Xix ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы



бет1/3
Дата30.11.2023
өлшемі53,33 Kb.
#131354
түріСабақ
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
практика

Орындаған: Капарова Молдир


Тобы: КОК-217
Тексерген: Қажыбай Аян Төлегенұы

2023 жыл
№6 практикалық сабақ жұмысы


Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия. Махамбет Өтемісұлының өмірі. Шығармашылық мұрасының жиналу, басылым жайы. Зерттелуі. Ұлттық саяси лирика

  1. Махамбет Өтемісұлының өмірі. Шығармашылық мұрасының жиналу, басылым жайы. Зерттелуі.

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан «Шайыр» жинағында да басылған. Осы жинақта «Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі» деген атпен ақынның «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен, мен едім, мен едім» толғаулары берілген. Махамбет өлеңдерінің тиянақты бастырылуы мен зерттелуі революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды. Атап айтсақ, Халел Досмұхамедұлы құрастырған «Исатай Махамбет» кітабы, «Жаңа мектеп», «Сәуле» журналдарында Махамбет өлеңдері жарияланды. Махамбет өлеңлерін жинау, жариялау, зеттеу ісінде белгілі ғалым Қажым Жұмалиев елеулі еңбек етті. Ол Махамбет өлеңдерінің 1939, 1948, 1951, 1958, 1962 жылғы басылымдарын жариялады.Ғалым Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, Б.Аманшин сияқты әдебиетшілерге сүйенді. Махамбет творчествасы туралы басқа да ақындар жазған мақала, еңбектер жоқ емес. Мысалы, С.Зимановтың Бөкей хандығы туралы ескертулерінің маңызы ерекше. Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты деректерлі, Махамбет өлеңдерін жинау, жариялау ісінде жазушы Берқайыр Аманшин бірқатар еңбек етті.Ақын өлеңдері санатына педагогика ғылымының кандидаты Қ.Мырзалиев, журналист Н.Жұмалиев деректеріне сүйеніп, жаңадан «Еңіреу ұлы емшек боз», «Кел кетелік», «Жақия» тағы басқа бірқатар өлеңдер қосты. Махамбет өлеңдерінің 1974, 1979 жылғы жинақтарын дайындады. Махамбет өлеңдері 1989 жылы «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томында жарық көрді. Махамбеттің творчествасына М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, И.Жолдыбаевтар оқулықтарында (1933 – 1934 жылдары шыққан) біршама орын берілді. Жалпы, Махамбеттің бізге жеткен шығармасының саны — 80 – ге жуық болса, соның жиырма шақтысы көтеріліске дейін туғаны сезіледі. Солардың біразында жас ақын жыраулық дәстүрді ұстанғаны көрінеді. Ол бірде ежелден қалыптасқан, көп жырау қолданған, тіпті эпосқа да кірігіп кеткен тұрақты формулалар мен шумақтарды пайдаланса, бірде көрген түйгені мол мосқал адамша нақылдап сөйлейді, ендігі кезекте ақыл айтып, көп нәрсені қорыта, жинақтай баян етеді.
Ақынның мұрасы әдебиеттану ғылымының обьектісі де болды. Алайда, зерттеу еңбектер де, негізінен, идеологиялық схематизм мен орыс әдебиетінің үлгісімен талдау орын алды. Сөйтіп, Махамбеттің шығармалары реализм, романтизм, оптимизм, пессмизм деген «измдер» тұрғысынан зерттелді. Белгілі бір аспектіде бұл да қажет шығар. Бірақ көп жағдайда қазақтың қлттық көркем ойының даму заңдылықтары ескерілмеді. Соның салдарынан Махамбеттің өзіндік ерекшелігі тар аяда, тек күрескер ақын деп танылды. Ал оның өзіміздің көркем ойымызға қосқан үлесі және өлең сөзді ойнатудың шеберлігі толық ашылмады. Ол өзінен бұрынғы поэзияны қалай пайдаланды, оған өзі не әкелді, ақын қандай қоғамдық мәні бар проблемаларды шығармашылығында қамтыды деген мәселелер, өкінішке қарай, тиісті дәрежеде сөз болған жоқ. Махамбет өлеңдерінде көркем тілдердің жеке жеке барлық түрі де кездеседі. Махамбет өлеңдерінде эпитет,теңеу,әсірелеу,литота ауыстыру мағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түргеде жиі ұшырайды. Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге шеберлігін дәлелдейді. Бұл жағынан алып қарағанда да Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігіне ешкім шек келтіре алмайды. Сонымен қатар Махамбет нені айтсын,нені суреттесін мейлінше еркін,жеріне жеткізе, ар жағында ештеңе қалмағандай,онан асырып ешкім айта алмағандай етіп суреттейді. Махамбет лөлеңдерінің тіл мәслесі жөнінде айтар болсақ, мазмұнымен тығыз байланыста қараймыз. Қорытып айтқанда, Махамбет шын мәнісіндегі көркем сөздің ұстасы. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғам суреттеумен қатар, ол кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан, оның лирикасын — әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Осы қасиетті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр — мазмұнның тура болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұңайма», «Айныман» деген өлеңдері, мазмұнына түрі сай жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жырлай арнау, не сұрай арнау немесе «риторикалық сұрау» болып отырады.
Қанды көбе киініп,
Бір Аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде
Кім жеңері талай — ды.
Жолдастарым мұңайма!-
дейді ақын. Мұндағы «азамат, жолдастарым» деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай. Махамбет өлеңдеріне бұл тәрізді үгіт өлеңдерімен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері, жоқтау өлеңінің үлгісінде құрылады. Махамбет поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Соғыс», «Толғау» деген алғашқы өлеңдері де дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстінен халық қаһарының бұлты төнген күндерді ақын өзгеше шабыт, ынтамен жырлайды. Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай. Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай. Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай, - деген сөздер бір ғана батырларды емес, өзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын. Өлең 19 жолдық шуақпен біткен. Соның алғашқы 18 жолы бітпеген, көсемшелі бағыныңқы сөйлемдер, басыңқы сөйлем - ең соңғы « Ерлердің ісі бітер ме » дейтін бір ғана жол. Ақынның ойынша тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – күрес.

  1. Махамбеттің көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі өлең-толғаулары. «Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс», т.б. Махамбет өлендеріндегі азаматтық үн, ерлік рух.

Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн, - 32 деген үзіндідегі «мұнар», «шұбар» деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруде үлкен мәні бар. Исатайды ел қамқоры етіп көрсету үшін: «Қызғыштай болған есіл ер» - дейді. Қазақ елінің ұғымында бұл жақсы түсінік беретін теңеу. Ал оның ерлігін көрсетейін деген жерде оны арыстанға балайды.: Арыстан еді-ау – Исатай, Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен,- деп оның ерлігін метафора арқылы көрсетеді. Махамбет шығармаларында жай теңеу, не метфорның ұлғайған түрі көп кездеседі. Мысалы: Мен тауда ойнаған қарт марал, Табаным тасқа тиер деп,- Сақсынып шыққан қиядан, - деген үзінді бұған толық мысал бола алады. Махамбеттің: Қой мойынды, көк жұлын... Көк жұлынды жетелеп, - деген екі жолындағы метонимия әрі орынды, әрі шебер болып шыққан. Бұл сықылды метонимиялар Махамбетте көп. Махамбет өлеңдерінде ауыстырудың алуан түрлері кездеседі. Сонымен қатар, оның өлеңдерінен фигураның түрлері де көп кездеседі. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Көл қорыған сен едің – Сен де айрылдың көліңнен. Ел қорыған мен едім – Мен де айрылдым еліменен, - деген параллелизм, немесе: Борй да борай қар жауса, Қалыңға боран борар ма? Қаптай соққан боранда Қаптама киген тоңар ма? Деген риторикалық сұраулар, фигураға жатады. Жазба поэзиясының озық шығармаларына ғана тән құбылыстар Махамбет өлеңдерінде жиі ұшырасады. Анаформа мен эпифораны өлең құрылысына жетік ақындар көп қолданады десек, Махамбет те солай. Ақын өз өлеңдерін арнау түрінде жазады. Батырға, ханға, ел-жұртқа, өзіне арнай, қарата, сұрау қоя сөйлейді. Лашын сұңқар жүн төксе, Далада қалған сүйек деп, Шеніне қарға жолар ма?.. немесе: Алаштың байлығынан не пайда, Тарығып келген ерлерге Қайыры оның болмаса? 33 Ақынның көп өлеңдері нақыл, мәтелге толы. «Аспандағы бозторғай», «Ай артында бір көл бар», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек» және басқа жырлары нақыл сөздерден тұрады.

  1. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдеріндегі Исатай батырдың тарихи тұлғасы.

Махамбет – ұлт-азаттық күрестің күрескері,бостандық жыршысы. Ақынның көтеріліс алдындағы, көтеріліс барысындағы және көтеріліс жеңілгеннен кейінгі шығармалары: «Ұлы арман», «Ереулі атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс», т.б. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай батыр бейнесі. «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдері. Махамбет суырап – салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке бір табан жақын тұр. Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді. Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болды. Оның реалистігін әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді. Ескі өмірді, хан билеген кесапатты заманды өзінің шындық бейнесінде көрсетіп, Махамбет феодалдық құрылыстың сырын батыл да анық ашып берді. Махамбет — қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан . Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді. Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. "Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. Махамбет өлеңдері көтерілістен кейінгі тарихи шындықты да дұрыс баяндап береді. Махамбеттің бірқатар өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек, мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым-қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде, не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық баяндау сарыны жалынды лирикамен сарындас келеді. Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Басушы едік құлаштай! Жәбір беріп, жапа етсең, Былғанған басым ласқа-ай! «Соғыс» деген өлеңінде хан, патша әскеріне қарсы тұрған халық қимылы үлкен пафоспен жырлаған: Әскер жиып аттандық, Бекетай еді тұрағым, Айғайлап жауға тигенде. 35 Ағатай, беріш- ұраным. Бекетай құмға ел қонып, Байтақты Жүніс аттанды Қосылуға дем болып «Құдайлап» хан ұлы, Іздеген жауы біз болып, Жау қарасы көрінді. Жиылған әскер білінді. Исатай- басшы, мен –қосшы, Исатайдың сол күнде Ақтабан аты астында, Дулығасы басында, Зығырданы қайнайды. Астына мінген Ақтабан Ақ бөкендей ойнайды, Қасына ерген көп әскер Маңыраған қойдай шулайды. Мұнда соғыс суреті халық психологиясы жағынан әсіреленіп берілген. Екі жақты бағыттар шендестірілген. Мысалы, халық жауға « айғайлап тисе », Ақтабан «ақ бөкендей ойнайды», Исатайдың «зығырданы қайнайды», оның соңына ерген шаруа, халық « маңыраған қойдай шулайды ». Аттың қимылы еркін, момын аңы- бөкенге теңелген. «Ойнайды», «қайнайды» - метафора. «Ер Сары мен Қалдыбай, екі арыстанға теңейді.» Хан ордасына келгенде «хан әскері кенелді» дейді. Психология, бағыттар бітімсіз. «Құдайлады хан ұлы» деу - сықақ, әжуа. Патша әскеріне « мылтығын қардай боратып » дейтін теңеу қолданады. Ескілік - аязды қысқа мегзелген. Осы жердегі Исатай бейнесі айрықша романтикаланып жырланған: Жау бір өрттей қайнайды... Толғай-толғай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын қақыратқан, Тебінгісін тесе атқан, Тізгінінен кесе атқан. Біздің қайсар батырдың Жүрегін сөйтіп оятқан... Осындағы мінез бен қимылды қат - қабат суреттейтін эпитеттерден (кесе атқан, тесе атқан, қайсар батыр) ақынның пафосы жақсы көрінеді. Сөз кестесі батырлық жырларына ұқсас, бірақ таптық мазмұн мен идея жаңарған. Исатай заман қаһарманына айналған.



  1. Махамбет өлеңдерінің көркемдік сипаты. Сөз қолданыс қырлары, тіл кестесі.

Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды. Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар (импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек. Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ, бәрі дерлік, жыр ағымымен (7-8 буынды) келеді. Ол кездейсоқ емес. Батырлар жырында суреттелінетін әралуан ерлік қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-жек айқас т. б. Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән суреттеу әдісін керек ететіні бізге мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде ұғынбауы мүмкін, бірақ, сезінбеуі мүмкін емес. Бұл оларға табиғи нәрсе. Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді. Біздің байқауымызша, ойдан тез шығарып айтушыларға, белгілі синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін шумақтарының бірыңғай болып келуін қажет қылатын он бір буынды өлеңнен көрі жыр ағымымен келетін жеті-сегіз буынды өлең құрылысы әлдеқайда жеңіл тәрізді.. Өйткені жыр ағымымен шығарылған өлеңдерде синтаксистік бір ойдың бітуі үшін шумақ төрт, не сегіз жолдан бітуі және алдыңғы шумақ құрылысы, өлеңнің соңғы жолдарында сақталып отыруы, немесе шумақ төрт жолдан құрылса үш жолы ұйқасып, бір жолы ұйқассыз қалуы (а-а-в-а ) шарт емес. Жыр ағымында шумақ аз жолдардан да, көп жолдардан да құрыла береді. Мысалы, Махамбеттің «Ереулі атқа ер салмай» атты өлеңі 19 жол. Бір-ақ шумақ. 19 жол өлең көп бағыныңқылы бір-ақ сабақтас сөйлемнен құрылады. Сонымен қатар, жыр ағымдарында, көбіне, ұйқас ерікті болып келеді. 11 буынды өлең тәрізді белгілі бір ойды айтып беру үшін 1-2 4 жолдары ұйқасып, 3 жолы ұйқассыз қалып отыратын тәртіп жоқ. Ой қалай бітсе, өлең жолдарының ұйқастары да соған бағынады. Бұл өлең құрылысы импровизаторларға анағұрлым жеңіл соғатынға ұқсайды. Әрине жыр ағымы импровизаторлықтың негізгі шарты емес, кейде бұл үйрену, ақынның дағдылануымен де байланысты болуы мүмкін. Махамбет өлеңдерін буыны жағынан қарастырсақ үш түрлі өлең құрылысы барлығы аңғарылады. Он бір буынды, жеті буын мен сегіз буын араласып келетін жыр ағымы, таза жеті буынды өлеңдер. Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай». Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді. 7 мен 8 буын аралас келетін өлең түрлері:
Бұл дүниенің жүзінде (7)
Айдан көркем нәрсе жоқ, (7)
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,(7)
Күндіз бар да, түнде жоқ.(7)

  1. Махамбет поэзиясының жанрлық сипаты. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Ақын толғауларындағы жаугершілік заман күйі. Жауынгер мұраты түскен жыраулар поэзиясымен мазмұндық түр, өлең үлгісі, сөз қолданыс жөнінен туыстығы.

Махамбет поэзиясы ─ ерліктің, өрліктің поэзиясы. Ақынның асыл сөзінің маржан ырлары ─ жыраулар поэзиясымен үндестігі. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух, батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді.
Махамбет жас шағында Жәңгір ханның қолында болады, бірақ туысынан өр мінез, өжет жанды Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады.
Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің Махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. Трибун ақынның әлеуметтік өмірге қатынасуының өзі шаруалар көтерілісімен тығыз байланысты еді. Махамбеттің көтеріліске үндеген тамаша шығармаларын шектен тыс езушілік пен теңсіздікті қарсы шықан халық күші туғызды. Демек, ақын толғауларының барлығынан дерлік көтеріліс рухы, елді езгіші хан - сұлтандарға қарсы үндеушілік айқын сезіледі.
Махамбеттің толғаулары түр жағынан алғанда ескі дәстүрді сақтады, дегенмен өзін мазмұны, жалынды пафосы, зор жігері секілді қасиеттерімен қазақ поэзиясына ерекше жаңалықтар әкелді. Кейін ұлы ақынның үлгісін Батыс Қазақстанды мекендеген ақындардың көпшілігі пайдаланды, үйренді
бірақ бұл мәлімет
Қарадан бір-ақ тусайшы-
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарғаМахамбет өзінен бұрын ғұмыр кешкен Асан Қайғы , Доспамбет жырау , Шалкиіз ақын т.б. шығармаларын арқау ете отырып ауызша шығармашылыққа ден қойды. Даланың батыр – сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Халық осы сарбаздарды, ақындарды, композиторларды, ойшылдарды жақсы көрді. Осы дәстүрді жалғастыра отырып Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне сәйкес келді. Ол тек сарбаз – ақын ғана емес, өз шығармаларын орындаушы да болды. Өзінің алдындағы поэтикалық дәстүр сабақтастығымен бірге, Махамбет музикасының ғұмыр кешкен дәуірге әрі өзінің жеке басына байланысты қайталанбас та жеке – дара ерекшеліктері бар. Дәстүрлік пен сыр – сипаттың қос бірлігі дала жыршысы шығармашылығының өзегіне айналды. Махамбеттің барлық жырлары даралығына қарамастан, ортақ рухпен, көркем мазмұнмен өрнектелген. Махамбеттің жырларында эпос, драма мен лирика бір – бірін алмастырып қана қоймай, өзара жымдасып жатады.Ақын шығармаларының тақырыбы әр жырының тұтастығын, гармониялық бірлігін сипаттайды. Таным мен сипаттың осы мән – мағынасы Махамбетке жалпы түрде адамдардың әлеуметтік мінез – құлқының сыртқы күштерге, ішкі жан дүниеге қатысты, сондай – ақ ойы мен көңіл күйінде айналшықтап отырады. Махамбет жырларындағы кейіпкерлер кездейсоқ емес, ол сол дәуірдің шынайы қажеттілігінен, әр түрлі әлеуметтік мүдделердің қарсы тұруынан туындаған. Махамбет өзінің болмыс – бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер – сарбаз ретінде тиянақтаған. Махамбеттің жыр-жебелерінің тақырыбымен айқындалған әлеуметтік сипатта, әрине, жан-жақты һәм күрделі де, шым-шытырық қоғамдық байланыстар мен қатынастарға бойлау басым.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. 

  1. Махамбеттің «Мені». Махамбеттің жаңа үлгідегі сыр-толғаулары, сөз айшықтары. Махамбеттің өлең құрылысы.

Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге күш салдық. Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді. Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге күш салдық. Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді. Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді. Махамбеттің қай өлеңін алсақ та терең мазмұнды тамаша көркем образдарға бөлеп, өлең сөйлемдерінің логикалық жағын шебер байланыстыруында. Сондықтан белгілі зерттеушілер болмаса жәй оқушылар оны кейбір жолдарының буын артықтығын аңғармай да қалады. Өйткені өлеңнің мазмұны оқушыға тек солай құруды, сондай сөздерді керек ететін тәрізді ой-сезім туғызады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан атышулы өлеңінің бір жерінде:
Шамдансам жығар асаумын.(8)
Шамырқансам сынар болатпын,-(9)
деген жолдарында буын сандары, өлеңнің жалпы құрылысынан бөлекше келгендіктен олқы соғып отыр деп кім айта алады? Өзінің өршіл ерліктерін көрсету үшін, ол жауының алдында тек солай сөйлеуге ғана тиісті тәрізді. Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.

  1. Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, C.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың Махамбет поэзиясын бағалауы.

1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы пікірлер бойынша, “Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен…”-делінген. Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы. 927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді. Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет тарихының очеркінде” кең талдады. 1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды. Халел Досмұхамедұлының қазақ тарихындағы Исатай-Махамбет көтерілісіне байланысты тұжырымының аса құндылығын Мұхтар Әуезов атап айтады. “Тарихтың дәл суреттерімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Халел Досмұхамедұлының “Исатай-Махамбет” жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгерұлының “Қазақ тарихынан” деген еңбектерін қарап өтсін дейміз” [10, 143 б.]. Х. Досмұхамедұлы көтерілісті “ұлы қимыл” дейді. “Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырлардағы қазақтың қозғалысының ең күштілері – Сырымдікі, Исатайдікі, Кенесарынікі. Үш қозғалыстың да мақсаты – қазақты орыстың жәңгірлік құшағынан құтқару” [13, 69 б.]. Х. Досмұхамедұлы көтерілістің саяси мәнін ұғындырып, ғылыми түсінік берді. “…Патшалар заманында өлгенінше көпті соңына ертіп кеткен жалғыз Исатай. Исатайдың көпті ертетін ұраны болған. Исатайдың көпке шашқан ұраны Махамбет батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен ап-анық көрініп тұр… Махамбеттің Байекеге айтқан сөзіндей қазақ арасында еш уақытта ханға сөз айтылған емес” [13, 71 б.]. Тарихтың ел әдебиетіне ықпалын да ажыратып айту, атап айту үрдісі
А. Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезовтен басталды. “Исатайдың қимылы он тоғызыншы ғасырдағы ел әдебиетіне көп әсер берді. Исатайдың ісін дұрыстап ең әділ сөз шығарған беріш Қуан жырау. Алаша Сарыбопа бидің Қуан жыраудың сөзіне тоқталып, ұстаудың орнына Исатайға көмектес болғанын жоғарыда айтқанбыз. Екінші, Исатай туралы көп сөйлеген Исатайдың жолдасы Махамбет жырау. Махамбеттің сөзі өте көп болған. Орал, Торғай, Бөкейлік, Маңғыстау елдерінің арасында Махамбеттің сөздерін айтатын жыршылар күні кешеге шейін көп еді” [13, 74 б.]. Х. Досмұхамедұлы Исатайдың көтерілісі қазаққа өзінің ел екенін білдірді, жұрттың ұлт сезімін қозғады, қазақтың бірігуіне себеп болды деп баға берді. Х. Досмұхамедұлы Исатайдың жаққан оты бір өшіп, бір сөніп қырық жылдай тұтанды, Исатай көтерілісінің соңы 60-70 жылдағы ауа болды дейді. “Полферов деген орыстың сынында 1860-1870 жылғы ауа” бұғауларына үйренген құлдардың көтерілісі еді. Х. Досмұхамедұлы көтеріліс сабақтарын саралауынан тарихи жағдайды тәптіштей ұғындыру үрдісінің негізін көреміз. Махамбеттанудағы белгілі бір дәуірдегі қазақ тарихын айқындау үлгісі осылай туып, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов еңбектерінде жалғасын тауып, әдебиеттанудағы өміршең үрдіске айналды. Х. Досмұхамедұлы Ресей патша үкіметінің қазақ еліндегі хандық билікті жою процедурасын алғаш дұрыс бағалап, ұғындырған зерттеуші. Халел Досмұхамедұлының айқындауында: Патша өкіметіне Исатайдың көтерілісі көп тәжірибе берді. “Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (1942) еңбегінде Сәбит Мұқанов Махамбет шығармашылығын “Бостандық күресі” бөлімінде қарастырады. Еңбекте көтеріліс тарихына байланысты кең, мол мәлімет бар. Тарихи жағдайдың тікелей әдебиетке әсері жағынан зерттелуі – еңбектің құнды бір қыры.
С. Мұқанов көтеріліс тарихына қатысты зердеулеріне мынадай мәлімдеме берген: “Бұл очеркте біз, Исатай-Махамбет көтерілісінің кейбір негізгі справкаларына болмаса, жалпы жағдайына аз тоқтадық. Себебі ол туралы жазылған тарихи еңбектер көп. Біздің бұл очеркте көбірек көңіл бөлетініміз – бұл көтерілістің көркем әдебиетке әсері” [9, 3 б.].
М. Әуезов Махамбет поэзиясының қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы аса кең айтқан зерттеуші. Соның ішінде Исатай-Махамбет, Кенесары көтерілісінің тарихи себептерін айқын айтты. Назар аударар бір жай М. Әуезов көтеріліске қатысты іс, қимыл, оқиға, соғыс сөздерін басым қолданады. “Исатай өз заманында зор іс істеп өтті”, “Исатайдың жорығын жырлаған Ығылман ақын”, “Ығылман анығында Исатай қолында болса да, сол оқиғаның артынан ел есінде қалған жанды әңгіменің қызуын өз басынан аңғарған ақын”, “Бұл жорықтың алдында он жыл бойы созылған ұлы оқиғалар мына жырда көрінбейді. Сол себепті Кененің орысқа қарсы шыққан соғысы, өзбекпен жасаған соғысы болсын, яки кейбір қазақ руларымен кездескен ұрыстары болсын – барлығының жайын айтып, солар турасындағы соғысқа айдаған себеппен мақсатты жыр шеңберінен шығып алып баяндауды қисынсыз
көрдік” – деп М. Әуезов көтерілістің отыршылдыққа қарсы бағытына баса назар аударады
4. Академик Қажым Жұмалиевтің Махамбет шығармашылығын зерттеуі. Махамбеттану ілімін өрістетуі. Махамбет шығармаларын жиыстыруы, туу тарихын айқындауы.
Көтеріліс тарихы, оның әдебиетке әсері Қажым Жұмалиевтің Махамбет Өтемісұлының өмірін, шығармашылық мұрасын тұтас қамтып зерттеген. махамбеттану ілімінің іргесін бекітіп, өрісін кеңейткен еңбектерінде де жан-жақты бағаланды. Атап айтар бір жай Қ. Жұмалиевтің көтеріліс мәртебесін екіұшты, екіұдай пікірлерден Махамбет поэзиясындағы күрес үнімен, ұлы рухпен сабақтастықта қарау арқылы арашалауы, қапысыз ақтап көрсетуі. Бүгінде өрісті ғылым арнасына айналған махамбеттану тарихы – Махамбет поэзиясының құндылығын ашып-айқындау, ғылыми негіздеудің тарихы. Махамбеттің көркемдік әлемін тану – Махамбеттің ақындық алымын көрумен бірге белгілі бір дәрежеде қазақ өлеңінің табиғатын тану. ХІХ ғасырдағы поэзияның дәстүрлі үлгілерін өзгешелік сипаттарын шолу. Сол орайда қазақ әдебиеттану ғылымы Махамбет поэзиясын жанрлық, сөз айшықтау тәсілдері, сөз қолданыс, өлең үлгісі, өлеңдік құрылым жөнінен қарастыру арқылы қазақ өлеңінің теориясын байытты, негіздеді. Қажым Жұмалиевтің Махамбет жайлы зерттеуіндегі өзгеше бір теориялық тұжырым – Махамбеттің реализмі мәселесін қарастыруында. Ең әуелі Махамбет реализмі көтеріліс, тарих шындығын, оқиға шындығын бұрмай айтуында дейді Қ. Жұмалиев. Онан әрі ақынның өмір шындығын көркемдікке көшірудегі шеберлік шындығына тартады. Өмірдегі жай мен өлеңдегі әдіс, тәсілдердің сабақтастығын, теориялық негіздемелерін жасайды. Қ. Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің шығарылу мерзімі жайлы ғылыми сұңғылалық танытады. Ол Махамбет өлеңдерін тақырып, мазмұн, жер аттары, ел аттарына қарап хронологиялық жағынан екі кезеңге бөлуге болады дейді. Көтерілістің алғашқы кезеңі, 1829 жыл мен 1838 жылдар. 1838 жыл мен
1846 жылдар арасы. Қажым Жұмалиев Махамбет поэзиясындағы элегияны талдауында үлкен теоретик. Өлең білгірі. Саяси мәннен гөрі енді ғалым өлеңнен адам жан күйін тұтас көру мүмкіндігін барынша кең қамтып ашады. Оның элегияны түр-сипат жағынан танытуы Махамбет поэзиясының жанры, стильдік ерекшелігі мәселесін айқындауда ғана емес, қазақ өлеңінің жаратылысын ашу, ХІХ ғасыр әдебиетінің даралық, беласқан сипаттарын саралаудың қазақ әдебиеттануындағы анық бір үлгісі болып орнықты. “Махамбеттің 1838 жылдан кейінгі өлеңдерінің көпшілігі лирика-элегиялық өлеңдер. Элегия – ақынның өмір жолындағы өз басынан кешірген қиын-қыстауларының сәулесі, ішкі көңіл күйінің көлеңкесі десек, 38 жылғы үлкен апаттан кейін ақын өлеңдерінің көпшілігі элегия болып келуі заңды” [16, 323б.].
Қажым Жұмалиев Махамбет поэзиясын жанрлық жақтан зерттеудің профессоры, кәнігі майталманы. Кей тұста замана ағымы өлең сөздің, сөз өнерінің білгірі Қажым Жұмалиевті де ”тура жолдан тайдырып“ отырады. “Көңілдің көлеңке жағының көрінісі”, “ішкі жан күйініші”, “жүрек тербеткендей жылы, ой қозағандай терең”, “оқушыларының ет-өзегін үзгендей ақынның өткір жырлары” сияқты тіркестерден зерттеушінің Махамбет өлеңіне үздіге үңілгенін, жыр шәрбатын армансыз сіміргенін бүкпесіз жеткізіп жатқанын өзінде Қажым Жұмалиев Махамбет жырын сонда да тұтастай ақындыққа жығып бергісі келмейді. Өлеңнің ішіне кіріп кетіп, өлеңше талдауға қаншалықты үздігіп тұрғанымен, “саяси қараңғылық” тізгінді тарта ұстауға мәжбүр еткендей. Махамбет ақынның ақындығынан гөрі бұқарашыл, халықшыл көтеріліс күрескеріне “демократиялық бағыт өкіліне” іш тарта сөйлейді. Бұған қарап Махамбет ақындығын ашпады деу емес, ашқанда қандай етіп ашты десеңізші! Соның үшін де таза ақындық қуат, ішкі әсер жөнінен келгенде элегияның үздік үлгісі болып табылатын қайсыбір өлеңдерге Қ. Жұмалиев құнын біле тұра, кемнің баға беруге де мәжбүр болғанын ұғындырып, дәлелдеу қажет бола қоймас. Бұл кепті қазақ әдебиеттану ғылымының іргесін қалап, көсегесін көгерткен көреген, алымды, ақиқат сөзді ғалымдарымыздың барлығы да бастан кешкен. “Кешегі бір кезде атын естігенде қалтырап үйінде отыра алмайтын жаулары Бармақ, Тәукелерден, енді өзі қашып, жасырыну әрі батыр, әр ақын Махамбетке аз кішірею емес. Міне, осындай жағдайлар еске түскенде ақынның күйінуі де, ызалануы да заңды. Сондай минутта ақыннан әлсіз өлеңдер (астын сызған біз Қ.М.) де, зарығу, торығудың нәтижесі көңілдің көлеңке жағының көрінісі лирикалар да болды. Бірақ, мұндай өлеңдер Махамбетте бірен-саран ғана. Бұлар оқушыларын ерлікке үндейтін, келешекке сендіре, халыққа деген сүйіспеншілік пен махаббатты тереңдете түсетін Махамбет өлеңдерінің көпшілігіне тат келтіре алмайды. Оның өлеңдерінің барлығы дерлік, оптимистік сарында десек, асыра бағалаушылық емес” [16, 328 б.]. Махамбет “келешекке нық сенімін” көрсетуді мақсат етіп, тақырып таңдап, соны ашу үшін айтпайды. Көңіл күйі, жан дүние, сезім арпалысы жүректен сығып шығарған жыр. Көбіне ақын еркінен тыс; үгітшілдік, идеологиялық мақсатта емес, жан күйі. Іштен шыққан жалын. Азамат адамның арманға толы жан сыры, жан мұңы. Поэзия. Күйреу. Күйзелу. Рухы жығылмағанымен ұлы жаратылыс өктемдігі алдындағы адам дәрменсіздігінің күйі түскен ауыр үн – өлең. Бірақ Махамбет енді бір сәт сілкініп, тіршіліктің ұлы заңымен қайта түлеп, өзінің “Менін” қайта табады.

Асылдан болат ұл туса,




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет