3. Харди-Вайнберг заңы. 1906 жылы ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг бір-біріне тәуелсіз түрде популяциядағы генотип пен фенотиптің таралуын көрсететін формула ұсынды. Ол кейіннен Харди - Вайнберг заңы деп аталды. Бұл формуланы құрастырғанда олар аллельдердің мөлшері өзгермейтін жағдайда популяциядағы доминантты және рецессивті белгілері бар дарақтардың белгілі бір арақатынаста болатындығын негізге алды.
Егер гаметадағы бір аллельдің, айтайық, А аллелінің мөлшерін Р деп белгілесек, онда екінші аллель а-ның мөлшері ц болады. Осыдан келіп олардың ұрпақтарында мынадай арақатынас шығады. Бұл алғандарды жинақтағанда Харди-Вайнберг формуласы шығады:
Р2 АА: 2 Р q Аа: q2 аа
Енді осы көрсетілген формуланы қолдануға мысал келтірейік.Мысалы, ірі қараның бір популяциясында мүйізділері 25% немесе 0,25 болып, ал тоқалдары 75 % немесе 0,75 болып келсе, тоқалдық белгіні доминантты ген «А», ал мүйізділігін рецессивті ген «а» анықтайды.
Сөйтіп Харди мен Вайнберг формуласын пайдалана отырып,белгілі бір фенотиптің мөлшерін есепке алудың негізінде популяциядағы генотиптің таралу сипаты анықталады. Бірақ бұл формуланы қолданудың да белгілі бір шегі бар. Ол мынандай жағдайлар: егер аутосомдық гендердің бір ғана жұбы есепке алынса; доминантты аллельдегі мутацияның рецессивті аллель немесе керісінше ауысуы болмайтын жағдайда; әртүрлі генотипті даралардың тіршілік қабілеті және ұрпақ беруі бірдей болғанда. Табиғи популяцияларда бұл қойылатын талаптардың бәрі бірдей бола бермеуі мүмкін. Сондықтан Харди - Вайнберг формуласын барлық жағдайда бірдей қолдана беруге болмайды.
Дегенмен бұл заңдылықтың үлкен теориялық та, практикалық та мәні бар. Бұл формуламен адамдар арасындағы кейбір белгілердің таралу жиілігі анықталады. Мысалы, қан топтарын анықтайтын гендердің мөлшерін есептеуге болады.
Әрине өздігінен ұрықтанатын организмдердің популяциясы үшін Харди -Вайнберг формуласы қолданылмайды. Себебі өздігінен ұрықтанған кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы жағдайға көшеді. Егер өздігінен ұрықтану бірнеше буын бойы қайталана берсе, онда гомозиготалардың саны артып, гетерозиготалар мүлдем жойылады. Сондықтан да өздігінен ұрықтанатын организмдердің көпшілігі гомозиготалы болып қалады. Ал кейде мутацияның әсерінен ондай гомозиготалық бұзылып, таза линияның өзінде гетерозиготалық байқалып қалып отырады.