HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік өлшеуіш тілі күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің мүшесі болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа құрудың стандартты құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML – құжат. HTML – тег директивалары бұрыштама жақшаларына алынады.
Бұрыштама жақшаға алынбаған барлық объектілерді интерпретатор экранда бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды. Тег – браузер интерпретаторына тиісті нақты әр директиваға мәнді қалай өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән тег атрибуты деп аталады. Тегтің атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, <HTML> тегінің атрибуты болмайды.
HTML – құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат денесіне тұрады.
Синтаксис
HTML тегінің жалпы түрде барлық атрибуттарымен жазылу синтаксисі келесі түрде болады:
<тег атрибут аты1= “мән” атр_аты.2 = “мән” атр_аты.N = “мән”> өңделетін мән жабылатын тег> Атрибут мәні тік жақшаға алынады. Тегтің барлығы жұппен болады: ашылатын және жабылатын;
<тег> өңделетін мән тег> Бірігу принципі қаралады:
<тег1> <тег2> өңделетін мән тег2>тег1> HTML-құжаты — бұл *.html кеңейтілуі бар мәтіндік файл (Unix-жүйелері *.html кеңейтілу бар файлдан тұруы мүмкін).
Қарапайым HTML-құжат:
Мысал 1
Сәлем!
Бұл HTML-құжатының қарапайым мысалы.
Бұл *.htm-файл бір уақытта Notepad-да және Netscape-де аша алады. Notepad өзгертуді сақтап, HTML-құжатта бұл өзгертулерді көру үшін Netscape-де жай ғана Reload ('қайта жүктеу') батырмасын басыңыз.
...