Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет76/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   267
Әдебиет 
1. Ханкелді Әбжанов. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 
директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі.
Источник: 
https://e-history.kz/kz/publications/view/2590
 © e-history.kz 
2. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-
көпшілік тарихи журналы, Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. 108 бет. 
Источник: 
https://e-history.kz/kz/contents/view/2416
 © e-history.kz 
3.Күлтегін Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған 
Қадыр Мырза Әли.) - Алматы, «Өлке» баспасы, 2001. - 144 бет.
Источник: 
https://e-history.kz/kz/contents/view/2416
© e-history.kz 
4.Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған 
«Қазақстандық 
жол 
– 
2050: 
Бір 
мақсат, 
бір 
мүдде, 
бір 
болашақ» 
атты Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.
5.Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. – Алматы, 2015 
ӘЛ-ФАРАБИ – ӨРКЕНИЕТ ФИЛОСОФЫ 
 
Жаңабаева Р.А. 
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған 
№4 облыстық мектеп-интернаты 
 
Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби ат түркі 
ұлы ғалым, энциклопедист, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әл-Фарабидің 
толық аты-жөні осылай болып келеді. Әл-Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды 
орталықтарының бірі болған – Отырар қаласының маңында дүниеге келген.Ол бала кезден 
сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұқара, Самарқан, 
Мерф, Бағдат Рей, Шам қалаларында болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. 
Әл-Фарабидің ғылыми қызметі ортағасырлық араб мұсылман мәдениетінің 
гүлдену дәуіріне яғни біздің дәуіріміздегі оныншы ғасырдағы мұсылман дәуіріне сәйкес 
келеді. Қазіргі уақытта Әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның 
көзқарасында саясат, дін және бақыттың өзара терең қатынасы көрсетілген.Бүгінде әлем 
ислам және батыс өркениетінің тіке тіресу қаупі алдында тұрғанда ислам мәдениетімен 
астасатын экстремистік және лаңкестік көңіл-күй үдеп келе жатқан кезде ұлы философтың 
мұрасы адамзаттың түрлі көзқарасын шешуге көмек бере алады.
Бүгінгі күнге дейін логика, метафизика, этика, саяси және әлеуметтік философия, 
музыка мен медицинаға арналған жүзден аса трактаттар сақталған. Ол ең алғаш болып 
музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде 


170 
көрсеткен.Оның отанында Қазақстанда жетекші ұлт университеттерінің бірі-Әбу Насыр 
Әл-Фараби есімімен аталады.
Аристотельдің еңбектерін зерттеп, зерделеп үлкен деңгейге көтерген сол кездегі 
ғалымдар көп болған.Оның бірі де бірегейі- Әбу Насыр Әл-Фараби. Ғылыми тұрғыдан 
дәлелдей отырып, Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп әлем мойындайды.
Танымал Европалық ұлы Альберт Маквейнский секілді әйгілі ортағасырлық 
философтар өздерінің теориялық зерттеулерінде Әл-Фарабидің еңбектеріне сүйенген. Әл-
Фараби мұрасының таралуы және барша Европа мәдениетіне әсерін Әбу Синаның және 
Абирустың есімдерімен байланыстырады. Соңғысының жұмыстарының көмегімен араб 
тілін жақсы меңгерген Роджер Бэкон және өзге де дәуірдің ірі ғалымдары Томес 
Копс,Рена Деканың еңбектерінің арқасында біз мұсылман философтарының ілімдерімен 
таныса алдық.
Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі 
"екінші ұстаз" атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып 
қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны 
зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген: 
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен 
метафизиканы енгізген. 
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті 
тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған. 
Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – "Қайырымды қала тұрғындарының 
көзқарастары жайлы трактат" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы"). "Ғалым қала 
басшыларын "қайырымды және надан" деп екіге бөледі. Ол кезде қала-мемлекет болған. 
Оның тұрғындары қай кезде бақытты болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың 
әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны 
бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары 
бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керек дейді. 
Сондай-ақ адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керек", - дейді Жақыпбек Алтайұлы "Әл-
Фараби - өркениет философы" деректі фильмінде. [1]. 
Сонымен қатар Әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы 
әлемнің көптеген тіліне аударылған.Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы 
Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", 
бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және тағы басқа да еңбектерін түсіндірген. 
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-
Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси 
көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық 
Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Алайда бүгінгі күні қоғамда ғалымның ұлтына 
байланысты сан алуан пікір бар. Осы орайда шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі бұл 
мәселені түсіндірді. 
"Бұл кісіні (Әл-Фарабиді – Sputnik) "қазақ" деп жазады. Оны "өзбек, тәжік" деп 
айтады. Ол – қате. Бұл кісі өмір сүрген уақытта біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих 
сахнасына көтерілген жоқ. Сондықтан Әл-Фараби – түркі текті. Бұл мәселеге академик 
Гафур нүкте қояды. Ол "Әл-Фараби өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. 
Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ 
халқының құрамына енді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар деп жазды", 
- дейді ғалым Qareket бағдарламасында. 
2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу 
Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады.Әбу 
Насыр әл-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған 
Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы, ғылыми 
ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда 


171 
болды. Кейіннен ол Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Бағдат, Дамшық (Дамаск), Каир 
қалаларына барып білімін тереңдете түсті. 950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озды. 
Әл-Фараби «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ақылдың мәні туралы трактат», 
«Ғылымдардың шығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» тектес трактаттары 
арқылы ғаламдық ойдың дамуына өзінің қомақты үлесін қосты. Сондықтан да халық оны 
«Шығыстың Аристотелі» атап кеткен. Ол ежелгі заман ойшылдары Аристотель, Платон, 
Гален шығармаларына терең талдаулар, түсініктемелер жазды. Әл-Фараби сонымен бірге 
әлеуметтік-қоғамдық және этика саласына да қалам тербеген. Мысалы, «Бақытқа жету 
жайында» деген еңбегінде «оның бірден-бір жолы – ғылымды, білімді игеруде» деп 
насихат айтады. [2]. 
Ал «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында бір-
қатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерге талдау жасалынды. Мұндағы қала деп 
отырғаны – мемлекет. Бабамыздың бұл шығармасындағы мемлекеттің пайда болуы, 
ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, қала 
әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әр адамның бақытқа жету үшін бүкіл қоғам 
болып тіршілік ету керектігі туралы айтылған пайым-пікірлері бүгінгі күнге дейін өзекті. 
Ал ғұлама әдебиет теориясына арнаған «Өлең кітабы» атты еңбегінде өлең жазу ісіне 
қойылатын шарттарға тоқтала келе, ішкі терең мағынаға сыртқы пішін, яғни сұлу ұйқас 
үндесіп келгенде ғана әсем жыр туындайтынын айтады.
Сол себептi әл-Фарабиді зерттеп жүрген ғалым Ақжан Машаниге Мәскеу қырын 
қарап, ол «үш әрiптiң» қара тiзiмiне ендi. 1968 жылы Машани тынбай ізденіп жүріп, 
Дамшықтағы әл-Фарабидің жерленген қорымын тауып, бабамыздың зиратына арнайы 
белгі орнатады. Әл-Фарабидің зиратынан топырақ әкеп, оны Отырар төбеге шашады. Бұл 
орайда ол ұзақ та қиын жолдардан өттi. Қолдаудан гөрi кедергi көп болды. Әл-Фарабидiң 
зиратын табуға өзбектен шыққан үлкен мемлекет қайраткері, бұрын Өзбекстан 
Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы, СОКП орталық комитетінің 
президиум мүшесі, СОКП орталық комитетінің хатшысы сияқты үлкен лауазымдарда 
істеген, сол кезде КСРО-ның Сирия Араб республикасындағы елшісі қызметін атқарған 
Мұхитдиновтың көп көмегi тиедi.
Бабамыздың мұрасын іздетуді тоқтатпаған әл-Машани, әйгілі ғұлама Птоломейдің 
арнайы карта жасап, Отырарды әл-Фарабидің туған жері деп көрсетіп кеткен бұлтартпас 
дәлелін табады. Сөйтіп, «Әл-Фараби ұлы ғалымдар қатарында халықаралық тізімге 
кіргізілсін, оның 1100 жылдық мерейтойы КСРО-да, Отаны Қазақстанда тойлансын», 
деген ЮНЕСКО қаулысының қабылдануына көп еңбек етті. 
А.Машанов Республика Ғылым академиясының Президенттері Қаныш Сәтбаевтың, 
кейіннен Шахмардан Есеновтің тікелей қолдауымен шет елдерден әл-Фараби еңбектерін 
алдыртып, оларды қазақ, орыс тілдеріне аудартып, бабамыздың философиялық, 
логикалық, саяси-әлеуметтік, математикалық, жаратылыстанушылық, музыкалық 
трактаттарын жеке-жеке кітап болып екі тілде басылып жарық көруінің басы-қасында 
жүрді. Академияда «Әл-Фараби» туындыларын зерттеу бөлімінің ашылуына себепкер 
болды. 1971 жылы Мәскеуде өткен ЮНЕСКО-ның әл-Фарабиге арналған симпозиумінде 
А.Машани бастаған қазақ ғалымдарының күш салуымен Фарабидің 1100 жылдық 
мерейтойын Қазақстанда атап өтуге шешім қабылданды. Сөйтіп, әлемнің «Екінші 
Аристотелі» аталған бабамыз әл-Фарабиге арналған ғылыми форум 1975 жылы 8-13 қыр-
күйекте Мәскеуде басталып, Алматыда аяқталды.
Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында былай 
дейді: - «Адам толығымен дамып жетілуі үшін көптеген нәрселерден тәуелді болады. Яғни 
ол өзіне қажет нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды. Сондықтан, адам өзінен басқа 
адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және адам қоғамда ғана толық жетіліп, 
бақытқа қол жеткізе алады»,- деп тұжырымдайды. Сонымен, ол да қоғамдастықтың 
құраушысы болып табылады, басқалардың жоғын тауып беруші ретінде де болады Сөйтіп
қоғамның әрбір мүшесінің іс әрекеті оның әрбір мүшесіне қажеттіні тауып беретін болады 


172 
дейді. Әл Фараби адам қоғамдастығын екіге бөліп көрсетеді: толық қоғам және толық 
емес қоғам.Толық қоғамдастықтың өзін үшке бөліп көрсетеді: үлкен, орташа және кіші. 
Үлкен қоғамдастық оның пікірінше, барлық жер бетін мекендеуші адамдардың жалпы 
қоғамдастығы. Орташа қоғамдастық деп, белгілі бір халық ретіндегі қоғамдастықты 
айтады да, кіші қоғам ол белгілі бір қала дейді. Толық емес қоғамдастықты Әл Фараби 
төртке бөліп көрсеткен. Олар квартал, көше, үй, ауыл. Ауыл қала құрамына кірмегенімен, 
ол қалаға қызмет көрсетіп отыратын толық емес қоғам. Жоғары деңгейдегі даму мен 
игілікке адам ең бірінші қалада ғана қол жеткізе алады делінеді. Кез келген қалада 
бақытқа қол жеткізу үшін, адам барлық нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау 
жасап, талаптану қажет дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір біріне 
көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі. Және онда қайырымды қоғам да, 
қайырымды халық та болады дейді. Әл Фарабидің айтуынша, қайырымды қала адамның 
сау әрі мінсіз денесіне ұқсас келеді делінеді. Яғни, оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау 
үшін бір біріне көмектесіп өмір сүреді дейді. Алайда адам денесіндегі органдар бір бірінен 
табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтыны сияқты, қала 
тұрғындарының да қызметі мен қоғамдағы орны бойынша бір бірінен айырмашылығы 
болады. Қаланың басшысы өзінен сатысы төмендегілерге белгілі бір істердің атқарылуын 
талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейінгілерден талап етеді, сөйтіп, 
ешкімнен талап ете алмайтындар ең төменгі сатыға да жетеді. Әл Фараби бұл еңбегінде 
қала тұрғындарын бес топқа бөледі: ең құрметті адамдар, шешендер, өлшеушілер, 
жауынгерлер және байлар. Ең құрметті адамдар ақылдылар, пайымдағыш адамдар, 
маңызды істерде беделге ие болғандар. Екінші топтағы шешендерге-діни қызметкерлер, 
ақындар, музыканттар, хатшылар, шығармашылық жұмыспен айналысатындар. 
Өлшеушілерге есепшілер, дәрігерлер, астролог, математиктер, оқытушылар жатады дейді. 
Ал байларға егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілерді жатқызады.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: 
«Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, 
Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»,- дей 
отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін, ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, 
олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас ұрпаққа 
кеңінен насихаттауды тапсырған болатын [3]. Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу 
үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта 
білімді, тәрбиені, адамгершілік пен ізгілікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде 
өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Оларды данышпан-
ойшылдардың еңбектерінен ғана кездестіруге болады. Сондай құнды мұралардың иесі, 
қазақ топырағынан шыққан, жанжақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте 
орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-
ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Әл-Фараби 
педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, 
мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен 
ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым салаларын қамтитын 150-ге 
тарта трактаттар жазған. 
Қорыта айтқанда, әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды 
келесі ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Алайда Елбасымыздың 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы талабынан қарасақ, бұл жұмыстарды әлі де тереңдете 
түсу керек. Әл-Фараби сияқты ғұлама бабамыздың еңбектерін толық, жан-жақты зерттеп, 
оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару орайында, әлі де көп тер төгуге тура келеді. 
2020 жылы тойланатын Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы 
ЮНЕСКО деңгейінде, әлемдік мәдениеттің ұлы мерекесі дәрежесінде өзінің туған жері 
Қазақстанда өтуі тиіс. Сонау қиын тоталитарлық жүйе кезінің өзінде әл-Фараби 
бабамыздың Отырардан шыққанын дәлелдеп, өз Отанына қауыштыру, 1100 жылдық 
мерейтойын өткізу аға ұрпақ өкілдерінің теңдесі жоқ ерлігі болды. Енді, еліміз тәуелсіздік 


173 
алып, дамыған мемлекеттер қатарына қосылып жатқан кезде Елбасымыздың «Рухани 
жаңғыру» бағдарламасының аясында тарихымызға терең бойлап, біз мақтанатын, дүние 
жүзі өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын өткізу 
бәріміз үшін үлкен сын, ол жан-жақты дайындықты керек етеді.
[4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет