85. Қазақстанда генетика ғылымының дамуы, басқа ғылымдармен байланысы.
Қазақстандағы генетика ғылымның дамуы және кезеңдері.
Генетиканың әртүрлі бағыттарының дамуына Қазақстан ғалымдары да үлкен үлестерін қосты. Қазақстанда генетика саласындағы алғашқы зерттеулер 30-40 жылдары басталды. Республикада бидай, арпа, сұлы, жүгері, қант қызылшасы және басқа ауылшаруашылық дақылдарының (К.Мынбаев, Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, І.Ә.Әбуғалиев, Р.А.Уразалиев т.б.), раушан, сирень, астра гүлдерінің және ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің (Е.Х.Узенбаев, М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев т.б.) мол өнімді сорттары шығарылды. Қазақстан ғалымдарының алшақ будандастыру жөніндегі еңбектері бүкіл елімізде, сондай-ақ шетелдерде де танымал болды. Алшақ будандастыру әдісімен мол өнімді мал тұқымдары шығарылды. Мысалы, жабайы арқарды пайдаланып қойдың арқар меринос тұқымы алынды (Н.С.Бутарин, Ш.Жандеркин, Ә.Е.Есенжолов) биязы және биязылау жүнді, кроссбредой тұқымдарын алудың генетикалық-селекциялық негіздері салынды. В.А.Бальмонт, М.Ә.Ермеков, А.Е.Елеманов, Ф.М.Мұхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер т.б.).
Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, селекцияда пайдалану тәсілдерін қолдана отырып, ақбас сиырын, алатау, әулиеата сиырларын, қазақтың биязы жүнді қойын, оңтүстік қазақтың мериносын, биязылау жүнді дегерес ойын, жүндес ешкіні, қостанай жылқыларын, жетісу шошқасын шығарды.
Қазақстанда молекулалық биология және гендік инженерия саласындағы зерттеулер 60-шы жылдар аяғында басталды. Бұл зерттеулер ҚР ҰҒА-ның құрамында молекулалық биология және биохимия институты ашылғаннан кейін (1983) үдей түсті. Өсімдік клеткасындағы хромосомалар зерттеліп, олардың бидай эмбриогенезі кезінде белок құрастыруға, бұл процесті реттеуге қатысатыны анықталды. Өсімдік гномының молекулалық құрылымы мен оның экспрессиясы, клеткалық иженерия мен биотехнология мәселелері зерттелді. Академик М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен жүргізілген бұл жұмыстар бүкіл дүние жүзіне танымал болды. Осы еңбектері үшін М.Ә.Айтхожин бұрынғы Кеңес Одағындағы ғылым мен техника саласындағы ең жоғарғы Ленин сыйлығының лауреаты (1986) болды.
Микроорганизмдер селекциясының генетикалық негіздері кеңінен зерттелді және мутагендік факторлардың тигізетін әсерлері зерттеліп, микроорганизмдердің практикаға қажетті мутагенді формалары алынды Л.Х.Шығаева). Вирустар генетикасы және экологиялық генетика саласында да маңызды зерттеулер жүргізілді (Н.Б.Ахматуллина). Соңғы уақытта Республикада молекулалық генетика (Р.І.Берсімбаев), радиациялық генетика (К.Қ.Мұхамбетжанов, А.Т.Сейсебаев) салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 1995 жылы ҚР ҰҒA құрамында Жалпы генетика және цитология институты ашылып, генетиканың жаңа салаларында да ғылыми зерттеулер жүргізу жолға қойылуда.
Қазақстанда генетиканың дамуын екі кезеңге бөледі:
Бірінші кезеңі- ерте заманнан бастап XIX ғасырдың 10—20-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңді халықтық селекциялық жұмыстардың кезеңі дейді. Халық қолында бар малдың асыл тұкымын, өсімдіктердің сорттарын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа беріп жалғастырып отырды. Мысалы, қазақтың атақты Еділбай қойы, қаракел қойлардың түрлері, бидайдың жергілікті бидайдың сорттары: ақбидай, қожабидай, көжебидай т.б. Қазақстанда 1910 жылғы мағлұматтар бойынша, қойдың саны 18,4 млн, басқа түліктер 11 млн болған. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау жолымен алынған тарының сортынан Шығанақ Берсиев әр га-дан 210 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады.
Екінші кезеңі- 1930-1956 жылдары Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы) және Қазақтың астық шаруашылығы ғылымн зерттеу институты (бұрынғы Ақмола облысы, Шортанды) ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс орталықтарында мемлекеттік селекциялык стаициялар жұмыс істей бастады.Қазақстанда мал тұқымын асылдандыру 1930 жылдан бастап қолға алынды. Жергілікті мал тұкымын шет мемлекеттен әкелінген асыл тұқымды малдармен будандастырды. Бұл үшін АҚШ-тан америка рамбульесі қой тұқымы, Германиядан прекос қой тұкымы, Англиядан линкольн, гемпшир, широпшир қой тұқымдары әкелінді. Ірі қара мал тұқымынан: Голландиядан голштин, Эстониядан қара ала, Даниядан қызыл, Шотландиядан айршир, Швейцариядан симменталь, Англиядан герефорд, шортгорн, Франциядан шароле, АҚШ-тан Санта Гертруда асыл тұқымдары әкелінді. Осы аталған асыл мал тұқымдарын жергілікті (қара ала, әулиеата, қырдың қызылы, қазақ-тың ақбасы, т.б.) тұқымдармен будандастырудың және сұрыптаудың нәтижесінде қазір елімізде бар малдардың асыл тұқымдары шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |