414
Даналыкты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің орта ғасырлық еңбектеріне сүйенген қазақ ғалымдары
60-жылдар ішінде қазақ әдебиентінің тарихын қайта қарап оның даму кезеңдерін жаңадан
жүйелеп шықты. Қазақ әдебиетінің орта ғасыр кезеңіне жататын әдеби мұраларды
анықтап қазақ әдебиетіндегі орта ғасырдағы ислам (мұсылман) дәуірі деген кезеңді
нақтылап көрсетіп берді.Бұл әдебиетіміздің тарихы үшін үлкен жаңалық болып табылады.
Бұл ізденістердің бәрі біздің еліміздегі Фарабитану ғылымын нығайтып, оны әрі қарай
дамыта түсті. Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін
маңызын жоғалтқан жоқ, мұраларының қазақ даласына қайта оралуы және оның мемлекет
басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни
көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды болып
табылады.
Қорытындылай айтар болсақ, Әбу Насыр Әл-Фарабидің жетістіктері, әлемдік
ғылымның дамуына қосқан үлесі – өте көп. Оның Қазақстанның қоғамдық ой-пікірінің
дамуына қолайлы әсер еткендігі бізге мәлім. Әбу Насыр Әл-Фараби ислам дәуірі
поэзиясында өзіндік дара көркемдік қасиетімен көрсеткен шебер таланттардың алдыңғы
шебінен орын алады. Әбу Насыр Әл-Фараби халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа
шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған қаламгер.Әбу
Насыр Әл-Фараби Қазақстанның мақтанышы болып табылады
Әдебиет
Кобжов А. Әл-Фараби, Алматы, 1971ж.
Медетбаев Т.С. Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы. Алматы, 1998ж.
Әбу Насыр әл-Фараби 10-томдық шығармалар жинағы. Астана, 2007ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті. Журналы, №1. 2005ж.
Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998 ж.
Достарыңызбен бөлісу: