Wiley жаңартылатын энергия


Фотоферменттеуден сутегін алу



Pdf көрінісі
бет257/289
Дата06.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#15710
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   289
11.5.3 Фотоферменттеуден сутегін алу  
Сутегі  мен  көмірқышқыл  газдың  бөлінуімен  бір  мезгілде  көрінетін  жарық  сәулелену  кезінде 
гетеротрофты бактериялардың  қатысуымен  органикалық  қосылыстардың  ыдырауы  фотоферменттеу 
процесі ретінде танымал. Мінсіз субстраттар бұл процесс үшін жалпы азот мөлшерінің (органикалық 
және  бейорганикалық)  төмен  концентрациясымен  органикалық  қалдықтар  болуы  мүмкін.  Бұл 
күкіртті емес қызылкүрең Rhodobacter sphaeroides O.U.001 бактериялары сутегін азық-түлік, сүт, қант 
немесе  спирт  өнеркәсібінен  шығатын  қалдықтардан  құру  процесінде  өте  тиімді  биокатализаторлар 
екені  белгілі  [12].  Сыра  қайнату  зауытындағы  қалдықтарда  органикалық  заттардың  өте  жоғары 
концентрациясы  (оттегіде  орташа  химиялық  қажеттілік  -  ХПК:  0,8–2,5  кг/гл)  сутегін  өндіруде  осы 
қалдықтарды  пайдалануды  ұйғарады.  Сыра  өндіру  кезінде  қалдықтардың  саны  орасан  зор. 
Қалдықтардың  химиялық  құрамы  өндірілетін  сыра  мен  ашу  дәрежесіне  байланысты.  Мұндай 
қалдықтар амин қышқылдарын, ақуыздарды, органикалық қышқылдарды, қанттар, спирттер, сондай-
ақ В тобы витаминдерін қамтамасыз етуі мүмкін. Барлық осы субстраттар сутекті фотобиологиялық 
өндіру  кезінде  тиімді  пайдаланылуы  мүмкін.  Сейферт  және  авторластар  (2010)  Rhodobacter 
sphaeroides O.U.001 (концентрациясы инокуляттардың концентрациясы - 0,36 г құрғақ салмақ/л) және 
116  Вт/м2  жарықтылығы  кезінде  сутегін  фотобиогенерациялау  үшін  сыра  қайнату  зауытының 
ағынды  суын  қолданды  [12].    Ең  жақсы  нәтижелер  120  °С  кезінде  20  мин  ішінде  және  көлемі 
бойынша 10%-ға тең ортада қалдықтардың максималды концентрациясы ағынды суларды стерильдеу 
кезінде алынды. Өндірілген биогаздың негізгі өнімі сутегі болды (90%). Стерильдеуден кейін сутегін 


 
 
204 
тудыру саны үш еселенді (Н2/л ортаның 0,76-дан 2,2 л-ге дейін), ал жарық конверсиясының тиімділігі 
1,7% мөлшеріне жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет