Ядролық күштер қасиеттері электромагнитті және гравитациялық күштерге қарағанда өзгеше болатын, әсері күшті күштерге жатады. Ядролық күштердің табиғаты толығымен зерттелмеген



бет3/4
Дата27.02.2023
өлшемі79,5 Kb.
#70405
1   2   3   4
Байланысты:
5 Ядролық күштер

орталық еместік қасиеті әсерлесуші денелерді қосатын түзу бойымен әсер ететін күштер орталық күштер деп аталады
Қарапайым ядроның кейбір қасиеттерін қарастырайық.
Дейтондағы нейтрон мен протонның спиндері параллель орналасқан. Дейтонның магниттік моменті протон мен нейтронның магниттік моменттерінің алгебрлық қосындысымен анықталады, μd + μd= 2,79 – 1,91 = 0,88. Дейтондық өлшенген магниттік момені μd= 0,86. Айырмашылықты протонда опрбитальдық моменттің болуымен түсіндруге болады. Дейтонның квадрупольдық моменті +0,0028·10‑24 см2, яғни электр зарядтың тығыздығының таралуы сфералық симметриялыққа қарағанда өзгеше. Сондықтан протон мен нейтроннан құралған жүйеннің байланыс энергиясы екі нуклонның да спиндері дейтон осінің бойымен бағытталғанда ғана ең ең үлкен болады. Ядролық күштер нуклондар ара қашықтығымен қоса нуклондарды қосатын түзуге байланысты спиндердің орналасуына да байланысты болғандықтан олар орталық емес болып келеді.
8. Ядролық күштер пи-мезонның алмасуымен түсіндірілетін алмасушылық қасиетке ие. Кванттық электродинамикада қабылданған электр зарядтары арасындағы әсерге сәйкес бұл болжамды 1934 жылы И. Тамм және 1935 жылы Х. Юкава ұсынды. Зарядтардың әсерлесу үрдісі нақты фотондардың емес виртуал фотондар алмасуынан тұрады. Өзінің өмір сүру уақыты кезінде табылып, анықталуы мүмкін емес бөлшектер кванттық механикада виртуал бөлшектер деп аталады. Электронның тыныштық күйіндегі кеңістікте электр өрісінің пайда болуын:

Бұл кезде энергияның сақталу заңы орындалмайды:



- виртуал фотон энергиясы
Анықталмағандықтардың кванттық-механикалық қатынасы:

Егер уақыт өткенге дейін виртуал фотон осы немесе басқа да электронмен жұтылмаса, энергияның сақталу заңы орындалады. Егер электронға қосымша энергия берілсе, нақты фотон шығарылуы мүмкін. уақыт аралығында виртуал фотон ара қашықтықтағы нүктелер әсерлесуін бере алады.

Виртуал фотон энергиясы өте аз мәнді болуы мүмкін болғандықтан (егер ), электромагниттік күштердің әсер ету радиусы шексіз болады. Виртуал бөлшектің тыныштық массасы нөлге тең емес боған жағдайда, сәйкес күштердің әсер ету шамасымен шектеледі.


Ядролық күштердің әсер ету радиусы ~ 1,3·10-13см, ядролық күштер өрісінің кванттарының тыныштық массасы:
Ядролық өрісте еркін (виртуал емес) кванттар пайда болуы үшін 140 Мэв-тен жоғары энергия қажет. Бұл бөлшектер космостық сәулелер құрамынан анықталып, (1947 жылы Оккиалини және Поуэлл) π-мезон (пион) деп аталынды.
Пиондардың үш типі: заряды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет