[Введите текст]



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата28.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#26578
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
Қазақ әдебиеттануы (2)

жүсіпбектану 
 
болды. 
Жазушының 100 жылдық мерейтойына   (1989)  арналған 
салтанатты  жиналыста  жасаған  ғылыми  баяндамасынан 
                                                                                                                       
бастау алған бұл саланың зерттеуші үшін тың ізденістерге 
себепші  болғаны  белгілі.  Қазақ  әдебиетіндегі  кәсіби 
прозаның көшбастаушысы болған Ж.Аймауытовтың өмірі 
мен шығармашылығы, оның бүкіл еңбектерінің жиналып, 
жариялануына,  сөйтіп  ел  игілігіне  айналуына    бірден-бір 
дәнекер  болған  тұңғыш  зерттеушісі  С.Қирабаевтың 
«Жүсіпбек  Аймауытов»  атты  монографиялық  еңбегінің 
ғылыми жұртшылықтан жоғары баға алып, 1995 жылы ҚР 
ҰҒА-ның  Ш.  Уәлиханов  атындағы  сыйлыққа  ие  болуы 
осы  саладағы  сүбелі  еңбектің  жемісі  екендігі  сөзсіз.               
Ж.  Аймауытовтың  қазақ  прозасында  тұңғыш  рет 
психологиялық  роман  сияқты  өркениетті  де  күрделі 
жанрлық  түрді  қалыптастырғанын  және  оның  әлемдік 
деңгейдегі  озық  үлгімен  жазылғандығын  зерттеуші  жан  - 
жақты  талдап,  дәйекті  түрде  дәлелдейді.  Қаламгердің 
өзінің  алдында  ешқандай  үлгі  аларлық      тәжірибесі 
болмаса  да  осындай  жоғары  кәсіби  шеберлікті 
меңгерудегі  жетістігі  неде  деген  сауал  төңірегінде 
ізденген  зерттеуші  қазақтың  мол  әдеби  мұраларының 
озық үлгідегі барлық жанрдағы көркемдік құбылыстардың 
нәтижесі  екендігін  нақтылап  береді.  Мұндай  ғылыми 
байлам  М.  Бахтиннің  «роман  соңғы  жанр,  сондықтан 
бүкіл рухани құндылықтардың сонда жинақталуы заңды» 
деген тұжырымын еске салады. 
С. Қирабаевтың «М. Әуезов қазақ әдебиетінің тарихы 
туралы», «Әуезов тағлымы» және соңғы кезге дейін дұрыс 
бағасын  ала  алмай  жүрген  жыр  алыбы  Жамбыл 


[Введите текст] 
 
 
142 
                                                                                                                       
Жабаевтың  шығармашылығы  жөніндегі  «Ғасыр  жасаған 
поэзия», кеңес дәуірінде  «кедей туралы жазғандығы үшін 
ғана  дәріптеліп  келген  «Бейімбет  туралы  сөз»  ,  «Сәкен 
туралы  жаңа  сөз»,  «Мағжан  –  қазақтың  ұлттық  ақыны», 
«Ахмет Байтұрсынов – тәуелсіздік жыршысы», «Ақан сері 
туралы  сөз»,  «Шортанбай  –  өз  заманының  сыншысы», 
«Жанақ  ақын»,  «Алашорда  және  ұлтшылдық  әдебиет», 
«Тарих және әдебиет», «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: 
дәуірлеу  мен  жаңаша  байымдау»,  «Академик  Қажым 
Жұмалиев»  т.б  сынды  зерттеулерінің  бәрі  де  кешегі 
ақтардақтардың  орнын  толтырған,  кешегі  біржақты 
зерттелген 
тұлғалардың 
шығармашылығын 
таза 
көркемдік,  эстетикалық  талғам  тұрғысынан  қайта 
талдаған,  олардың  әдебиеттегі  орны  мен    лайықты 
бағасын  берген          құнды  еңбектер  деп  атауға  әбден 
болады.  Ұлттық  әдебиеттің  өткен  тарихына  қанық,  оның 
қалыптасу  мен  өсу  жолдарына  өзі  куә  болған  зерттеуші 
тарихи  тәжірибеге  сүйене  отырып,  кешегі  кеңес  әдебиеті 
дамуының негізгі кезеңдеріне, олардың ерекшеліктері мен 
көркемдік  ізденістеріне,  әдебиеттің  тарихы  мен  бүгінгі 
мәселелеріне  егемендікке  ие  болған  ұлттық  идея,  рухани 
құндылықтар  тұрғысынан  және  әр  кезеңнің  әдеби 
процесін  сол  дәуірдің  әлеуметтік,  саяси,  қоғамдық 
жағдайларымен 
уақыт 
талабына 
сәйкестендіре 
салыстырып, үндестіре талдап, жаңа көзқарас тұрғысынан 
әділ 
бағасын 
береді. 
С. 
Қирабаевтың 
тікелей 
жетекшілігімен  кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиетіне 
                                                                                                                       
арналған  үш  томдық  зерттеу  жарық  көрді.  Зерттеушінің 
соңғы  жылдары  қазақ  әдебиетінің  бүткіл  тарихын,  оның 
әрқилы  бағаланып  келген  ірі  өкілдерінің  өмірі  мен  өнері 
жайлы  жаңа  көзқарас,  жаңа  пайымдауларын  жасаған 
бірнеше  еңбектері  жарық  көрді.  Атап  айтсақ,  «Кеңес 
дәуіріндегі қазақ әдебиеті» (1998), «Ұлт тәуелсіздігі және 
әдебиет» 
(2001), 
«Тәуелсіздік 
рухымен» 
(2002), 
«Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері»  (1995),  «Жүсіпбек 
Аймауытов»  (  1989)  ,  «Өмір  тағлымдары»  «Естеліктер». 
(2006) т.б .    
Тегінде 
әдебиеттің 
тұтастығын 
осындай 
ақтаңдақтарды    түгендеу  барысында  жүйелі  зерттеулер 
арқылы толықтырылары сөзсіз. Нені, қай кезеңді зерттесе 
де  сол  заманның  шындығымен  салыстыра  зерттейтін 
ғалым жеке жазушының шығармашылығын да сол тарихи 
кезеңнің  шындығымен  тұтастандырып,  жүйелі  қарайды. 
Ғалымның  ғылыми  тұжырымдары  мен  зерттеушілік 
ұстанымдарымен  бір  сыпыра  таныс  адам  қазақ 
әдебиетінің  жаңаша  жазылған  тарихынан    біршама 
мағлұмат,  көптеген  тың  деректер  алады  деуге  болады. 
Өйткені,  зерттеуші  қарастырған  қазақ  қаламгерлерінің 
өмірі  мен  шығармашылықтары  жөніндегі  мақалалардан, 
еңбектерден  замана  шындығын,  сол  кезеңдегі  әдеби 
үрдістерден,  көркемдік  бағыттар  мен  құбылыстардан 
кешегі 
кеңес 
кезеңінде 
бір 
жақты 
көзқарас 
қалыптастырған  тапшыл  танымның  түп  тамырын  танып, 
оларды жаңаша бағалауға бет бұрасыз .         


[Введите текст] 
 
 
143 
                                                                                                                       
     Әдебиет 
сыны 
мен 
ғылымы, 
мәтінтану, 
әдебиеттанудың тарихнамасы көрнекті ғалымның зерттеу 
нысанасындағы  көкейкесті  мәселелер.  Әдебиеттің  үлкен-
кіші деп бөлмейтін барлық маңызды мәселесіне зерттеуші 
үлкен  дайындықпен,  жоғары  жауапкершілікпен  қарап, 
турашылдық танытады. Оның еңбектерінің құндылығы да 
осында,  қай  мәселенің  де  тарихи  құжаттармен 
қордаланып, әдеби-тарихи контексте зерделенуінде.  
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихында 
өзіндік орны бар тұлға-С.Сейфуллин.Ұлттық әдебиеттану 
тарихында  сәкентану  саласына  соны  соқпақ  салған 
ғалымдардың  бірі  Серік  Қирабаев  (  “Сәкен  Сейфуллин” 
деген  монографиялық  еңбегі)  болса,  оның  замандасы 
Тұрсынбек Кәкішұлы да осы салада жүйелі түрде зерттеу 
жүргізіп,  табанды  еңбек  етіп  келеді.    1986  жылы  Т. 
Кәкішұлының  «Садақ»  атты  кітабы  жарық  көрді.  Одан 
кейінгі  «Поступь»  (198б),  С.  Сейфуллин  сенің  сүйікті 
жазушың.  (1989);  «Санадағы  жаралар»  (1992);  «Қазақ 
әдебиеті  сынының  тарихы»  (1994);  «Сәкен  және 
Гүлбахрам»  (1994);  «Сәкеннің  соты»  (1994);  «Кер 
заманның  кереғар  ойлары»  (1995);  «Тар  жол  ,  тайғақ 
кешудің  тағдыры»  (1996);  «Сәкен  Сейфуллин»  (1997); 
«Сәкен  сүйген  арулар»  (1997);  «Мағжан–Сәкен»  (1999); 
«Сәбең  әлемі»  (2000);  «Сайыс»  (2001);Сандалтқан 
«Садақ» (2002); «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (2003); 
«Сәкен аялаған арулар» (2004); «Дәуір дауылпазы» (2004); 
«Сәбит  Мұқанов»  (2005);  «Әдебиеттану  ғылымының 
                                                                                                                       
өзекті  мәселелері:  оқу  әдістемелік  құрал»  (2006),  (Ж. 
Смағұловпен  бірге).  т.б  аталған  басылымдардағы 
қойылған ғылыми мәселелерде С.Сейфуллиннің өмір мен 
өнер  тағдырына  қатысты  өзекті  мәселелер  көптеп 
ұшырасады.  
 Тағы  бір  ерекше  тоқталар  жәйт  -  көрнекті  ғалым 
Т.Кәкішевтің  ұлттық  ғылымға  адал  еңбек  ететін,қай 
кезеңде  де,  өзінің  бастапқы  ой-тұжырымдарына, 
ғылымдағы  принциптеріне  сенімді  екендігі.  Айталық, 
тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары    С.Мұқанов, 
С.Сейфуллин  т.б  сынды  жаңа  заманның  жаңалықтарына 
шын 
ниетімен 
сенген 
қайраткер 
қаламгерлердің 
шығармашылығына  теріс  көзқарастар  беріле  бастаған 
сәтте  де  ел  сөзіне  еріп,бөтен  сөз  айтпаған  ардагер 
ғалымның  бірі  де    –  Т.Кәкішев  болды.  Оның  дәлелі- 
аталған  екі  автордың  кеңестік  кезеңдерде  идеологиялық 
сынға  ұшырап,айналымнан  алынып  тасталған  ғылыми 
еңбектерін  қайта  сол  қалпында  жариялануына,  олардың 
ұлттық  сөз  өнерін  өркендетуге,  қазақ  әдебиеті  тарихын 
зерттеуге  қосқан  үлестері  жөнінде  үнемі  жөн  сөз  айтып, 
адасып  жүргендерге  дұрыс  бағыт  сілтеп,  ”қай  кезде  де 
әділ пікір, тура сөз айтуды талап етуі” дер едік. Айталық, 
2008  жылы  “Атамұра”  баспасынан  –  384  беттік  көлемде   
1932  жылы  Қызылорда  қаласынан  жарық  көрген 
С.Мұқановтың  “ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті/  І  бөлім/” 
атты  әдеби  -  зерттеу  еңбегін  кириллица  әрпімен  хатқа 
түсіріп,  қайта  бастырып,  көпшіліктің  пайдалануына 


[Введите текст] 
 
 
144 
                                                                                                                       
ұсынды.  Өткен  ғасырда  жазылған  еңбектің  бүгінге 
қажеттілігі  неде  десек,  алашорда  өкілдерінің  өмір  жолы 
мен  шығармашылығы  туралы  мәліметтерге  бай  екен. 
Зерттеу кеңес заманының идеологиялық сынына ұшырап, 
ғұмыры  қысқа  болған,  оқуға  және  қайта  басуға  тиым 
салынған,  ал  еліміз  егемендік  алған  тұста  осы 
әдебиетіміздің  ақтаңдақ  тұстарын  толтыруда  бірден-бір 
ақпарат көзіне айналды. 
Бұл  жөнінде  “Халық  жадын  жаңғырту”деген  алғы 
сөзінде  авторлар  /Күләш  Ахмет,Тұрсынбек  Кәкішев/ 
былай  дейді:  “...Жаңа  әдебиетіміздің  бар  абырой-атағына 
да,шалыс басқан қадамына да,бұра тартқан қиястығына да 
алдымен жауапкер Сәкен мен Сәбит . 
      ....Қайта  құру  мен  жариялылық  заманында  болған, 
совет  құлағаннан  кейін  болса  қоғамдық,  әлеуметтік  және 
көркемдік  өмірде  болған  құбылыстарды  жаңаша  бағалау 
қажеттігі  туғандығын  пайдаланып,  кейбір  қаламгерлер 
бұрынғының  бәрін  салауат  қылайық,  мүлдем  тыңнан 
пайымдайық дегенді айтып-жазып жүр.Тіпті әрі - беріден 
соң біздің жасаған қоғамымыз социализм емес, соны құру 
жолында  белсенділік  көрсеткендерді  жазықсыз  жалаға 
ұшырап,  айдалған-сотталғандардың  кегін  қайтару  үшін 
қайсы  бірін  құрбандыққа  шалып  жіберу  керек  деп 
өрекпиді.  Соның  ұнамсыз  елесі  Сәбит  Мұқанов 
төңірегінде  көрініп  қалып  жүр”.  Шағын  мақалада 
авторлар    С.Мұқановты  сөзге  қалдырып  жүрген    алаш 
қозғалысы  жайлы  ойлары  мен  қайраткерлері  жөніндегі 
                                                                                                                       
айтқан - жазғандарына жан-жақты талдауды нақты тарихи 
деректер  ,осы  еңбектегі  көзқарастар  арқылы  жасай 
отырып,қаламгердің тарихи  өз орнын бүгінгі  тәуелсіз ой-
сана  тұрғысынан  әділ  бағалап,  беруге  тырысады.  Оны 
мына  жолдардан  анық  білуге  болады:”...Расында  да, 
Мәскеуде  қызыл  профессорлар  институтында  керемет 
қиыншылықпен  оқып  жатқан  Сәбиттің  осы  кітапта  аты 
аталғандардың 
ағайын-туыстарына, 
жақтастарына, 
әріптестеріне  жек  көрінішті  боларын  біле  тұрып  458 
беттік  еңбекті  жазуында  керемет  көргендік  бар. 
Біріншіден,  әдебиетке  өзінің  қолтаңбасын  қалдырғанды 
тарих  бетіне  сақтап  қалу  болса,  екінші,  әдебиет  түгіл, 
өмірге  қайтап  оралар-оралмасы  беймәлім  сотталып  жер 
айдарылған  дарындардың  Сұлтанмахмұт  пен  Ахметтен 
басқасы  жөнінде  резенция  жазылмаған,тіпті  жеке 
мақалаға  арқау  болмағандардың  шығармашылығын 
зерттеп,  тексеру,  кейінгіге  із  қалдыру,  аттарын  өшіріп 
алмау  мақсатын  көздеген  сияқты.  Және  оны  сол  кездегі 
таным  -  білікке  негіздей  жазбаса  еңбегі  еш  болатынын 
сезген,  сондықтан  социологиялық  ой  мен  сөзді  еркін 
қолданған. 
Бір  жағы  келешектің  жауапкершілігі,  екінші  жағы 
замана  қысымымен  жазылған  еңбек  оңайлықпен  дүниеге 
келмегенін шамалауға болады.” 
Кеңестік  дәуірде  дәурені  жүріп  тұрған  деген 
С.Мұқановтың  бұл  еңбегінің  репрессияға  ұшырауының 
өзінде,  міне,  осындай  астарлары,  яғни  Алаш  ақын-


