе ағза.
Гетерозигота — генотиптің (тұқымқуалаушылық материалы жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында гендердің түрлі формалары (аллелдері) болатын зигота (ұрықтанған біржасушалы ағза) немесе организм.
Модификациялық өзгергіштік — генотиппен байланысы жоқ, ағзаның сыртқы ортаға бейімделуінде фенотипте орын алатын өзгерістер.
Мутация — ағзаның генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың гендерінің өзгеруі. Бұл кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгеріс.
Полиплоидия — хромосома санының гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюі.
Дупликация — хромосоманың бір бөлігінің екі еселенуі.Генетикада қолданылатын белгілер.
Генетикада қолданылатын белгілер:
P — ата-ана (лат. parental — ата-ана)
F — ұрпақ (лат. filia — ұрпақ)
F1 — бірінші ұрпақ, яғни олар P-ның ұрпағы
F2 — реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар F1-дің ұрпақтары
♀ — аналық жыныс
♂ — аталық жыныс
X — шағылыстыру белгісі — ұрпақтардың фенот
Достарыңызбен бөлісу: |