Xix ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері



бет3/5
Дата10.02.2023
өлшемі3,95 Mb.
#66809
1   2   3   4   5
Байланысты:
461196.pptx

Орынбай ақын
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді, Мынаны бер, мынаны ал демейді. Басына бай кісі өлсе, жастық тастап, Астына қалың көрпе сал демейді. Жарлыны, кәне, байдан кем көргені, Бетіне бірдей қылып өң бергені. Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап, Құдайдың осы емес пе тең көргені. Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды, «Құдай» деген пендесін жарылқайды. «Адам басы - алланың добы» деген, Соқса да қалай қарай домалайды.
Сүйінбай Аронұлы
Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) – 19- шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Сүйінбай жастайынан жыраулығымен елге танылды. Жамбыл ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтты. Ақынның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болса, оның үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі, ал кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмлегер шешендігімен ел ауызына ілікті. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға да дарыды.
Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшыл, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танымал болды. Бұл жөнінде Жаманшыл Сүйінбайға: «Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің» дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. 
Бақтыбай Жолбарысұлы
Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю, Жолбарыс, Үден деген үш бала өрбіген. Жолбарыстан Тәттібай тарайды. Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңламас қарияның балаларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар. Күш пен айланың заманында аю, жолбарыс сияқты батыр туса екен деп армандаған болуы керек, бірақ оның ұрпағынан Бақтыбай сияқты атақты ақын шығарын, әрине, ол білген жоқ
Атақты Тезек төремен айтысынан (1861) кейін Бақтыбайдың Жетісу өлкесінде ақындық даңқы шықты. Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бейімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі болды. 1991 жылы Текелі қаласында ақын атына көше берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет