Алтын орда мемлекеті Жошы хан Берке хан Жәнібек хан Алтын орда хандары
Берке хан (1256 – 1266 ж.ж)
Берке хан (1256 – 1266 ж.ж)
1262 жылы Египет сұлтаны Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым – қатынас орнату үшін өз елшісін жібереді.
Орда беделінің өскендігін көрсететін бір жағдай – Берке ханның Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл монғолдық құрылтайға қатысудан бас тартуы.
Берке хан – Алтын орданы одан әрі күшейте түсу үшін мұсылман дінін қабылдайды. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырады.
Орта Азияда мұсылман дінінің орталығы болған – Үргеніш, Бұхара қалаларымен байланыста күшейтеді.
1266 жылы Берке хан Кавказ жеріне жорықта қаза табады.
Алтын орда мемлекеті Меңгу – Темір (1266 – 1280 ж.ж)
1271 жылы Меңгу – Темір хан өзінің Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысып отырған екі елдің арасындағы Византияға қарсы жорыққа шығады.
Өз атынан теңге соқтырады.
Алтын орда мемлекеті Меңгу – Темір таңбасы.
Алтын орда мемлекеті Тохты хан (1290 – 1312 ж.ж)
Алтын орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосқан.
Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандырып, Египет мәмлүктерімен тығыз қарым – қатынаста болған.
Алтын орданың гүлденген кезі Өзбек хан (1312 – 1342 ж.ж) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342 – 1357 ж.ж) билік еткен тұстары болды.
Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген.
Сарай – Беркеге жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қаланы көркейткен.
Қалаларда медресе салдырып, мұсылман дінінің таралуына себебін тигізген.
Өзбек хан Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған.
Өзбек ханның кезінде 1312 жылы мұсылман діні – мемлекеттік дін болып жарияланды.