Web-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Web-технологиялар дегеніміз - ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер web-технологиялардың техникалық негізі болып табылады.
SPORTAL кешені- Ақпараттық қолдауды және негізгі функцияларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін интеграцияланған ақпараттық кешен болып табылады.
SPORTAL кешеніне қандай функциялар жатады?
білім беру процесін жедел басқару;
студенттердің үлгерімі мен қатысу мониторингі;
қажетті есептік статистикалық құжаттарды қалыптастыру;
жедел және аналитикалық ақпараттық сұраныстарды өңдеу;
сабақ кестесін құру және аудиториялық -өордың жұмыспен қамтылуына талдау жасау;
білім беру үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету;
дистанциялық технологияларды қолдану.
Білім беру порталында барлық оқу кезеңіндегі студенттердің үлгерімі бойынша деректер жинақталғаннан кейін қандай есептер жүргізіледі?
пән бойынша үлгерім тізімдемесі;
жұмыс түрі бойынша үлгерім тізімдемесі;
өндірістік тәжірибе бойынша үлгерім тізімдемесі;
үлгерімнің жиынтық ведомосы;
студенттің қосымша оқу жоспары бойынша үлгерімі;
Жеке оқу жоспарын орындау;
студенттер үшін орташа үлгерім балы (GPA)
студенттерге арналған транскрипт;
қорытынды ведомость;
қорытынды мемлекеттік бақылау бойынша хаттамалар
Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.
Достарыңызбен бөлісу: |