1. Word бағарламасының Еже сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктерді ұсынады ?
А. Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін өзгерту.
Ә. Жан бітірім эффектілерін жасау.
Б. Жолдар аралығын, шегіністерді, табуляцияны өзгерту.
В Жүйені қайтадан іске қосу.
2. Мәтін беттерінің нөмірлерін қою үшін қандай әрекеттерді орындау қажет ?
А. Файл- Бет өлшемдері- қажетті параметрлерді таңдау.
Ә. Пішім- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау.
Б. Кірістіру- Бет нөмірлері- қажетті параметрлерді таңдау.
В. Көрініс- Бет сызбасы- қажетті параметрлерді таңдау.
3. Word құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады ?
А. Құралдар- Параметрлер.
Ә. Файл- Ашу.
Б. Өңдеу- Бәрін бөлектеу.
В. Кірістіру- Нысан.
4. Жодар аралығын, шегіністерді, табуляцияны өзгерту үшін қандай әмірлерді
орындау керек ?
А. Пішім- Қаріп.
Ә. Пішім- Мәнерлер мен пішімдеу.
Б. Пішім- Тізім.
В. Пішім –Еже
5. Word бағдарламасында мәтінге (суретке, кестеге) жиекті үстеу үшін мәтінді
бөлектеу және ........... қажет ?
А. Пішім- Жиектер және бояу- қажетті параметрлерді таңдау- Жарайды
әмірлерін орындау.
Ә. Құралдар- Жиектер және бояу- Қажетті параметрлерді таңдау- Жарайды
әмірлерін орындау.
Б. Кесте- жиектер және бояу- қажетті параметрлерді таңдау- жарайды
әмірлерін орындау.
В. Кірістіру- Жиектер және бояу- қажетті параметрлерді таңдау- Жарайды
әмірлерін орындау.
6. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай
тармағында орналасқан ?
А. Өңдеу.
Ә Файл.
Б. Көрініс.
В. Құралдар.
7. Word бағдарламасы құжатында байрақшаның көрінісі мен орналасуын өзгерту
үшін мына әмірлерді орындау керек:
А. Пішім – Еже.
Ә. Пішім- Мәнерлер мен пішімдеу.
Б. Пішім- Байрақша және нөмірлеу.
В. Пішім- Қаріп.
8. Word бағдарламасында Пішім мәзірінің Қаріп қосымшасы .......... мүмкіндік
береді.
А. Word бағдарламасын қайтадан іске қосу.
Ә. Қаріпті, оның түсін, өлшемін және мәнерін белгілеу.
Б. Мәтінді бағандарға бөлуге.
В. Байрақшалы тізімді белгілеуге.
9. Word бағдарламасында мәтінді туралау түрлерінің бәрін атап көрсетіңдер:
А. Ұзындығы бойынша, сол жақ шеті бойынша диагоналы бойынша.
Ә. Тігінен, ортасы бойынша, көлденеңінен.
Б. Сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша,ені
бойынша.
В. Ені бойынша, көлденеңінен.
10. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін .......... керек.
А. Құжатты сақтау.
Ә. Құжат аймағының кез келген жерінде шерту.
Б. Құжатты жабу.
В. Компьютерді қайта қотару.
11. Word бағдарламасында бөлектелген үзіндіні бояу тапсырмасы.......... орналасқан
А. Файл- Жиектер және бояу мәзірінде.
Ә. Көрініс- Жиектер және бояу.
Б. Анықтама- Жиектер және бояу.
В. Пішім- Жиектер және бояу- Бояу мәзірінде.
12. Word бағдарамасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі ?
А. Күлгін.
Ә. Көк.
Б. Қызыл.
В. Жасыл.
13. Microsoft Office дестесінің Microsoft Word бағдарламасы қандай қызмет
атқарады ?
А. Жан бітірімді, мультимедиалық нысандарды әзірлеуге арналған Microsoft
Office бағдарламасы.
Ә. Мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарап шығу, өңдеу және басып шығаруға
арналған Microsoft Office дестесінің бағдарламасы.
Б. Өзі бағдарланатын кестелік процессор болып көрінетін Microsoft Office
дестесінің бағдарламасы.
В. Көрсетілімдерді, яғни сөйлесуге арналған суреттемелерді әзірлеуге
арналған Microsoft Office дестесінің бағдарламасы.
14. Word бағдарламасында құжаттың бөлектелген мәтінін бірнеше бағанға бөлу
үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек ?
А. Өңдеу- Бағандар
Ә. Пішім- Бағандар
Б. Көрініс- Бағандар
В. Құралдар-Бағандар
15. Word бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтімі қандай ?
А. bmp
Ә. doc
Б. txt
В. ppt
16. Word бағдарламасындағы қай әмір құжатта керекті жақтау жолағын жасауға
мүмкіндік береді ?
А. Көрініс- Беттеу
Ә. Файл- Бет өлшемдері
Б. Пішім- Сипат
В. Көрініс- Үстінгі және төменгі дерек атаулары
17. Word бағдарламасы терезесінде қай мәзірде тізім мәнерін таңдауға болады ?
А. Кесте
Ә. Құралдар
Б. Кірістіру
В. Пішім
18. Сақтау әмірін Word бағдарламасы мәзірінің қай қосымшасынан табуға болады ?
А. Құралдар
Ә. Файл
Б. Өңдеу
В. Пішім
19. Құжаттың ағымдағы бетін бөлімнің нөмірін, беттін санын және т.б. бейнелейтін
элемент- бұл........
А. Сызғыш
Ә. Стандартты үстел
Б. Күй жолағы
В. Пішім үстелі
20. Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді
орындау қажет ?
А. Сөздің алдын үш рет шерту
Ә. Сөзді шерту
Б. Сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту
В. Файл- Бөлектеу әмірін орындау
21. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша
көрсетіледі ?
А. Қызыл
Ә. Көк
Б. Жасыл
В. Күлгін
22. Қаріп сұхбат терезесі қай қосымшада орналасқан ?
А. Пішім
Ә. Көрініс
Б. Файл
В. Құралдар
23. Word бағдарламасы терезесінде Файл, Өңдеу, Көрініс, және т.б. әмірлер тобы
қайда тұрады ?
А. Тапсырмалар аймағында
Ә. Мәзір жолағында
Б. Стандартты құралдар үстелінде
В. Пішім құралдар үстелінде
24. Пайдаланушы Word бағдарламасы терезесінің айналдыру сызығының
көмегімен .........
А. Құжатты сақтай алады
Ә. Құжаттың қажетті бөлігіне орын ауыстыра алады
Б. Тағы бір құжатты аша алады
В. Әріптердің тізбектілігін ескере отырып, сөзді іздеуді жүзеге асыра алады
25. Мәтінді құжатқа енгізу кезінде пернесін қашан басу қажет ?
А. Әрбір беттің соңында
Ә. Әрбір сөзден кейін
Б. Әрбір еже соңында
В. Әрбір жолдың соңында