Windows жүйесінің стандартты программалары. Графикалық


WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ



бет2/6
Дата21.09.2023
өлшемі30,95 Kb.
#109563
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
24топ

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға,сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
Пуск => Программы => Стандартные => WordPad (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уакыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын кызметін көрсетеді.
WORDPAD-та құжат құру
WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау

  2. Мәтінді енгізу және редакциялау

  3. Мәтінді пішімдеу

  4. Құжатты сақтау және ашу

  5. Баспаға шығару

Блокнот (Windows 3x)
Блокнот — кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.
Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.
Күнтізбе — бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа. Нақты айтқанда, календарь күнделіктің компьютерлік варианты болып табылады. Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе белгісін» таңдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет