Xix ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігі



Дата30.09.2022
өлшемі18,88 Kb.
#40931

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігі
Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.
ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомоствосына қарайтын территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала бастады, құрамына 4 уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол кездегі Қазақстанның біраз жерін алып жатты. Ал, 1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады.1895 жылдан бастап бұған қосымша “Тургайская газета” деген атпен ресми емес бөлімі шығарылып, ол 15 жылдай өмір сүрді. “Торғай газетінде” Ш.Уалихановтың, Ы.Алиынсариннің өмірі, қызметімен таныстыратын материалдар жарияланды.
“Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материалдарды қазақ әрпімен және араб әріптерімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды. Әсіресе, сол кездегі жұртқа, эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап басып отырды.
Орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау баспасөз тарихында осы “Тургайская газетадан” басталды. Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай облыстық басқармасының газет столының төрағасы Ә.Балғынбаев болды.(1902-1906жылдар).
Ә.Балғынбаев туралы деректі толық болмаса да Қазақ Кеңес Энциклопедиясынан алуға болады. Онда оның журналистік қызметіне қатысты бір-ақ сөйлем жазылған: “Торғай облыстық ведомостволары” газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды. Революциялық қозғалыс жылдарында “Торғай газеті” прогресшіл бағыт ұстады. Революция қарсаңында бұл газеттің бетінде қазақ еңбекшілерінің екі жақты езгіге – “өз” байларының және патша самодержавиесінің езгісіне түсіп отырғанын сипаттайтын материалдар жарияланды.
Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі “Тургайская газетаның” 1895 жылғы 45 – санында “Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы” мақаласынан басталды. “Тургайская газетаның” 1904 жылғы 48 санынан бастап Ә.Балғынбаевтың әлденеше номерге жарияланған “Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері” қосалқы тақырыпшасымен “бесіктен молаға дейін” фельетоны көшпелі қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін өлтіре сынаумен бірге, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпының тозығы жеткен көлеңкелі жағын әшкерлейді.
Ә.Балғынбаев сол кездегі Орынборда шығып тұрған басылымдарда ғылыми мақалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. үлгілерін орыс тіліне аударып жариялап отырды.
Бұл басылымда Ә.Балғынбаевпен қатар Ж.Сейдалиннің де біраз мақалалары жарық көрген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – фнодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың дамуы баспасөздің дамуына айтарлықтай ықпал жасады. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы орыстың революцияшыл – демократтық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі де баршылық.
Ал, қазақ публицистикасының ірге тасын қалаушылары, яғни көшбасшылары дегенде, ең алдымен Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектерін, екіншіден, Ы.Алтынсариннің «Қазақ газеті» деп аталған газет үлгісі және кезінде «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері мен этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Құнанбаевтің еңбек, білім, тәлім- тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері еске түседі.
Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды. Қазақ көшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону көбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау және күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
Киіз үй – көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы) шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолөнерінің - тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің құрамына қосылған ұлт аудандары да, соның ішінде Қазақстанның жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар қаптап жіберілді. Көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес косты.


Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И, Добромысловтың, украин ақыны Т, Г. Шевченконың т, б. есімдерін атап өтуге болады.
Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған.
Еліміздің, мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың түңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Щ. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Туркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский. Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф ғалым, қазақтың жазба әдебиетінін және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал қазақ-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ол орыстың ғылыми-жағрафиялық қоғамының мүшесі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет