Бөлiну реакциясы деп ядроның өзiнен немесе сыртқы қоздырғыштың əсерiнен массалары бір - біріне жуықтау, бiрақ тең емес екi немесе кейде үш жарықшақтарға жіктелуі айтылады. Ядроның бөлiну реакциясы көптеген жағдайларда бөлшектердiң: фотондар, протондар, дейтрондар, т.б. əсерлерiнен орындалуы мүмкiн. Ауыр ядролардың жарықшаларға бөлiнуiн зерттеудiң маңызы зор.
Ядроның бөлiну реакциясы кезiнде терең өзгерiстер болады. Олардың бөлiну механизмi басқа ядролық реакция механизмдерiнен өзгеше болады. Ядролық реакциялардың жұмыс iстеу принципi (яғни ядролық энергетика салалары) осы ядролардың нейтрондар əсерiнен орындайтын реакцияға негiзделген.
Термоядролық реакциялар.
Термоядролық реакция, термоядролық синтез - өте жоғары температурада жүзеге асатын ядролар бірігуі реакциясы. Жеңіл элементтерді (сутек, гелий, литий, т.б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдарының тұтастығы жоғалып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта, жоғары температуралы плазма, пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетінен (барьерінен) өте алатын кинетикалық энергияға ие болады:
Тізбекті ядролық реакциядағы кризистік энергия мен кризистік масса дегеніміз не?
Кризистік масса – ядролық физикада өздігінен жүретін тізбекті бөліну реакциясын бастау үшін қажет бөлінетін материалдың ең аз массасы. Заттың мұндай мөлшеріндегі нейтрондардың көбейту коэффициенті бірден үлкен немесе бірге тең. Критикалық массаға сәйкес өлшемдер де критикалық деп аталады.
Кризистік энергия: Бөліну үшін қажетті ең аз қозу энергиясы критикалық энергия немесе шектік энергия ретінде белгілі. Негізінде ядро, егер ол жеткілікті жоғары қозған күйді белсендірсе, оның құрамдас бөліктеріне бөлуге болады. Бөлінудің тамаша жағдайлары үшін қозу энергиясы сол нуклид үшін белгілі бір мәннен үлкен болуы керек.