Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне сіңірген еңбегі
1876 жылы Түркістанда болған француз зерттеушісі баспасөз беттерінде Қ.А.Ясауи кесенесіне тәнті болғанын және оның болашағына қатты алаңдаушылық білдірген. Ғалымның аты-жөні және кесенеге қатысты қандай жазба қалдырды?
1938 жылы Қ.А.Ясауи кесенесінің қандай бөлмелеріне ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Реставрациялық жұмыстарды кім басқарды?
1951-1959 жылы Қ.А.Ясауи кесенесіне қандай ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізілді?. Реставрациялық жұмысқа бекітілген архитекторды атаңыз.
«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің реставрациясы және зерттелу мәселелері» жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған ғалымды атаңыз және қай жылы қорғады?
«Қ.А.Ясауи кесенесінің композициялық талғампаздығы жағынан бұларға пара-пар келетін панельдер сол кездегі Самарқанд ескерткіштерінде де жоқ» және Қожа Ахмет Ясауи кесенесін «ескерткіштер қаласы» деп атаған ғалымды атаңыз
1928 жылы Қ.А.Ясауи кесенесін зерттеп екі арнайы еңбек жазған М.Е.Массон кесенеге қандай баға берді?
«Әзіреттің төбесін
Күндік жерден көреді
Жақындасып келгенсін,
Алып шыққан дәулетін
Екі жерге бөледі»,- қазақ халқының қандай жырында кездеседі?
Қ.А.Ясауи кесенесіндегі эпиграфиялық жазу мәтіндерді оқып, алғаш рет орыс тіліне аударған ғалымдарды атаңыз
Қ.А.Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық қола жәдігерлерді басым бөлігін зерттеген ғалымды атаңыз
1978-1980 жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи тұлғалар құлпытасындағы жазуларды араб тілінен қазақ тіліне аударған текстолог ғалымды атаңыз
1995 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тарихи тұлғалар құлпытасындағы жазуларды араб, парсы тілдерінен қазақ тіліне аударған текстолог ғалымдарды атаңыз