[Введите текст]



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата01.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#70769
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
 Ғалым 
Дандай 
Ысқақұлының 
«Әдебиет 
алыптары» деген еңбегіне (Астана:”Фолиант”. 2004-304 
б) қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін қарастыратын 
мақалалары еніп отыр. Мұнда ХІХ ғасырда өмір сүріп, 
әдебиет әлемінде өзіндік ерекшеліктерімен көрінген 
әдебиет алыптарының өмірі мен шығармашылықтары 
жаңаша көзқарас тұрғысынан талданады. Бұрындары 
белгісіз болып келген М.Ж.Көпеев, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, 
С. 
Торайғыров, 
Ж.Аймауытов 
т.б 
шығармашылықтары жан-жақты зерттеледі. Монография 
жеке тұлғалардың шығармашылық портреті сияқты 
болғанымен олардың барлық жанрлық түрлердегі әдеби 
мұралары, олардың көркемдік, шеберлік ерекшеліктері 
мен түрлік, тілдік, стильдік құбылыстарының құпия 
сырлары қазақ әдебиеті тарихын жаңаша таныту 
тұрғысынан ашылады.
“Қазақ 
елі, 
бір 
ауыз 
сөзім 
саған!” 
атты 
монографиялық зерттеуінде/Алматы.ҚАЗақпарат, 2004-
148 б/ қазақ поэзиясының падишасы атанған Мағжан 
Жұмабаевтың 
шығармашылығы, 
лирикалық 
өлеңдері,поэмалары, әдеби-эстетикалық танымы, ұлттық 
тіл,ұлттық тәрбие жайлы ой-пікірлері, бір сөзбен айтқанда 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы жаңаша 
пайымдаулар арқылы бағаланып, жан-жақты сөз 
болады.”Күңіреніп ойлағанда алаш жайын”,”Мағжанның 
әдеби-танымдық эстетикасы”, ”Ұлтқа тілінен қымбат 
нәрсе жоқ”, ”Тағдырдың тәлкегі ” т.б деген тарауларда 
ақынның жүріп өткен өмір белестерінің қаншалықты 
қиын да қиямет екендігін,соған қарамай ұлы тұлға өзінің 
шығармашылық міндетін абыроймен атқарғанын нақты 
көркем мәтіндерін талдай отырып, ғылыми тұжырымдар 
жасаған. Әсіресе, ХХ ғасыр басындағы мерзімді 
баспасөздерде кеңінен орын алған тіл,әдебиет,әдеби 
мұралар мәселелері төңірегіндегі әдеби сындарға көп 
тоқтала отырып,ақынның өз ойларын таратып,талдауға 


[Введите текст] 
148 
тырысқан.Мәселен, сол кездері Мағжанды мазалаған 
ойлар: “Өткен дәуірдегі теңіздей тұңғиық әдебиетіміздің 
бізге 
бұл 
күнде 
адасқан 
ұшқындары,тентіреген 
тамшылары ғана жетіп отыр.Көбі,көбі болғанда ең 
сұлулары ұмытылған,желдей ескен жыраулармен бірге 
топыраққа 
айналған.Баяғыда 
отыз 
күн,отыз 
түн 
айтылатын Қобыландылардың ауызда адасып,азғантайы 
ғана қалған.Талай түндерге созылған ертегілердің басы 
қайрылып,аяғына жетіп,шоп-шолақ қалған” немесе : 
“Талай 
жүйріктердің 
тұңғиық 
таза 
толғаулары 
араб,парсы,сарт-сауанның 
сөздері 
араласып,балдыр-
батпаққа айналған..” бүгінгі күннің де көкейкесті басты 
мәселесі. 
“Сын талқы “ (Алматы.”Сөздік-словарь” баспасы, 
2005-416 б) атты еңбегінде Д.Ысқақұлы қазақ 
әдебиетінің тарихын күні бүгінге дейін жете зерттелінбей 
келе жатқан жаңаша бағытта саралауға тырысқан.Екі 
бөлімнен тұратын еңбекте ХХ ғасырдың алғашқы 
жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуына әдеби сынның 
ықпалы,кеңестік идеологияның тигізген теріс әсерлері 
кеңінен әңгімелеленеді.Сондай-ақ , сол кездері әдебиет 
майданына 
белсене 
араласқан 
М.Дулатовтың, 
Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллиннің, Ғ.Мұстафиннің , 
Б.Кенжебаевтың, Ә.Қоңыратбаевтың, М.Қаратаевтың, 
Е.Ысмайловтың, 
Ә.Жиреншиннің, 
Р.Бердібаевтың, 
Ә.Нарымбетовтың, Р.Нұрғалидың сыншылық қызметтері 
талданады. “Әдеби өмір”,”Әдебиеттану”,”Әдеби сын 
туралы”,”Алашшыл әдеби сын” атты тараушалардан 
тұратын 
бірінші 
бөлімде 
қазақ 
әдеби 
сынның 
тарихы,оның қалыптасу дәуірі кеңірек сөз болса,”Сын 
сарбаздары”,”Қай 
жұрттың 
болса 
да 
жаны-
әдебиет”,”Әдебиет сынмен көркейеді”,”Мұралардың ең 
қымбаты-сөз”, ”Қазақ әдебиеттануының кемеңгері” т.б 
тараушаларда ұлттық сөз өнерінде әдеби-сын ойларды 
жүйелі түрде жүзеге асырып жүрген майталман сын 
сарбаздарының 
шығармашылықтары 
жайында 
әңгімеленеді.Еңбек соңында “Қазақ әдеби сынының 
қысқаша тарихы” берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет