Wiley жаңартылатын энергия


Бутанолдың өнеркәсіпте қолданылуы және оның туындылары



Pdf көрінісі
бет206/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   289
9.4 Бутанолдың өнеркәсіпте қолданылуы және оның туындылары 
2007 жылы Дональдсон және бірлескен авторлары, жыл сайынғы өндірілетін 10-12 миллиард фунт 
бутанолдың,  7-8,4  миллиард  доллар  болатындығын  анықтады  [10].  Сол  сияқты,  бутанол  рыногын 
болжамды кеңейту жылына 3% құрайтындығы саналды [11]. Сонымен қатар бутанолдың қозғалтқыш 
үшін жоспарлы ролі ретінде, ол өнеркәсіптік қолдануда кең ауқымы бар. Ол соққыға төзімді шыны 
өндірісінде, суға батпауға көмектесетін тетіктерде (мысалы, бутильді ксантогенат), жуғыш заттарда, 
мұзқатыртпайтын  сұйықтар  мен  косметикада  қолданылады.  Бутанол  сонымен  қатар  экстракциялық 
агент ретінде тағам және азық-түлік өнеркәсібінде қолданысын табуда [6].  
Әлемдегі  барлық  өндірілетін  бутанолдың  шамамен  жартысы  латексті  беттік  жабуларды, 
эмальдарды, лактарды, суперабсорбенттерді, іріткілерді, талшықтар мен тоқымаларды өндіру кезінде 
пайдаланылатын, бутилакрилат және метакрилатты эфир түрінде қолданылады [11].   


 
 
165 
Бутилгликольді  эфир,  бутилацетат,  пластификаторлар,  бутильді  амин  мен  аминді  шайырлар 
бутанолдың  басқа  маңызды  түрлерінің  қатарына  жатады.  Олар  бояуларды  сұйытқыш  ретінде, 
сонымен  қатар  тежеуіш сұйықтықтар құрамында қолданыста  басым  түседі.  Бутанол  сонымен  қатар 
парфюмер  өнеркәсібінде  еріткіштер  және  антибиотиктер,  дәрумендер  мен  гормондар  өндіруде 
қолданылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет