Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері



бет2/2
Дата03.04.2023
өлшемі25,05 Kb.
#78872
1   2
Байланысты:
АКТ зад

Портфель – әртүрлі компьютерлерде өңделген құжаттардың көшірмелерін келістіру үшін қолданылады.
Желілік орта – локальдік желіге қосылған компьютердің дискісінің мазмұнын қарау үшін және онда әртүрлі операциялар жасау үшін қолданылатын арнайы папка.
Тапсырмалар тақтасы - қосымшаларды іске қосу үшін және бір қосымшадан екінші қосымшаға ауысу үшін қолданылады. Тапсырмалар тақтасында Пуск батырмасы, екпінді қосымшалардың батырмасы және индикаторлар орналасады.
Windows-қа қандайда бір команданы орындау үшін, қосымша информация керек болған жағдайда Сұхбат терезе ашылады.
Жанама меню – объектіні басқару жөніндегі негізгі командалардан тұрады. Жанама мәзірді шақыру үшін объектінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Мысалы, тапсырмалар тақтасының үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басса, екпінді қосымшалардың терезелерін басқаратын командалардан тұратын жанама мәзір ашылады. Жанама мәзірінің командалары да сол жақ батырма арқылы таңдалынады.
Қоржын/Корзина – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген арнайы папка. Жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру үшін: алдымен оны белгілеп, одан кейін Файл мәзірінен Восстановить командасын таңдау қажет. Ал бумалар мен файлдарды қоржыннан жою үшін: белгілеп, Delete пернесін немесе батырмасын басу жеткілікті. Қоржындағы барлық бумалар мен файлдарды жою үшін Файл мәзірінен Очистить корзину командасын таңдау керек.
Windows ож-нің негізгі элементі – терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді.
Windows терезесі –Windows-тың әртүрлі программалары орындалатын экранның төртбұрышты аумағы. Әр программаның өзінің терезесі болады. Барлық терезенің құрамы және құрылымы бірдей болады.
Терезенің құрамына келесі элементтер кіреді:
1 – тақырып қатары – программаның аты және терезенің аты көрсетілген терезенің жоғарғы жолы;
2 – терезені жинап қою батырмасы;
3 – терезені қалпына келтіру батырмасы (бұл батырманың болуы терезенің қалпынан тәуелді);
4 – терезені жабу батырмасы;
5 – жүйелік меню батырмасы– терезенің жүйелік менюын ашады;
6 – менюлар қатары – терезені басқару менюларынан тұрады;
7 – саймандар тақтасы – жиі қолданылатын командаларды шақыратын батырмалардан тұрады;
8 – айналдыру сызығы – терезенің мазмұнын қарауға мүмкіндік береді;
9 – жұмыс өрісі – объектіні (текст, сурет, белгіше және т.б.) орналастыруға және олармен жұмыс істеуге арналған жазықтық;
10 – қалып-күй – қалыптың индикаторлары орналасқан төменгі жолақ;
11 – терезенің жақтаулары
Терезе экран бетінде үш түрде болады:
толық экранды – терезе экран бетімен бірдей болып ашылады;
қалыпты– терезе экранның қандайда-бір бөлігін алып тұрады;
жиналған – терезе жиналған күйде .
Терезені жабу: Қосымшамен (программа) жұмысты аяқтау үшін, терезені жабу қажет. Екпінді терезені келесі әдістердің бірімен жабуға болады:
терезені жабу батырмасын басу ;
пернеліктен Alt+F4 пернелер тобын басу;
Файл менюінен Выход командасын таңдау;
терезенің жүйелік менюынан Закрыть командасын таңдау (жүйелік меню батырмасын сырт еткізу).
Оларға қосымша, жүйе құрамында электрондық почтамен, факспен және желімен жұмыс істеуге арналған Интернеттің және ойын программаларының болуы мүмкін.
Windows-тың тағы бір ерекшелігі – Windows ортасында жұмыс істейтін түрлі қосымшалардың өзара әрекеттестігі. Мысалы, алмастыру буфері арқылы не өз терезесін пайдаланып бір қосымшаның берілгендерін екіншісіне ауыстыруға болады.
Кез келген ОЖ үшін файлдық жүйенің орындайтын іс-әрекеттері:
файл құру және оған ат беру;
каталог (бума) құру және оған ат беру;
файлдарды бір дискідегі каталогтардың бірінен екіншісіне не бір дискіден екіншісіне көшіру, іздеу;
файлды не каталогты жою;
автоматты түрде файлдың көшірмесін сақтап қою және т.б.
Windows ож-де файлдың атауы ең көп дегенде 255 символдан, кеңейтілуі 3 символдан тұрады. Атауы мен заты нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: Договор аренды.doc
Файлдың атауында келесі символдарды қолдануға болмайды: * ? \ / | : < > "
Файлдың атауының алдында оның затына байланысты белгіше тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет