Xvii ғ. және xviiiғ. басындағы Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі27,86 Mb.
#118779
  1   2


XVII ғ. және XVIIIғ. басындағы Қазақ хандығы
Тәуке ханның «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ».
26 қыркүйек, 2023
АЛИАСҚАР РАУШАН


1.Заман талабынан туындаған
ХVІІ-ғасырда қазақ хандығына жан-жақтан қаупіп төніп, елдің ауызбірлігі
әлсірей бастайды. Осы тұста Тәуке хан хандықты нығайтуға күш салды. Бұл
үшін мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесі
қажет болды. Тәуке хан қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі әдеп-
ғұрыптары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым
ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» негізге алып, жаңа заң
жүйесін жарыққа шығарды. Күлтөбенің басында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
билер бас қосып, «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар
жиынтығын қабылдады. 


2.Жарғы жеті жаңа тармағымен ерекшеленген 
«Жеті жарғының» толық нұсқасы сақталмаған. Оның үзінділерін
К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832)
жазбаларынан оқуға болады. Сондай-ақ, Н.Гродеков, Л. А. Словохотов, А. П.
Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері шежіреші
Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті
жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген
тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше
құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. 


«Жеті жарғы» заңдар жинағы негізінде қазақтың тайпа, ру
басылары жылына бір рет жиналған. Бұл жиындарда мемлекеттің
сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру
негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана
дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген
азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық
ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр
рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік
рәміз дәрежесінде бекітілді. 
3. Сайлауға қару асынып келу міндеттелген 


«Жеті жарғы» бір немесе бірнеше адамның еңбегінің
жемісі емес. Ол, біріншіден, тарихи-құқықтық
құжат, яғни, қазақ халқының құқықтық өмірінің
белсенділігінің және құқықтық
шығармашылығының тарихи қорытындыларының
және тарихи жетістіктерінің бірі. Оны зерттеген
талай ғалымдар «Жеті жарғының» негізі сонау
Майқы би заманынан бастау алып, одан бергі жерде
Қасым хан мен Есім хан заңдарына негізделетіндігін
және солардың жаңа дәуірдегі жалғасы екендігін
мойындауда. Демек «Жеті жарғы» белгілі бір заман
туындысы дегеннен гөрі, ғасырларға ұласқан әр
түрлі ұрпақ өкілдерінің құқықтық ойының желісі
деген дұрыс сияқты.


Жазалаудың ең көп таралған түрі — құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген
адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы,
өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Өлген
адамның әлеуметтік жағдайы ескерілген, ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен,
яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген.
«Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал
төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене
мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер-де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап
айтқанда, бас бармақ — 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде
ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе
300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай
қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет