19. Химиялық мутагенез. Кейбір химиялық заттардың мутагендік әсерінің болатындығын алғаш рет КСРО-да 1928 жылы Н.Мейсель, 1933 жылы В.Сахаров, 1934 жылы М.Лобашовтар ашқан болатын. Ең алғашқы күшті мутагенді (жасушаға жат ДНҚ) 1939 жылы С.Гершензон ашқан болатын. 1946 жылы генетик И.Рапопорт формалиннің және этилениминнің күшті мутагендік әсері бар екенін анықтады. Сол сияқты, осы жылдары ағылшын генетиктері Ш.Ауэрбах және Д.Робсон иприттің мутагендік әсер ететінін анықтаған.
Қазіргі кезде жүздеген химиялық заттардың мутагеңдік әсерлері айқындалды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында жиі пайдаланатын гербицидтер, дефолианттар және инсектицидтер (ДДТ), кейбір дәрідәрмектер (әсіресе нитрофурондар), әр түрлі өнеркәсіпте пайдаланатын, не өнеркәсіпте бөлініп шығатын заттар, мысалы: тоқыма комбинаттарында пайдаланылатын — афоксид; жасанды шайырларды алуға пайдаланатын — формальдегид; қағаз шығаруға пайдаланатын — гидроксиламин; азық-түлік өнеркәсібінде шараптарды дайындауға пайдаланылатын — натрий бисульфиті; азоттық иприт, 5-бромурацил т.б. Барлық химиялық мутагендер гендік, хромосомалық және геномдық мутацияларды тудыра алады.
Химиялық заттардың мутагеңдік механизмі әлі толық анықталған жоқ, дегенмен, олардың кейбіреулері жасушаның бөлінуі кезеңінде ахроматин жіпшелерін үзіп, олардың қызметін жояды, ал екінші біреулері, мысалы 5-бромурацил ДНҚ молекуласының репликациялануында азоттық негіздердің орнын ауыстырып траңзициялар мен трансверсияларды пайда етеді.
Химиялық мутагендер, радиация сәулелері сияқты, мейоздың бұзылуына алып келіп, хромосомалардың дұрыс ажырасуын болдырмайды не хромосомалардың үзілуіне алып келеді. Кейбір химиялық мутагендер тікелей ДНҚ молекуласына әсер етпей, оның реплекациялану мехаизмі өзгертеді, осының салдарынан ДНҚ синтезінде қателіктер пайда болады. Ондай заттардың бірі – кофеин.
Химиялық мутагенез факторларына органикалық, органикалық емес және биогенді қосылыстар жатады.
Органикалық емес мутагендердің 8 топтары белгілі. Мысалы: оларға литий, кадмий, азот, фосфор және т.б. жатады. Органикалық мутагендерге гетероциклді қосылыстар, күрделі қосылыстар, көмірсутектер жатады.
Биогенді мутагендер өз алдына бөлек топ астына жатады. Оларға алколоидтар, флавоноидтар, токсинді саңырауқұлақтар, кейбір антибиотиктер жатады (Қазақстандық авторлар Шигаева және әріптертері).
Химиялық мутагендер нағыз немесе тік және тік емес (промутагендер) болып бөлінеді. Нағыз мутагендер мутация туғызады. Промутагендер организмдегі метоболизмдік белсенділіктен кейін мутагенді қасиетке ие болады, мысалы, микроорганизмдер мен бактерияға кофеин мутаген болып саналса және комутагенді қасиетке ие болса, ал адамдарда кофеиннің мутагенді эффектісі бауырдағы микросомальді ферменттермен төмендетіледі.
Химиялық факторлар негізді зақымдайды: ДНК – белокты тігу, жіпаралық тігу, негіздің химиялық модификациясы. Кейбір химиялық мутагендер екі және жалғыз үзілісті түзеді.