[Введите текст] 
 
 
145 
                                                                                                                       
жазушыларын  кейінгі  ұрпақ  білмей  өссін  деген  ниеттің 
жатқаны,сондықтан  оны  жылдар  бойы    кітапхананың 
“түрмесіне”жабуы 
“Советшіл 
Сәбит 
еңбегінің 
қаншалықты  “қауіптілігін”  көрсетсе  керек”  дейді 
ғалымдар . 
Сын айтқандарға авторлар мынадай базына айтады: 
“Ондайлар Сәбиттің әр ақын - жазушы жайындағы түйінді 
ойын,қорытынды  пікірін  елегілері  келмейді.  Мәселен, 
”қазақ  тілінің  негізін  жасап,қазақ  мектебінің  іргесін 
қалаған алғашқы адам-Ахмет” немесе “Абайдан кейін тіл 
өнегесіне  Мағжаннан  асқан  ақын  қазақта  жоқ”  деп  түюі 
оларды құртқаны ма әлде...” Ақындық, жазушылық күшін 
алғанда  Мұхтар  күшті  жазушы.Тіл  сұлулығының  үстіне 
Мұхтар 
кейіпкер 
жасауға 
шебер. 
Мұхтардың 
кейіпкерлерінің  сыртқы  көрінісі  мен  ішкі  сезімі  айқын 
көрініп  отырады.  Байлар  тобының  таптық  кескінін  оның 
кейіпкері арқылы көрсету ретінде Мұхтардан асқаны жоқ. 
Жазуға  шеберлік  жағынан  пролетариат  жазушыларына 
Мұхтардан  үйренетін  нәрсе  көп”  дегені,  1935  жылы 
“Ескілік көлеңкесі” жинағына жазған алғы сөзінде Мұхтар 
қазақ әдебиетіне Европалық мәдениетті сіңіріп жүр деген 
кесек 
ойларды 
айтуы 
сол 
кезеңдегі 
тұрпайы 
социологтардың 
аузына 
түсе 
бермегені 
былай 
тұрсын,қазіргі  Әуезовшілер  Мұхаңа  қимай  ма,  әлде 
саналары  жетпей  ме,  мұндай  кесек  пікірді  айта  алмай 
келеді.”  деген  батыл  пікірі  ұлы  тұлғалардың  тарих 
алдында  ары  таза  екендіктерін  кейінгі  ұрпаққа  сол 
                                                                                                                       
кезеңнің  ахуалын  терең  білетін    аға  ұрпақ  өкілі  ретінде 
ұғындырып кетеді. 
Т.Кәкішевтің  Сәкен  Сейфуллиннің  еңбектерін  де 
осылдай  арзан  әрі  нақақ  жалалардан  арашалап,тарихи 
шындықты  танытатын бірнеше зерттеулері жарық көрді.    
  Кеңес  ақыны  болып,  таптық  идеологияға  адал 
қызмет  етсе  де    сол  жүйенің    құрбаны  болған  Сәкен 
Сейфуллиннің  қиын  тағдырын  қайта  қарап,жаңаша 
байыптаған  зерттеуші  «Сәкен  соты»  атты  кітабында 
көрнекті 
қаламгерге 
жасалып 
жатқан 
бүгінгі 
қысастықтарға    тарихи  фактілерді  келтіре  отырып, 
тойтарыс беруге тырысады. Ал, «Тар жол тайғақ кешудің 
тарихы»  атты  (К.Ахметовамен  бірге)  зерттеуінде    ғалым 
Сәкен  Сейфуллин  жүріп  өткен  қасіретті  өмір  жолын 
санасынан    қайта  өткеріп,  Сәкен  мен  С.  Мұқановтардың 
шығармашылықтары  мен  өмірдегі    қарым-қатынастары 
туралы  талай  шындықтың  беттерін  ашады.    «Мағжан-
Сәкен»,  «Сәбең  әлемі»,    «Сәбит  Мұқанов»  атты 
монографияларында  ғалым  өз  тұрғысынан  тарихи 
тұлғалардың  ел  алдындағы  еңбектеріне  бағаны  жеке 
адамдар емес,тарих беретінін айтады. 
          ХХ  ғасыр  басындағы  Алаш  әдебиеті  мен    оның  ірі 
өкілдерінің  өнегелі  өмірі  мен  қаламгерлік,  қайраткерлік 
істері  жайлы  әдебиетші  ғалым,  қазақ  әдебиеттануындағы 
сатира  жанрының  теориясы  мен  тарихын  зерттеп,  негізін 
қалаған  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор      
Т.  Қожакеев  тәуелсіздік  жылдары    ұлт  мұрасы,  тарихи 


[Введите текст] 
 
 
146 
                                                                                                                       
тағылым  тұрғысынан  жазылған  «Жыл  құстары»,  «Көк 
сеңгірлер» (1992), «Сара сөздің сардарлары» (1995)  атты 
еңбектерін жариялады. Аталған басылымда 1937–38, 1950 
жылдары 
қуғын-сүргінге 
ұшыраған 
Алаш 
ардақтыларының  өмірі  мен  қызметі,  шығармашылық 
мұралары зерттелді.  
Т.  Қожакеев    бұрмаланған  тарихи  шындықты,  30–50 
жылдардағы 
саяси 
айыптау 
қиянатын 
осындай 
заңсыздықтардың 
құрбаны 
болғандардың 
ақталуы, 
олардың  әдеби,  ғылыми  мұраларын  халыққа  қайтару 
туралы  мәселе  көтереді.  Т.  Қожакеев    «Көк  сеңгірлер»
12
 
деп  жиырмасыншы  жылдары  қазақ  журналистикасы  мен 
көсем сөз шеберлерін, қазақ баспасөзінің сол кезде ерекше 
әсер еткен өкілдеріне бөліп алып осылай атайды.  
Бұл  қатарда  ғалым  Ж.  Аймауытов,  М.  Дулатов,        
М.  Жұмабаев,  С.  Сейфуллин,  Б.  Майлин,  І.  Жансүгіров,        
Т.  Рысқұлов,  С.  Қожанов,  О.  Жандосов,  А.  Розыбакиев,          
Ғ. Тоғжанов, И. Тоқтыбаев сияқты ірі тұлғаларды атайды. 
Кітаптың «Сатқындық салтымыз ба, еді?» атты тарауында 
ұлт тарихының қаралы кезеңі, қасіретті 1930 жылдардағы 
саяси  қысымдық,  1937–1938  жылдардағы  қуғын-сүргін 
сергелдеңі, оның  себеп-салдары  неде,  сатқындықта  ма?  – 
деген  сауалға  жауап  іздеген  ғалым  архив  құжаттарына 
сүйене  отырып,  тарих  беттерін  парақтайды.    Ғалым  осы 
ретте  орталықтың  Ежов,  Берия  сынды  қанды  қолдармен 
қатар  «жаппай  жазалауға,  қуғын-сүргінге  ұшыратуға 
өзіміздің  кейбір  адамдар,    органдарымыз  және  туысқан 
                                                                                                                       
халықтардың  жекелеген  өкілдері  себепші  болды»  деп  ,ол 
ойын  дәлелдеу  үшін  әдеби,  тарихи,  нақты  деректер 
келтіреді.  
Темірбек  Қожакеевтің  2007  жылы  «ҚазАқпарат» 
баспасынан  жарияланған  жеті  томдық  «Таңдамалы 
шығармалар» 
топтамасының 
«Тарихи 
танымдар. 
Тұлғалар»  атты  І-ші  томында  тарихымыздың  ақтаңдақ 
беттері  мен  соңында  өшпес  із  қалдырған  Алаш 
зиялыларының 
шығармашылықтары 
мен 
қиын 
тағдырлары 
туралы 
толғау-тебіреністері 
енген. 
«Тәуелсіздік - тамаша табысымыз», «Тәуелсіздік тұғыры», 
«Тәуелсіздік  –  күштілікте,  күштілік  –  көптілікте», 
«Болашақ  бағдаршамы,  игілік  қамы»  деген  тараушаларда 
автор  еліміздің  қаншалықты  қиыншылықпен  қол 
жеткізген  тәуелсіздігін  қалай  қорғап,  баянды  ете  алады 
деген  сауал  төңірегінде  ой  тастайды,  толғанады,  елді  де 
тебірентіп,  ойлантады.  Ал,  «Тараз  тарихынан  тамшылар» 
деген  екінші  тарауда  тарихи  қала  Тараз  туралы,  оның 
жаңадан  ашылып  жатқан  аппақ  беттері,  қойнауы 
қазынаға,  құпияға  толы  тарихы  туралы  ой  толғайды. 
«Біздің 
дәуірімзге 
дейінгі 
ҮШ-ҮІІ 
ғасырларда 
Сырдарияның  орта  тұсынан  ерге  қарай  Тянь-Шань 
тауының  етегін,  Қаратаудың  Оңтүстігі  мен  Теріскейін 
біздің  арғы  ата-бабамыз  Сақтар  жайлаған...  Греция 
саяхатшы-географы  Страбон  Сақтарды  Скифтер  деп 
білген», - дей келе , автор қала тарихының қатпар-қатпар 
қойнауларынан 
сыр 
шертеді. 
Мыңдаған 
тарихи 


[Введите текст] 
 
 
147 
                                                                                                                       
шежірелерді,  ғылыми  зерттеулерді,  құжатттарды  тізеді, 
оқи берсеңіз көптеген тың деректерге, қызықты жәйттерге 
қанығасыз.  Ондағы  тарихи  оқиғалар  мен  ірі  тұлғалардың 
өмірі мен шығармашылықтары да назардан тыс қалмайды. 
Осы  еңбектің  төртінші  томына  Алаш  зиялыларының, 
оның  ішінде  бұрындары  зерттелінбей  келген  Біләл 
Сүлеев,  Мәжит  Дәулетбаев,  Аманғали  Сегізбаев,  Ерғали 
Алдоңғаров,  Жиенғали  Тілепбергенов  т.б  сынды 
тұлғалардың  сатираға  қатысты  еңбектерін  талдайды.  Ал, 
«Сара  сөздің  сардарлары»  атты  зерттеуінде  ХХ  ғасыр 
басындағы    республикамыздағы  қоғамдық-әлеуметтік 
пікірлердің ұйытқысы болған, көптеген газет журналдарда 
қызмет  істеген,  кейін  қуғын-сүргінге  ұшырап,  «халық 
жауы» атанып, қызыл қырғынның құрбаны болған ардагер 
азаматтарымыздың  журналистік  өмір  жолы,  қалдырған 
рухани  мұрасы  сөз  етіледі.  Ғазымбек    Бірімжанов, 
Қалдыбай  Абдуллин,  т.б.  бүгінгі  жастарға  бұл 
қаламгерлердің  жазған  туындылары  түгіл,  есімдері  де 
беймәлім тұлғалардың шығармашылықтары сөз болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет