Wiley жаңартылатын энергия



Pdf көрінісі
бет158/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   289
Түйін сөздер: этанол, ферменттеу 
8.1 Кіріспе 
Этанол (C
2
H
5
OH) - мөлдір, түссіз, тез тұтанатын сұйық химиялық зат. Бірнеше мың жыл бойы оны 
су  ерітіндісінде  алкогольді  сусын  ретінде  өндірген  және  пайдаланған.  Этанолдың  өнеркәсіптік 
қолданылуы  да  бар  (мысалы,  жуу  құралдарында,  гигиеналық  косметикада,  лак-бояу  материалдары 
мен  фармацевтикалық  препараттарда)  және  жүз  жылдан  астам  уақыт  бойы  тасымалдау  үшін  отын 
ретінде  пайдаланылды.  Николас  Отто  этанолды  1897  жылда  ойлап  тапқан  іштен  жану 
қозғалтқышында  пайдаланды  [1].  Алайда  этанол  1973  және  1979  жылдары  екі  мұнай  дағдарысы 
болған  кезде  1970  жылға  дейін  отын  нарығына  елеулі  әсер  еткен  жоқ.  1980-ші  жылдардан  бастап 
этанол отын нарығында баламалы отын ретінде, сондай-ақ бензин үшін тотығу қоспасының негізгісі 
болды.  Этанол  синтетикалық  мұнай  мен  табиғи  газдан  немесе  биологиялық  әдіспен  қанттан, 
крахмалдан және лигноцеллюлоза материалдарынан алынуы мүмкін. Биологиялық әдіспен жасалған 
этанол кейде ферменттік этанол немесе биоэтанол деп аталады. Биоэтанолды отын ретінде қолдануда 
CO
2
–нің таза шығарындылары жоқ немесе оларды қатты шектейді және CO
2
 таза шығарындыларын 
азайту  үшін  климаттың  өзгеруі  туралы  Киото  хаттамасын  (1997  ж.)  орындауды  қамтамасыз  етуге 
қабілетті  [3].  Дегенмен,  "бірінші  буын  этанолы"  деп  аталатын  қант  пен  дән  негізіндегі  этанолдың 
тұрақтылығы  жөнінде  көптеген  сыни  ескертулер  айтылды.  Бұл  тарауда  жаһандық  нарық  және 
биоэтанол өндірісі қысқа қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет