XVII – XIX ғасырлардағы Осман империясы.Танзимат реформалары.
Жоспар:
1. XVII-XVIII ғасырлардағы Осман империясының құлдырауы.
2. «Шығыс мәселесінің» пайда болуы.
3. Танзимат (1839-1870 жж.)
4. Конституциялық қозғалыс.
5. Осман империясының жартылай отар елге айналуы.
1. Осман державасы өзінің бастауын 1299 жылдан алады. Оның негізін Осман сұлтан қалады. Француздар бұл мемлекетті «Порта» (Қақпа) деп атады. Еуропалық реформация дəуірінде Осман империясы, Еуропа, Азия жəне Африканы қамтыған адам саны жəне территориясы жағынан ең ірі мемлекет болып саналды. Империяның еуропалық бөлігіне Балкан жартыаралы, Венгрия, Молдавия, Украинаның бір бөлігі, Қырым жəне Қара теңіздің жағалаулары кірді. Азиялық бөлікке – Анатолия, Кавказдың бір бөлігі, Аравия жартыаралы, Ирак, Сирия, Палестина жерлері, Африка жағына – Египет жəне Магриб мемлекеттері енді. Жаңа дəуiрдiң басында Осман империясы əлі де куатты держава ретiнде өмір сүріп, көрші елдерге қауіп-қатер төндіруге кабілетті болатын. Бiрақ, дегенмен бұл мемлекет ХVІ ғасырдың аяғында, ұзаққа созылған дағдарысқа аяқ басқан едi. Əлеуметтікэкономикалық даму деңгейі бойынша түріктер, өзінің қол астындағы кейбір халықтардан, əсіресе гректерден, Балқан жартыара - лының славяндарынан, грузиндер мен армяндардан төмен болды.
Сұлтан мен феодалдардың билігі тек əскери күшке ғана негізделді. Олардың қолында салықты жинау, барлық əскери жəне азаматтық функциялар шоғырланды. Осман мемлекетi өз ішінде біртұтас бiрлiктегi ел болған жоқ. Жаулап алынған елдердің экономикалық, мəдени, саяси даму ерекшелiктерi бiр-бiрiнен алшақ, əр түрлі сатыда тұрды. Үнемі жаулаушылық соғыстар мен ішкі қарулы күрестер жүргізіп отырған Осман империясы үшін əскер маңызды рөл атқарды. Мемлекеттің қарулы күштері мықты жаттыққан салтаттылардан (сипахи), янычарлардан, яғни жаяу əскерден, флоттан тұрды. Бірақ кейін үкімет əскери қиындықтардан құтылудың бір амалы ретінде янычарлар санын көбейтеді. Оларға əр түрлі 67 жеңілдіктер жасайды. Нəтижесінде шектен тыс шығып кеткен янычарлар мемлекет істеріне араласып, өз талаптарын қойып, əскери тəртіпті жиі бұзды. Мұның бəрі, əрине, əскердің соғысқа қабілеттілігін азайтты. Осман империясының əміршілері елдегі саяси жəне экономикалық дағдарыстарды жеңуге талпынды. ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде олардың шаралары екі негізгі бағытта жүргізілді: əскери табыстарды арттыру жəне жаңа жерлерді жаулап алу үшін сыртқы экспансияны белсендіре түсу, сондай-ақ, əлеуметтік шиеленістерді тежеу жəне елдегі орталық билікке бақылау орнату үшін ішкі қайта құруларды жүзеге асыру қолға алынды. Сыртқы саяси шараларға айқын басымдылықтар берілді.
Осыдан-ақ Осман империясының əскери-феодалдық сипатын көруге болады. Билік жүргізуші жоғарғы топтардың өкілдері басқыншылық соғыстарды, ішкі кеселдерді айықтырудың ең жақсы құралы деп білді. Міне, сондықтан, қаржы қиындықтарының өсуіне жəне жиі əскери жеңілістерге қарамастан, Осман мемлекеті өзінің көршілерімен ұдайы соғыс жағдайында болды. ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде түріктер жеті жыл бейбітшілікте, ал он сегіз жыл əскери қимылдар жүргізу жағдайында өмір сүрді. Үздіксіз əскери жорықтар қазынаны қаңсытып, салық төлейтін тұрғындарды, əсіресе, шаруалардыкүйзеліске ұшырата отырып, елдіңжағдайын нашарлатып жіберді.
ХVІІ ғасырда Түріктерге қарсы араб елдерінің күресі күшейе бастайды. Йемен де 1628 жылы Түркиядан бөлініп кетеді. Күрес империяның барлық африкалық иеліктерінде кең етек жаяды. Иракта да сондай жағдай туындайды. Сонымен қатар, бұл оқиғалардың үстіне, янычарлардың үздіксіз көтерілістері де қосылды. Билеуші феодалдық топтар мемлекеттің дағдарыстан шығу жолынжаулаушылық соғыстардыжандандырудан, əскерді күшейтуден көрді. Бұл саясатты негізінен Кепрюлю отбасынан шыққан бас уəзірлер жүргізе бастады. Олар билікке ХVІІ ғасырдың екінші жартысында жақындаған болатын. Түркия тарихының бұл кезеңі 68 үздіксіз соғыстарға, қарулы көтерілістерге толы. Империя Крит аралы үшін Венециямен (1645-1669), Австриямен (1663-1664), Польшамен (1672), Украина үшін Ресеймен (1677-1678) жəне державалар коалициясымен соғыстар жүргізді (1683-1698).
Бірақ бұл соғыстар империяға бұрынғыдай табыстар əкелмеді. Керісінше, олар үлкен жеңілістерге ұшырап отырды, соның ең ірісі Вена маңындағы шайқас болды. 1682 жылы түріктер Австрияға қарсы көтеріліске шыққан Эмерих Текеллиді қолдап, австро-венгрия қақтығысына араласады. Бұл жағдай австро-түрік соғысына əкелді. Австрия жағында Польша соғысты. 1683 жылы түріктер бас уəзір Қара-Мустафа Кепрюль бастаған əскермен австриялықтарды талқандап, Венгрия территориясын қоршауға алады. Бірақ, Венгрлер көмекке келген поляк əскерлерінің арқасында түріктерді жеңеді. Нəтижесінде түріктер бұл соғыста 20 мың адамын жоғалтады. Бұл сəтсіздіктерді естіген сұлтан уəзірдің басын алып келуді бұйырады. Венаның түбіндегі шайқаста түріктердің жеңілісі кездейсоқ болған жоқ. Бұл ұзақ уақытқа созылған империядағы дағдарыстың салдары еді. Əскери сəтсіздіктер мемлекеттің ішкі жағдайына да əсер етті. Балқан елдері ашық қарсылығын көрсете бастады. Осман əскерлері Венгрия, Трансильвания, Долмацияның бір бөлігінен қуылды. Ресей Азов территориясын қайта өзіне қайтарды.
2. XVII-XVIII ғасырларда Осман империясының тарихи тағдырында көптеген қиындықтар болып өтті. Бірқатар Азия елдері сияқты Түркия Еуропа елдеріне қарағанда баяу дами бастады. Бұл сол кездегі барлық Азия құрлығының елдеріне ортақ үрдісдер еді. Осман империясының əлеуметтік-экономикалық дамуындағы артта қалушылығы осы жағдайдың көрінісі болып табылады. Түркия ХVІІ ғасырға дейін қуатты державалармен терезесі тең ел болған. Алайда оның ең алдымен экономикалық дағдарыстан шыға алмауы жəне даму деңгейі жағынан еуропалық елдерден ғана емес, өзінің қол астындағы еуропалық территориядағы халықтардан да артта қалуы оның халықаралық сахнадағы беделінің түсуіне алып келді.
Ауыл шаруашылығында да жағдай қиындай түсті. Егер бұрын феодалдар шаруалардан қосымша өнімді ғана алып отырған болса, енді олар қажетті өнімнің айтарлықтай бөлігін де өзіне иемдене бастады. Мұның нəтижесінде шаруалар қожалығы əбден кедейленді. Салықтың заттай түрін көбіне ақшалай салық алмастырды. Салықты төлеу үшін шаруалар өсімқорларға қол жайды, ал олар мұны пайдаланып, қарызын өтей алмағандардың шаруашылығын тартып алып отырды. Сонымен қатар, феодалдар өздерінің табыстарын көбейту үшін, иеліктерін ұлғайтып отыруға тырысты. Ал бұл түрік феодалдары мен шаруалардың арасындағы қантөгіс қақтығыстарға алып келді.
Сонымен бірге, феодалдар арасында да жер үшін таластар көбейді. Ауылшаруашылығының құлдырауымен қолөнер де қатар жүрді. Түрік қолөнерінің кейбір салалары еуропаның мануфактуралық тауарларымен бəсекелестікке түсе алмады. Құлдырауға тіпті кен өндіру ісі, қару-жарақ жасау ісі, əскери кемелер салу істері де ұшырады. Осы қиындықтардың барлығы халық наразылықтарын тудырды, оған ұлтазаттық қозғалыстар қосылды. Мұндай көріністер империяда жиі қайталанып отырды. XVIII ғасырдағы Осман империясының сыртқы саясаты Халық көтерiлiстерi мен ұлтазаттық қозғалыстар.
Осман империясының əлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысеуропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамынакіретінаумақтардыңүлкенстратегиялық, экономикалық жəне саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың əрқайсысы өзінің бəсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын көрсетіп, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды.
Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мəселесі» туындады. Ресей Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы, əсіресе, сыртқы саясатта өзінің пəрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында «Шығыс мəселесі» асқындай түсті. Мұның 70 жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табылады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыс көпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясынан тəуелсіз деп жарияланды.
II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу жəне Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мəселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан жəне оның Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция жəне басқа да Еуропа мемлекеттері Осман империясының «тұтастығы мен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейге қарсы күштерін бағыттады. 1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы, 1787-1791 жылдардағы жаңа орыс-түрік соғысының шығуына себеп болды.
А.В. Суворов қолбасшылық еткен орыс əскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге соққы берді. XVIII ғасырдың екiншi жартысында Осман империясының құрамындағы халықтардың ұлтазаттық күрестері өршіді. Түрік үстемдігіне қарсы Балқанда, араб елдерiнде, Кавказда ұлтазаттық көтерілістер басталды. Əсiресе еуропалықтарға, Ресейге арқа сүйеген болгарлар, гректер, албандар, молдовандар, валахтар наразылықтары күшейдi.
ХVIII ғасырдың екінші жартысында империядағы ішкі дағдарыс кең етек алды. Қазына ортайып, жаулап алушылық соғыстарының сəтсіздігі, янычарлар көтерілісі, пашалар мен аяндардың өз беттерінше билік жүргізе бастауы, империя құрамындағы халықтардың ұлтазаттық көтерілісі жəне бірқатар облыстардың бөлінуі кең етек алды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформаларды 1789 жылы таққа отырған ІІІ Селим сұлтан (1789-1807) бастаған болатын. 1792-1796 жылдары Селим əскерді қайта құру туралы үкім шығарды. Əскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Əскери инженерлік училищелер ашылды, əскери флот құрылды. Оқ-дəрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім жəне аяқ 71 киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Еуропалық ғылыми еңбектер мен əскери ережелер жинақтары түрік тіліне аударылды.
III Селим сұлтан жүргізген шаралар «низам-и-джадид» (жаңа жүйе) деген атқа ие болды. «Жаңа жүйе» қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың негізін өзгертуге емес, оны жаңалауға жəне күшейтуге бағытталды. ІІІ Селим реформалары қолайлы жағдайда экономика мен əскери істің прогресіне əкелуі мүмкін еді. Бірақ ондай қолайлы жағдай тумады, сондықтан реформа халық жағынан да, жаңа құрылған əскерге қарсы болған янычарлардан да қолдау таппады. Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары да реформаларды жақтаған жоқ, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар əскери салада жүргізіліп жатқан жаңалықтар, янычарлар корпустарын жояды деп түсініп, сұлтанға қарсы бүліктерді бастады. Сонымен қатар, реформалардың жүзеге асуына сыртқы жағдайлар да кедергі болды: Наполеонның Египетке басып кіруі (1798), Ресеймен соғыс.
1807 жылы янычарлар көтерілісі салдарынан III Селим тақтан құлатылып, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық əрекеттер осылай сəтсiздiкпен аяқталды. Билікке келген жаңа сұлтан IV Мұстафа (1807-1808) янычарларменулемдерді қолдап, барлық реформаға тыйымсалады. Бұған наразылық танытқан реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделді билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегіне топтаса бастайды. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Селимді таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз əскерін Стамбулға қарай аттандырады.
Бірақ əскерлер Стамбулға жақындап қалған кезде III Селим адам қолынан қаза табады. Ал Байрақтар Стамбулға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның орнына II Махмұд (1808-1839) отырғызылады. Байрақтардың өзі бас уəзір болып тағайындалды. Елде реформалар қайта басталды. Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бiрақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргiзуде III Селим 72 жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, Порта (Түрiк үкiметi) мен iрi əкiмдер арасында бейбiт одақ құруға тырысады. Сол үшiн белгiлi, ауқатты бай феодалдарды астанаға шақырып, олардың үкiмет адамдарымен бiрге реформалық жоспарларды талқылап, «одақтық келiсiмдi» бекiтуге үгiттейдi. Байрақтардың бұл жоспары iске асырылған жоқ. Янычарлар тағы да бүлiк ұйымдастырып, Байрақтарды өлтіреді, оның барлық реформалық əрекеттерi жойылады, жақтастары өкіметтен алыстатылады. Жалпы алғанда бұл реформалар, нарықтық қатынастардың қалыптасуына ықпал етті, бірақ империяның дəстүрлі саяси-əлеуметтік негізіне əсер етпеді.
3. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Осман империясында реформалардың жаңа кезеңі басталады. Бұл реформалар «танзимат» деген атауға ие болды. Танзимат реформалары екі кезеңнен тұрды: – бірінші кезең – 1839-1853 жылдар аралығы, яғни Қырым соғысының басталуына дейінгі кезең. 73 – екінші кезең – 1856-1871/1872 жылдар аралығы, конституцияны қабылдауға дейінгі кезең. Танзимат міндеттері: – империяның экономикалық, саяси, сыртқы саяси жағдайын нығайту; – туркияда капитализмнің орнауына жағдай туғызу; – мемлекеттің құлдырауын алдын алу, ұлтазаттық қозғалыстың ұшынуын тоқтату. Бұрынғы реформалармен салыстырғанда, танзиматта басты орынды əскери емес, əлеуметтік-экономикалық реформалар алды. Бұл қайта құру идеясының басты авторы Мустафа Решид паша (1800-1858) еді. Ол 1869 жылы 3 қарашада Гюльхане саябағында өзі құрған «Гюльхане хатт-и шериф» атты жарлығын жария етті.
Мустафа Решид паша сыртқы істер министрі, премьер-министр қызметтерін атқарған, ұзақ уақыттар бойы Франция мен Англияда өмір сүрген, терең ойлы, көреген қайраткер болған. Гульхане жарлығы үш бөлімнен тұрды: – біріншіден, нəсіліне, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық азаматтарының өмірін, ар-ұжданын жəне дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; – екіншіден, салықты жинау мен бөлуді реттеу; – үшіншіден, əскериқызметмерзімінқысқарту, жауынгерлерді əскерге алу ережелерін жаңарту. Хатт-и шерифте алдыға қойылған міндеттер халық пен үкіметтің бірлігі болғанда ғана жүзеге асатыны айтылды. Реформа авторлары Империяға көпұлтты елді біріктіретін мемлекет - тік идеология қажет екенін түсінді. Осындай идеология ретінде османизм жарияланды. Османизм жақтастары түрік державасында өмір сүретін «барлық халықтардың теңдігі мен бірлігін» паш етті. Кейін бұл османизм идеясы, жас түріктер қозғалысының идеологиясына айналады. Осман империясында Хатт-и шериф идеялары мұсылмандардың да, христиандардың да қарсыластығын тудырды.
Мұсылмандар «кəпірлермен» бірге болуға қарсы болса, христиандар өз кезегінде тəуелсіз, жаңа мемлекет құрғылары келді. Дегенмен, танзимат барысында біраз игілікті шаралар да іске асырылды: 74 жер туралы заң, қылмыстық іс жəне азаматтық іс кодекстері қабылданды. Сұлтан таққа ресми түрде отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды.
Алғашқы өнеркəсіп орындары пайда болды. Танзиматтың бірінші кезеңі осындай жетістіктерге ие болып, елдің алдыға жылжуына ұйытқы болған. Қырым соғысы басталған реформалардың барысын бұзды. 1853-1856 жылдардағы қақтығыстың себебі: баяғы «Шығыс мəселесі» еді, яғни Ресей, Англия, Франция жəне басқа да еуропалық елдердің Таяу Шығыс үшін күресі. Дау-жанжалды бастаған Ресей болды.
1853 жылдың ақпанында І Николай Портаға ултиматум жібереді. Онда: Осман империясындағы барлық христиан халықтарына Ресей қамқорлық жасауы тиіс деген талаптар қойылған. Мемлекеттің ішкі істеріне араласқаны үшін Ресейге наразы болған сұлтан оның талаптарын қабылдамайды. Осындай шиеленістерден кейін Қырым соғысы басталады. Ресей тек Түркиямен соғысуға үміттенді, бірақ оның болжамдары іске аспады. Англия, Франция, Сардиния сұлтанмен келісім жасап, Портаның жағында соғысты. Соғыстың нəтижесінде Ресей жеңілді. Париж трактаты бойынша (1856 ж.) Ресей Түркияға Карс қамалын жəне Бессарабияның бір бөлігін қайтарды. Сонымен қатар, Қара теңіздің нейтралитетін, Сербия, Молдавия, Валахияда Осман империясының үстемдігін мойындауға мəжбүр болды.
Қырым соғысында жеңгенімен, Түркия Еуропа елдерінен 1854, 1855 жылдары қарыз алуына байланысты, олардан тəуелді жағдайға түсті. Сондықтан танзиматтың екінші кезеңі елеулі жетістіктерге жетті деуге болмайды. Екінші кезеңнің басты құжаты 1856 жылғы «Хатт-и хумаюн» болды. Бұл манифесте елдің тек экономикалық қана емес, саяси теңдігі жөнінде де айтылды. Еуропалық державалардың қысымымен, шетелдік кəсіпкерлерге мемлекетте ерекше құқық берілу жөнінде заңдар қабылданды. Батыс инвесторлары Түркияда жер сатып алу, темір жолдар салу, пайдалы қазбаларды өңдеу ісіне араласу, теңіз сауда жолдарын 75 бақылау құқықтарына ие болды. 1856 жылы ағылшын жəне француз капиталдары арқылы Оттомандық банк ашылды. Бұл шектен тыс еуропалықтардың араласуымен болған жаңалықтарға танзиматтың басты инициаторы Мустафа Решид-паша қарсы шықты. Оған істің барысы ұнамады, өйткені мұның барлығы Түркияны шетелдіктерге экономикалық, саяси тəуелділікке əкелді. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары шетелдіктерге кіріптарлыққа қарсы шыққан жалғыз ұйым – «жаңа османдар» қозғалысы болды. Ағарту ісіндегі реформалардың нəтижесінде пайда болған бұл қозғалысқа ұлттық интелигенция мүше болды: жазушылар, ғалымдар. 1865 жылы Стамбулда ұлттық интелигенцияның өкілдері жасырын ұйым құрады. Оның мүшелері өздерін «жаңа османдар» деп атайды, ал Еуропада олар жаңа түріктер деген атқа ие болады. Өздерінің шығу тегі жағынан «жаңа османдар» жериеленуші бюрократияға жатты, идеология жағынан либералдар болды. «Жаңа османдар» Портаның экономикалық, саяси тəуелсіздігін, сұлтан билігінің шектелуін, конституциялық монархия құруды жəне ағарту ісінің əрі қарай қарқын алуын талап етті. 1876 жылы жаңа османдардың ықпалымен елде ең алғашқы конституция қабылданды.
4. ХIХ ғасырдың соңында Осман империясының құлдырауы жəне отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Осман империясының Еуропадағы державалардың жартылай отарына айналу үдерісі аяқталды. Бұл үдеріс ұлы державалардың отар елдерді қайта бөлу, бүкіл əлемге билік жүргізу мақсатындағы қызу күресінің кезеңіне сай келді. Шығыстың экономикасы артта қалған бірқатар елдері формальды түрде мемлекеттік тəуелсіздігін сақтағанымен, шын мəнінде империалистік державаларға тəуелді жартылай отар елдерге айналып еді. Кезінде жарты əлемге билік жүргізген Осман империясы ХІХ ғасырдың соңында осындай елге айналып шыға келді.
Формальды түрде Порта өзінің тəуелсіздігін сақтады. Сұлтан шексіз монархия құрды-мыс, тіпті халиф титулын да иемденді. Премьер-министр ұлы уəзір деген атақты алып жүрді. Мемлекет халықаралық трактаттар бекіте алды, оның əскері мен флоты 76 болды, дипломатиялық миссияларды қабылдап, басқа елге жібе - ре алды.
Бірақ, мұның бəрі суверенді елдің тек сыртқы атрибуттары еді, шын мəнінде мемлекет иелері барған сайын Батыс елдері болғаны анық көрінді. Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIX ғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Каирды түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солтүстік африкалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция Сирия мен Ливанда, Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австрия-Венгрия əскерлері Босния мен Герцеговинаға енді. 1876 жылғы «жаңа османдар» ықпалымен қабылданған конституция бойынша, империя азаматтарының бəріне либералды бостандық, ұстанған дініне қарамастан еркіндік берілу керек еді. Онымен бірге сөз бостандығы, баспасөз бостандығы жарияланған болатын.
Конституция елді конституциялық монархия қылып, екі палаталы парламенттің құрылуын қамтамасыз ету керек еді. Сенат мүшелерін сұлтан өмір бойына тағайындады. Түрік конституциясында ішкі қайшылықтар бар болды: бір жағынан, конституция империяның барлық азаматтарына теңдік пен еркіндік берсе, екінші жағынан мемлекеттік дін ислам діні болып, ал мемлекеттік тіл түрік тілі болып жарияланды.
Конституция үшін күрес түрік қоғамының белсенді мүшелерінің екіге бөлінуіне алып келді: – Бірінші топ – «оттомандық либералдар» немесе «жаңа османдар» мемлекттік идеология тек османизм бола алады деп шешті; – Екінші топ – ІІ Абдулхамит сұлтан бастаған консервативті топ панисламизм позициясын ұстанды. Ақырында, сұлтан компромиске барып, 1876 жылғы кон - ституцияны жариялады, бірақ əрі қарай өзінің жағын ұстана- 77 тыны анық көрінді. Оған сылтау (1877-1878) орыс-түрік соғысы еді. Бұл соғыста Ресей жеңіске жетті. ІІ Абдулхамит конституцияны жойып, 1878 жылы парламентті таратты. Елде диктатура орнады. Осман империясының ХIХ ғасырдың соңында Еуропа державаларының «шаруашылық аймағына айналуының» басты себептерінің бірі Абдулхамит сұлтанның (1876–1909) көпжылдық деспоттық билігі болды. Оның феодалдық абсолюттік деспотиясы «зұлым» («зулюм» түрікше – zülüm деспотизм, тирания) деп аталды.
Осман империясының осы кезеңде барынша артта қалған аграрлы ел болғандығы еуропалық саяхатшыларды жер өңдеудің қарапайым тəсілдерін қолдануымен таң қалдырды. Шын мəнінде, бұл елде ХІХ ғасырдың басынан ауылшаруашылығында ешқандай өзгеріс, даму болған жоқ еді. ІІ Абдулхамиттің сұлтандық билігі тұсында халықтың əлеуметтік жағдайы мүлдем қорғалмады. Күнделікті өмірде шенеуніктердің шектен шыққан бассыздығы, бюрократтық басқару аппаратының жемқорлығы орын алды. Тақтан айырылып қалудан қорыққан сұлтан жəне оның төңірегіндегілер, атап айтқанда, мұсылман діндарларымен бірге араб, күрд жəне шеркеш феодалдарының кертарпа өкілдері мемлекеттің басқару тізгінін ұзақ уақыт уыстарынан шығармады. ІІ Абдулхамиттің билігі танзимат жылдарындағы ағарту үдерісінің дамуына тежеу болды.
Сұлтан барлық оқу орындарына қатаң цензуралық бақылау орнатты, оқу жүйесіне өзі тікелей араласты. Кез келген еркін ойлылықтың көрінісі, тіпті ақыл-ойды оятатын пəндер оқу бағдарламасынан алынып тасталды. Осы кезеңде түрік мектептерінің барлық буындарына діни ықпал күрт өсті. ХІХ ғасырдың соңында орта, арнаулы жəне жоғары білім беру ісінде бірқатар ілгерілеушілік байқалғанымен, ол үдерістер баяу жүрді. «Зұлым» дəуірінде түрік мəдениеті де ауыр жағдайды басынан кешті. Танзимат жəне конституцияның енгізілген жылдарында елеулі табысқа жеткен журналистика сұлтандық цензордың əрекеттерінен кəсіптік дамуын тоқтатты. Елдегі газеттердің саны күрт төмендеді.
Ал жабылудан аман қалған газеттер сұлтан билігі 78 мен Портаға жағатын мақалаларды ғана жариялады. «Еркіндік», «теңдік», «құқық», «конституция», «революция», «тирания», «деспотизм» жəне тағы да басқа осындай мағынадағы сөздердің қолданылуына тиым салынды. Сонымен қатар, енді Осман империясында Германияның саяси-экономикалық ықпалы орнықты, сұлтан мен Порта өздерінің сыртқы саяси істерінде германиялық бағдарды ашық ұстана бастады. Көп ұзамай немістік ықпал, əскери саланы да қамтыды. Түрік əскері неміс əскери кеңесшілерінің тікелей бақылауына көшті, ал соңында империяның көптеген азаматтық мекемелері немістердің бақылауында болды. Осылай, ХХ ғасырдың бас кезінде Осман империясы экономикалық жəне белгілі дəрежеде саяси тəуелсіздігінен айырылды, ал елдің тарихи дамуына феодалдық-сұлтандық деспоттық билік пен елдің ішкі жəне сыртқы саясатын шырмап алған шетелдік капитал қарсы тұрды. Мұндай жағдай ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап реформалық даму жолына түскен жəне конституциялық қозғалыстың əлеуметтік негізін құрған, түрік қоғамындағы əлеуметтік жəне саяси күштердің қарсылығын тудырды. «Жас түрiктер» қозғалысы. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жас түріктер қозғалысы қарқын алды.
Ұйымның құрылу себептері, тарихи алғышарттары: – сұлтан II Абдулхамиттің деспоттық билігі елде демократиялық өзгерістер жасауға кедергі болуы; – шетелдік державалардың Осман империясының иеліктеріне көз тігіп, оныэкономикалықжəне саяси тəуелділікте ұстауға бағытталған əрекеттері. Əскери-медициналық училище қабырғасында құрылған жас түріктердің алғашқы ұясында 20-25 мүше болды. Ұйым басшылары қоғамның жаңа ұяларын құру мақсатында өзге оқу орындарымен байланыс орната бастады.
Осы кезеңде жас түріктердің оппозициялық орталықтары құрылады. Оны жас түріктер қозғалысының идеологы жəне көрнекті басшысы, танымал түрік шенеунігінің баласы, еуропалықбілімалғанАхмедРизабейбасқарды. 1889 жылыРизабей Францияға барып, көптеген түрік буржуазиялық реформаторлары сияқты, конституциялық басқаруды құруға шақырып, сұлтанға хат 79 жазды. Осы кезеңде Риза бейдің төңірегіне ІІ Абдулхамиттің қанды билігіне наразы болып, Түркияны тастап кеткен эмигранттардың шағын тобы шоғырлана бастады. 1894 жылы əскери-медициналық училищенің курсанттары Стамбул қаласында Османдық «Иттихад ве Теракки» қоғамының атынан алғашқы үнпарағын жариялады. Оның мазмұны Осман империясының барлық халықтарын деспоттық билікке қарсы күреске шақыру еді. Бұл саяси актіге билік басындағылар еркін ойлыларды тұтқынға алумен жауап берді.
Осыған байланысты 1894-1895 жылдары тұтқындаудан қашқан жас түріктер ұйымдарының мүшелері шет елдерге барып бой тасалады. Олар негізінен Париж қаласына орнығып, Ахмед Риза бейдің жəне оның ұйымдастырған «Мешверет» газетінің төңірегіне топтасты. 1894- 1895 жылдары тұтқындау мен қуғындаудан кейін де Стамбулдың жас түріктер ұйымы жұмысын тоқтатпаған. Тіпті осы кезде танымал шенеунік қажы Ахмет Эфендидің төрағалығымен қоғамның алғашқы орталық комитеті құрылады. 1896-1897 жылдарыжас түріктердіңПариж, Женева, Каир, Румыния, Болгария жəне Албанияда бірнеше шетелдік орталықтары жұмыс жасады. 1902 жылы 4-9 ақпанда Париж қаласында жас түріктердің алғашқы барлығы бас қосқан конгресі өтіп, оған 60-70 адам қатысқан. Онда екі мəселе қаралды: 1) əскерді қозғалысқа қатыстыру мəселесі; 2) Түркиядағы конституциялық реформаны жүзеге асыру үшін шетелдіктердің қолдауын пайдалану. 1907 жылы 27-29 желтоқсанда жас түріктердің II Конгресі де Париж қаласында өтті. Оның нəтижесінде қабылданған «Декларация» өмір сүріп тұрған билікке қарсы бүкіл халықты қарсы шығуға үндеді. Осылай, Париж конгресі деспоттық билікке қарсы саяси күштерді біріктіруде үлкен рөл атқарды. Конгрестен соң-ақ ел ішінде жас түріктер ұйымдары ерекше белсенді жұмыстар жүргізді.
Соның ішінде əскерилердің арасындағы насихат күшейе түсті. Əскердің арасындағы жас түріктердің насихаты жауынгерлермен бірге əскери мектептерді бітірген жас офицерлердің де арасында кеңінен тарады. Əскерде құрылған жас түріктер ұйымдарына орта жəне жоғарғы əскери құрамның өкілдері де енді. 80 1906-1907 жылдары жəне 1908 жылдың бас кезінде Осман империясында əскер мен əскери флотта ашық қарсылыққа ұласқан толқулар болып жатты.
5. XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде, жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түстi. 1908 жылы шiлдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейiн, сұлтан үкiметiнiң əлсiздiгiне ызаланған түрік əскерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрiктер революциясының басталуы едi. Жас түрiктер жағына əскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түрiктердiң қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шiлденiң 24-iнде конституцияны қалпына келтiруге жəне парламенттi шақыруға келiседi. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңiске жеткен жəне əскерге арқа сүйеген жас түріктер, iс жүзінде, елде өздерінің билiгiн орнатады. 1909 жылы жас түрiктер II Абдулхамид сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түрiктер революциясы Осман империясында билiктiң конституциялық түрiн енгiздi. 1908 жылғы төңкеріс, Түркиядағы ең ауқымды халық көтерілістерінің бірі болып саналады.
Төңкеріс Анадолы мен Румелиде (Осман империясының оңтүстік шығыс Еуропадағы иелік еткен жерлерінің аты, сондай-ақ Осман мемлекетінің Балкан елінде құрған облысының аты) болған халық көтерілісімен басталды. Бостандық жəне конституция үшін күрескен зиялы қауым көтеріліске шыққан халықтың бір бөлігін құрады. Бұл көтерілісті кіші қызметкерлер, шағын кəсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері, əскерилер, сонымен бірге басқа да əлеуметтік топтардың өкілдері ұйымдастырды. Жас түріктер қозғалысының ең жоғарғы шыңы – 1908 жылғы революция, Осман империясындағыортағасырлық деспоттық биліктің іргетасын шайқалтты. Сонымен бірге еуропалық державалардың саяси, экономикалық басқыншылығына тосқауыл қоя алды. Бірақ мұндай оқиғалармен қатар, мемлекеттегі жағдайлар елге тұрақсыздық əкелді. Елдегі саяси тұрақсыздықты мынадай мысалдардан көруге болады: жас түріктер билігі кезеңінде 81 (1909-1918) он төрт үкімет ауысты. Бұл жағдай жас түріктер арасындағы ішкі партиялық тартыстың нəтижесі еді. Жас түріктер қозғалысының ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезіндегі əрекеті, Түркияның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі болды. Сонымен бірге жас түріктердің қозғалысы, 1918-1923 жылдары Түркияны жаңа сипаттағы қазіргі заманғы мемлекетке айналдырған буржуазиялық ұлттық революцияның басты дайындығы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |