Yessenov forum «ЖАҢа мағыналар»



Pdf көрінісі
бет1/255
Дата11.04.2022
өлшемі7,85 Mb.
#30604
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
Байланысты:
itog



 

 



 


 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

YESSENOV FORUM «ЖАҢА МАҒЫНАЛАР» 

 

АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

2-3 ЖЕЛТОҚСАН, 2021  

 

 

 

YESSENOV FORUM «NEW MEANINGS» 

 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОГО ФОРУМА 

 

 

2-3 ДЕКАБРЯ, 2021  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ  

 

 




 

ӘОЖ 338 



ББК 65.9 

Ү 46 

 

 

Есенов университетінің президенті Б.Б. Ахметовтің 



жалпы редакциялауымен 

 

Редакциялық алқа: 

Е.Т.Нұрмағанбет, А.М. Джанисенова  

 

«YESSENOV  FORUM  «ЖАҢА  МАҒЫНАЛАР»  атты  халықаралық  форумның 

материалдары  –  Ақтау:  Ш.Есенов  атындағы  Каспий  технологиялар  және  инжиниринг 

университеті, 2021, – 481 б. 

 

 

ISBN 978-601-308-546-3 



 

Жинақта  ғылыми  зерттеулерді,  ғылым  мен  білім  берудегі  ақпараттық 

технологияларды  дамыту  мен  қолданудың  практикалық  нәтижелерін  қарастырады. 

Сондай-ақ  жоғары  сапалы  экономикалық  өсімді  қамтамасыз  ету  өзекті  мәселелер 

қарастырылады.  Экономикалық  және  құқықтық  жүйелерді  басқарудағы  өзекті 

мәселелерін және оның проблемаларын шешуге, сондай-ақ студенттер мен профессор-

оқытушылар құрамының кәсіпкерлік белсенділігін дамыту сұрақтары қарастырылады.  

Жинақ зиялы қауым өкілдеріне, ғалымдарға, оқытушылар мен білімалушыларға 

арналған. 

  

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ӘОЖ 338 



ББК 65.9 

 

© Ш.Есенов атындағы Каспий  



технологиялар және  

инжиниринг университеті, 2021  



 

 

 

ISBN 978-601-308-546-3 

 

 



 


 

СЕКЦИЯ 1 



«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ – ТАПСЫРМАЛАРДЫ 

ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БАҒЫТ  

 

 

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Д.А.ҚОНАЕВТЫҢ 

110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХАЛҚЫНЫҢ ДАҢҚТЫ ҚАЙРАТКЕРІ 

 

Жаулин К.М. 

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Ақтау қ., Қазақстан 

 

Қай  халықтың  да  әр  заманда  өзіне  тұлға  тұтар 



айбынды  да  даңқты  қайраткерлері  болады.  Қазақ  халқы 

үшін  ХХ  ғасырдың  басындағы  Алаш  азаматтары  шыбын 

жандарын  шүберекке  түйіп,  қазақтың  дербес  ұлттық 

автономиясын  құру  үшін  күресті,  одан  кейін  оның  Қазақ 

Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып 

құрылуына, оның шекарасының бүгінгі аумақта бекітілуіне 

тікелей  атсалысты.  Сөйтіп  олар  ХХ  ғасырдағы  қазақ 

мемлекеттігінің  негізін  салуға  бар  күшін  салды. 

Армандарына  жете  алмаса  да,  ұлтының  жүрегінде 

өшпестей із қалдырды. Одан кейін кешегі кеңестік кезеңде 

тоталитарлық  жүйеге  қызмет  істей  жүріп,  ұлтына  қолдан 

келгенше қызмет еткен тұлғаларды да ұмытуға болмайды. 

Халқына  қадірлі  болып,  елдің  есінде  қалған,  есімі  мәңгі  ұмытылмайтын  сондай 

тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.  

Д.  А.  Қонаев  –  аса  көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  үш  мәрте 

Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,  КСРО, бірнеше 

шет  ел  ордендері  мен  медальдерінің  иегері.  ХХ  ғасырдағы  Қазақстанда  қызмет  еткен 

мемлекет қайраткерлерінің ішінде Д.А.Қонаевтың орны ерекше бөлек. Ол коммунистік 

жүйеге  қызмет  еткенмен,  Одақтың  құрамындағы  республикамызың  дамуына  қолдан 

келгенше еңбек сіңірді, көптеген игі істерімен абырой мен даңққа бөленді, қазақ халқы 

мен республикасын дүниежүзіне танымал етті. Соншалықты күрделі кезеңде өмір сүріп, 

қызмет етсе де, Д. А. Қонаев Қазақстанның экономикасын, әлеуметтік өмірін, ғылымы 

мен мәдениетін дамытуға ерекше еңбек сіңіргені күмәнсіз. Оның еңбегі, азаматтық және 

ғалымдық болмысы бүкіл бір ұлттың жарты ғасырлық өмірбаянына айналғаны шындық. 

Ол  туралы  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Дінмұхамед  Ахметұлы  –  айрықша  ардақтауға 

лайықты қарымды қайраткер. Сондықтан, біз оны Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың 

тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек», – деп атап өткен болатын. 

Қазақстан  Тәуелсіздігін  жариялаған  кезде-ақ  оны  әлемдік  қауымдастықтың  

көптен  күткен  заңды  оқиғадай  қабылдағаны,  оған  дейін  Қазақстан  атының  танылып, 

өзіндік  орны  бар  одақтық  республика  ретінде  қалыптасқандығынан  екендігін  де 

мойындамасқа болмайды. Сан ғасырлар бойы езгіге түсіп, небір қиыншылықты көрген 

халқымыздың  есін  жиып,  қоғамдық-әлеуметтік  тұрғыда  танылып,  экономика  мен 

мәдениеттегі орнын айқындап, алыс-жақын әлемге аудара бастауы да сол Қонаев билік 

құрған кезеңнен басталғаны баршаға мәлім.  

Д.А.Қонаев өз заманының танымал тұлғасы, халқының адал ұлы, Қазақстанның 

ғана емес, сол кездегі Одаққа танымал саясаткер бола білді. Түрлі деңгейдегі партия және 




 

кеңес  қызметін  атқара  жүріп,  кеңестік  жүйеге  қызмет  етсе  де,  Орталықтың  өктем 



саясатының ығымен кете бермей, өз елінің мүддесін, болашақ ұрпақтың қамын да бір сәт 

естен шығарған жоқ. Оның есімі Кеңестік кезеңдегі қазақ халқының тағдырымен тығыз 

байланысты. Ол өз халқының ХХ ғасырдағы жүріп өткен жолының ырғағымен ұзақ та 

күрделі ғұмыр кешті. Д.А.Қонаевты еске алсақ, еліміздегі  ғаламат құрылыстар, сандаған 

кен  орындары,  зәулім  қалалар  және  Қазақстан  тыңын  игеру  кезеңі  көз  алдымызда 

тұрады.  Ол,  шын  мәнінде,  өзі  өмір  сүрген  күрделі  уақыттың  адал  перзенті,  артында 

өшпес із қалдырған мемлекетшіл ірі тұлға болды.   

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам 

қайраткері,  үш  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері,  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының 

академигі,  техника  ғылымының  докторы,  көптеген  КСРО  және  шетел  ордендері  мен 

медальдарының  иегері.  Ол  1912  жылы  12  қаңтарда  Алматы  қаласында  қызметкерлер 

отбасында өмірге келген. Балдәурен балалық шағы, жастық дәуірі осы әсем қалада өтті. 

Д.А. Қонаевтың ата-бабалары мал шаруашылығын кәсіп еткен жандар болған. Ауылы 

Құйған маңайындағы Күрті мен Іле өзені жағалауын мекендеген. Бертінірек келгенде тау 

бөктеріндегі Алматы өзенінің оң жағалауына тұрақты түрде қоныс тебеді. 

Д.А.Қонаев  Чернышевский  атындағы  №19  мектептің  бастауыш  сыныбында 

оқыған. Төртінші сыныпты бітірген соң №14 мектепке ауысып, сонда оқиды. Мектепті 

бітіргеннен  кейін,  жоспарлау  органдарында  статист  болып  жұмыс  істеп,  кешкілік 

институттың  дайындық  курсында  оқиды.  1931  жылы  Қазақстан  өлкелік  комсомол 

комитетінің  жолдамасымен  Қазақстан  Өлкелік  комсомол  комитеті  оны  Мәскеу  Түсті 

металл  алтын  институтына  оқуға  жібереді.  Институтты  ойдағыдай  бітіріп,  тау-кен 

инженері мамандығын алған Д.А.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат 

руднигіне  жұмысқа  орналасып,  онда  бұрғылау  станогының  машинисі,  цех  бастығы, 

рудниктің  бас  инженері  және  оның  директоры  болып  істейді.  Екінші  дүниежүзілік 

соғысының  қиын  күндерінде  ол  тылдағы  жұмысты  ұйымдастыруда  іскерлігімен  көзге 

түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің 

және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен 

басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 

 

1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары 



болып  қызмет  етеді.  Осында  жүргенде  Қазақстан  ғалымдары  оған  зор  сенім  көрсетіп, 

оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. 

Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Дінмұхамед Ахметұлы республика ғылымының дамуы 

жолында  зор  еңбек  сіңіреді.  Ғылыми-ұйымдық  жұмыстарды  жақсарту,  ғылыми 

зерттеулердің  негізгі  салаларын  білікті  кадрлармен  нығайту  шаралары  оның 

басшылығымен  жүзеге  асырылды.  Д.А.Қонаев  1955-1960  және  1962-1964  жылдары 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан 

коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.  

Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, 

мол  тәжірибесін  және  ұйымдастырушылық  қабілетін  аянбай  жұмсай  білді.  Бірнеше 

мәрте  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып  сайланды.  КОКП-ның  ХІХ  съезінен 

бастап  кейінгі  съездерінің  бәріне  делегат  болып  сайланды.  Парламент  және  партия 

делегациясын  басқарып,  әлденеше  рет  шетелдерде  болып  қайтты.  1956  жылы  КОКП 

Орталық  комитетінің  мүшесі  болды.  Партияның  XXIII  съезінде  ол  СОКП  Орталық 

Комитетінің  Саяси  Бюросының  мүшелігіне  кандидат,  ал  ХХVІ  съезде  мүше  болып 

сайланды.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  және  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 

Президиумының мүшесі болды.  

Қаншалықты  күрделі,  идеологиялық  қысымшылықта  әрі  тоталитардық  жүйеде 

қызмет атқарғанымен, Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол 



 

Қазақстанның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту 



ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, 

Орталықтың  өктем  саясатының  ығына  жығыла  бермей,  қажет  жерінде  ел  мүддесін, 

болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің 

озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып 

алуы соның айқын бір дәлелі еді.  

Мақаламыздың басында айтып кеткеніміздей, алаш азаматтарының асыл арманын 

жүзеге асыруда кешегі кеңес дәуірінде де ардақтыларымыздың атсалысқандары айдай 

анық. Ол Қазақстанда неміс автномиясын құруға қарсы шығып, Маңғыстаудай қойнауы 

құтты  мекенді  көрші  елдердің  қанжығасына  байлап  жіберуге  бейіл  болған  кеңестік 

саясатқа ырық бермей, көзінің қарашығындай сақтап қала алған Дінмұхамед Ахметұлы 

Қонаевтай халқының сүйікті ұлының болғанын қазіргі ұрпақ мақтанышпен еске алады, 

ешқашан  ұмытпайды.  Ал  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  осынау  территорияны  тұңғыш 

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ресми түрде бекіттіріп, әлемдік құқық 

мойындаған мемлекеттік шекараны баянды еткені баршамызға аян. 

Осындай  халқының  адал  ұлы,  көрнекті  қайраткерінің  қызметтен  кетуі  ел 

тарихында  елеулі  оқиға  болып  қалды.  1985  жылы  СОКП  Орталық  Комитетінің  Бас 

Хатшысы  болып  М.С.Горбачевтің  келуіне  байланысты  1986  жылы  желтоқсан  айында 

Дінмухамед  Қонаев  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші 

хатшылығынан  босатылды.  Небәрі  18  минутқа  созылған  пленумда  оның  орнына 

Ульяновск облысынан келген Г.В.Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған 

осындай  әділетсіз  саясатына  қарсы  республика  жастары  өз  қарсылықтарын  білдіріп 

алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласқаны баршаға мәлім.  

«Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру» – деген ұлт тұлғасы елдік үшін 

аянбай еңбек етті.Содан болар «Орысты ренжетсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжітсең 

қайда шабады? Өзіңнің алдыңа айналып келеді, Асанбай. Орыстың артында Мәскеу бар. 

Қазақтың  артында  Мәскеу  жоқ,  қазақтың  Мәскеуі  –  біздерміз,  Асанбай,  қолыңнан 

келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа 

да  көнетін  иісалмас,  ынжық  болып  кетеді.  Ұлт  өзінің  мүддесін  өзі  қорғай  алатын 

дәрежеге  жетуі  керек.  Кезінде  қазақтың  жанын  сақтап  қалсақ  екен  дедік  қой...  Біз  ол 

дәуірден өттік. Енді қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек», – деген еді Асанбай 

Асқаровқа.  

Ұлт тарихын зерделеуде кейінгі өскелең ұрпаққа ата тарихымыз бен оны жасаушы 

тұлғалар  туралы,  олардың  артында  қалған  мұрасы  мен  келелі  ой-тұжырымдарын 

зерттеп-жеткізу, ұлт перзенттерін ұлықтау – абыройлы парыз. Қазақ зиялы қауымының 

өкілдері біздің қоғамымызда шоқ жұлдыздай жарық шоғырын құрайды. Үнемі үрдістік 

дамуға ұмтылып отыратын қоғамның тынысына өздерінің ой-интеллектісімен, нақтылы 

тұжырымдарымен ықпал ететін, оның алар бағытына да әсер ете алатын негізгі күш  – 

зиялылар қауымы. Сондықтан да зиялы қауым өкілінің тарихын зерттеу, олардың ғылым 

мен  қоғамдағы  алар  орны,  оған  қосқан  үлесін  саралай  отырып  сараптау,  тағылымдық 

жақтарын ашып көрсету, бағалау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап 

тану мүмкін емес. Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап 

қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы 

өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда да 

оны  адал  орындаудан  жалтармаған  адамдар  қай  дәуірде  өмір  сүрсе  де,  дәйім  өз 

жұртының нағыз азаматы болып қала берген. Тарихтың қай кезеңінеде болсын олар, өз 

ұлтының  бетке  ұстар  мақтанышы  болып  келген.  Ол,  ол  ма,  белгілі  бір  мағынасында 

олардың өздері де халық тарихының тұтас бір дәуіріне татыған, халқының бағытынан 




 

жаңылмай тәуелсіздікке бастайтын жолын нұрландырған ел тарихының шамшырақтары 



болған», - деп тұлғалардың тарихтан алар орнын ашып көрсетеді. 

Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  Республика  партия  ұйымын  басқарған  ширек 

ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  өзінің  үлкен  мәдениеттілігімен,  иманжүзді  ізеттілігімен 

танылып,  халық  дәстүрін  жақсы  білетін,  тағылымы  терең,  ой  өресі  биік  жан  екенін 

көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде 

жүріп  жатқан  реформа  бағыттарын,  қоғамды  демократияландыру  қажет  екенін  терең 

сезініп, қолдай білді. Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал 

азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. 

Д.А.Қонаев  туралы  замандастары,  көрнекті  қоғам  қайраткерлерінің  лебіздерін 

тыңдап көрелік:  

«Димекең – өз заманының перзенті болған ірі тұлға. Ол кісінің артықшылығын да, 

кемшілігін де біз сол заманнан бөле-жара қарауға қақымыз жоқ. Қонаев есімі Қазақстан 

халқымен  бірге  жасары  анық,  ақиқат.  Ол  кісі  –  бәрімізге  ұстаз  болған  ұлы  адам» 

(Н.Назарбаев);  

«Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол 

халық  –  қазақ  халқы.  Елінің  өткенін  ұмытпай,  келешегі  үшін  қалтқысыз  еңбек  еткен 

перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев» (Джавахарлал Неру); 

«Қазақстанның  өрлеу  мен  гүлденудің  ең  жоғарғы  дәрежесіне  жеткен  кезеңі  – 

Қонаев билік басына келген жылдар. Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез келген 

мәселені  шешуде  үнемі  батылдық  пен  көрегендік  танытып  отыратын  тұлға  болды» 

(Асанбай Асқаров); 

«Оның өмір жолы тек бір адамзаттың ғана емес, күллі бір ұлттың бір ғасырлық 

өмірбаянына  айналғаны  мойындамасқа  болмайтын  шындық.  Қалайық,  қаламайық 

әлденеше  он  жылдар  бойы  көзқарақты  дүние  Қонаев  аталған  жерде  Қазақстан,  ал 

Қазақстан аталған жерде Қонаев бар деп ұқты» (Әбіш Кекілбайұлы). 

Д.А.Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты ғұмырнамалық кітабында: 

«...Мен  тәңірі  сыйға  тартқан  біраз  жасқа  келдім.  Еңкейіп  отырмын  деп,  еңсемді 

түсірмеймін.  Ат  жалын  тартып  мінген  азамат  шақтан  алдыма  қойған  бар  арман,  бар 

мақсат  –  өзіңмен  еншілес  болу  еді,  халқым.  Ол  ниет  орындалды.  Қалтқысыз  қызмет 

етуге, аманатыңа адал  болуға, адам баласына  қиянат  жасамауға, ала  жіптен аттамауға 

тырыстым.  Соңғы  демім  таусылғанша  алақаны  аялы,  жаны  саялы  елім,  саған,  алтын 

бесігім – жерім, саған қызмет етуден танбаймын», – деп жазды.  

Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси, ғылыми еңбегі – Тәуелсіз Қазақстанның болашақ 

ұрпақтары үшін де өлшеусіз үлгі, қашан да өнеге. Өйткені, жас ұрпақ ата-бабаларынан 

бері келе жатқан халқының ерлік және еңбек даңқын, орасан тәжірибесін біліп өсуі, одан 

үлгі алып ержетуі лазым. Сол ата-бабалардың ерлік істерін кешегі тоталитарлы кеңестік 

кезеңнің өзінде ақыл-оймен жалғастырып, елі үшін елеулі еңбек сіңірген Д.А.Қонаевтай 

азаматтардың елге жасаған жақсылығын үйрене отырып қана бүгінгі тәуелсіздігіміздің 

бағасын біле алады және оны баянды қылу жолында әрекет етеді.  

Қазіргі  кейбір  адамдар  кешегі  кеңестік  кезеңге  топырақ  шашып,  оны  тұтастай 

жоққа шығаруға тырысады. Алайда, ол кезең де – біздің тарихымыз, біздің тағдырымыз 

болды.  Өткенді  қайта  оралта  алмаймыз.  Кеңестік  идеология  мен  саясаттың  небір 

құйтырқылықтары болғанымен, сол кезеңде де қазақ қоғамы бір орнында тұрып қалған 

жоқ,  елмен  бірге  дамыды.  Экономикасы,  білімі  мен  мәдениеті  өсті.  Оны  жасаған  да, 

басқарған да өз азаматтарымыз, білімді де бекзат аталарымыз бен ағаларымыз. Олардың 

тәжірибесі,  өмір  жолы  мен  өнегесі  қазіргі  жас  ұрпақ  үшін  ауадай  қажет  екенін 

ұмытпауымыз керек. 



 

Д.А.Қонаев: «Мен өзімнің, сондай-ақ замандастарымның өмірін жарты ғасырдан 



астам уақыттан бері мүшесі болып келе жатқан Коммунистік партиядан, оның мұратты 

істерінен  бөліп  қарай  алмаймын.  Біз  революция  жеңісін  (базбіреулер  мансұқтаса  да) 

халықтың  әл-ауқатын  жақсарту  арқылы  ғана  емес,  сонымен  бірге  адам  санасына 

қайырым, рахым, мейірім, шапағат, кішілік, кісілік сияқты ізгілік рухын егу арқылы да 

баянды  етуге  ұмтылдық.  Сондықтан  да  олар  малым  –  жанымның  садақасы,  жаным  – 

арымның садақасы деп өмір кешіп келеді. Өзін-өзі әркім-ақ бақытты ете алады, ал біреуді 

бақытты етуге екінің бірі тәуекел ете бермейді. Басқаның бақыты деген сөз – халықтың 

бақыты деген сөз. Бұл – бір. Екіншіден, ертеңін ойлаған ел қазына жиюға ынтықпайды, 

кемелденуге  ұмтылады.  Біз  барынша  елдің  келешегін  соған  үндедік.  Өшкенімізді 

жаңғыртып, өлгенімізді тірілтуге тырыстық. Өскен, өркендеген ел қатарлы басын мұнар 

шалса  да,  іргесін  сыз  алмас  ғимараттар,  сәулетті  сарайлар,  тарих  елшісі  –  музейлер 

салып, мәдениетке талпындық», – деп, ағынан жарыла баяндайды. 

Д.А.Қонаев түрлі қызмет атқара жүріп ғылымнан бір сәтке де қол үзген емес. Ол 

1948  жылы  техника  ғылымдарының  кандидаты,  ал  1963  жылы  докторы  ғылыми 

дәрежесіне  диссертацияларды  сәтті  қорғады.  Кандидаттық  диссертацияның  негізінде 

оның  бірнеше  ғылыми  еңбектер:  «Қоңырат  руднигіндегі  бұрғылау-жару  жұмыстары» 

(1949),  «Соколов-Сарыбай  кен  байыту  комбинаты  карьерлерінде  кен  қазу 

жұмыстарының  технологиясын  жетілдіру»  (1966),  «Қазақстанда  кен  қазу 

жұмыстарының  ашық  әдістерін  дамыту»  (1950)   және  т.б.  аса  құнды  еңбектер  жазды. 

Оның ғылыми еңбектері кезінде жоғары бағаланып,  1942 жылы «Қазақ КСР-і Жезқазған 

ауданының кен орындары» атты ғылыми еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықпен, ал 1958 

жылы  Орталық  Қазақстанның  металлогендік  және  болжау  картасын  жасағаны  үшін 

Лениндік  сыйлықпен  марапатталды.  Ұзақ  жылғы  ізденістердің  нәтижесінде  1952  ж. 

Академияның  толық  мүшелігіне  (академик)  сайланады.  Сондай-ақ  ғалымның  ұзақ 

жылғы ізденістерінің нәтижесі болып табылатын оның артында қалған 200-ден аса ірі-

ірі ғылыми еңбектері бүгінгі күні де сұранысқа ие. 

Сондай  ғылым  жолындағы  табанды  ізденісі  мен  ғылымның  қиыншылығымен 

қатар  қызықты  да  кезеңдері  туралы  өзі:  «...ғылым  жолының  инемен  құдық  қазғандай 

қиындығына  да,  шексіз  мүмкіндігіне  де  қайран  қаламын.  Тереңірек  үңіліп,  сарсыла 

ізденген сайын, оның тылсым сырларына қаныққан сайын «ындының кеуіп», шөліркей 

түсесің,  арбалғандай  алаңсыз  «құныға»  түсесің.  Ғылым  деген  құдірет  осы.  Оның  түн 

ұйқыңды  төрт  бөлгізген  ой  кемерінен,  сол  ойдың  ел  игілігіне  айналған  жемісін  көру 

қандай бақыт! Мен өзімді сол бақыттың дәмін татқан ғалымдардың бірі болғаныма шүкір 

деймін», – деп еске алады. 

Д.А.Қонаевтың  республика  ғылымын  дамытуға  қосқан  үлесі  туралы  академик 

Б.А.  Төлепбаев  былай  дейді:  «Д.А.  Қонаев  ірі  ғалым,  әрі  ғылымды  білікті 

ұйымдастырушы  ретінде  Қазақстанның  Ғылым  Академиясының  гүлденуіне  көп  еңбек 

етті.  Оның  басшылығымен  ғылыми  күштер  мен  материалдық  ресурстар  шоғырланған 

республика  өндірістік  күштерінің  дамуының  кешенді  мәселелерін  шешуде,  сонымен 

қатар ұлт мәдениетінің көтерілуінде ғылыми мекемелердің жұмысы жандана түсті». 

Д.А.Қонаев  қызметтен  кетіп,  зейнеткерлікте  дамылдаған  жылдарында  өткен-

кеткенді пайымдап, 1992 жылы «Өтті дәурен осылай» деген атпен ғұмырнамалық кітап 

жазып, көпшілік оқырманның тілегі бойынша оның толықтырылған нұсқасы өзі өмірден 

өткеннен  кейін,  1994  жылы  «Ақиқаттан  аттауға  болмайды»  деген  атпен  қайта  басып 

шығарылды.  Сол  кітапта  автор  өзінің  республиканың  басшылық  қызметінде  болып, 

халқына қалтқысыз қызмет еткен жылдарын мынадай негізгі кезеңдерге бөледі. 




 

Біріншісі  –  сталиндік  заман,  бесжылдықтардың  басталып,  индустрияландыру, 



ұжымдастыру жалпыхалықтық сипат алған кезең. Бұл қазақтың ашаршылыққа ұшырап, 

«халық жауларын» қуғын-сүргінге түсірген азапты жылдар болды. 

Екіншісі  –  Сталиннің  жеке  басына  табынуының  зардаптары  әшкереленіп, 

догматизмнен арыла бастаған кезең. Бұл жылымық жылдарында экономикалық реформа 

деген тұрпайы тәсіл белең алды. Көптеген мемлекеттік органдардың таратылып, халық 

шаруашылығы  кеңестері  ұйымдастырылған  және  ауыл  шаруашылығы  органдары 

құрылымдарының  астан-кестеңі  шыққан  тұс.  Адам  алғаш  рет  ғарышқа  ұшып,  дүние 

дүбірге  бөлеген  жылдар.  «Антипартиялық  топ»  талқандалып,  бар  биліктің  бір  кісінің 

қолына көшкені, Хрущевтің ұрттан ішіп, шайқап төккен шағы. 

Үшінші  кезең  –1964  жылы  қазанда  КОКП  Орталық  Комитетінің  пленумында 

Хрущевтің  субъективизмі  мен  валютаризміне  күйрете  соққы  беріліп,  оны  «тақтан» 

тайдырған,  сөйтіп  Брежневтің  билігі  басталған  жылдар,  яғни,  «тоқырау»  деп  айдар 

тағылған  кезең  болды.  Бұл  кезеңге  Андропов  пен  Черненко  басқарған  жылдар  да 

қосылады. 

Төртінші  –  «қайта  құру»  деп  аталған  Горбачевтің  билік  құрған  жылдары, 

жариялылық пен демократия жылымығы ескен, бірақ халқымыздың 70 жыл бойы өткен 

тарихы аяусыз сыналып, жөнсіз қараланған уақыты. 

Мінеки,  өзі  арасын  ашып,  нақты  сипаттап  берген  осы  төрт  кезеңнің  соңғы  үш 

кезеңінде  Дінмұхамед  Қонаев  ағамыз  1942  жылдың  сәуір  айынан  1986  жылдың 

желтоқсанына дейін республикамыздың басшылық қызметінде болды. Ол кезең туралы 

аталмыш кітабында ақты – ақ, қараны – қара деп өз пайымымен саралай пайымдайды. 

Бұл еңбек – халқымыздың жүріп өткен ХХ ғасырдың жартысын ел басшысының көзімен 

зерделеген тағылымды еңбек. Бұл кітапта Дінмұхамед Ахметұлы өз замандастарының, 

ел басқару ісінде үзеңгілес болған тұлғалар мен заманының елеулі қайраткерлері туралы 

да тебірене баяндап: «Өнеге тұта білсек, сол адамдардың тәжірибесі – өмір мектебі ғой. 

Оған  атүсті  қарап,  сыртқары  тебу  –  алтынның  қолда  барда  қадірі  жоқтың  кері.  Асыл 

азаматтарымыздан айырылармыз, ол өмір заңы, бірақ олардың артында қалдырған өшпес 

ізі – өнегелі ісін ұмытуға қақымыз жоқ. Қайта мақтаныш етуге тиіспіз. Ұрпақ жалғастығы 

осымен  баянды,  осымен  құдіретті.  Сондықтан  әл  қадірімізше    өз  заманының  үнін 

жеткізуге,  рухын  сақтауға,  сондай-ақ  жақсысын  ардақтауға,  «әттеген-айын»  сабақ 

боларлықтай  салмақтап  айтуға  күш  салдым.  Әділін  айтуға,  ақ  сөйлеуге,  ақиқаттан 

аттамауға тырыстым», – деп толғанады. Ұлы тұлғаның артына үшпес із қалдырған ұлы 

тұлғалар  туралы  айтқандарын  өзіне  қатысты  айтуға  да  әбден  болады.  Сондай  бағаға 

лайық қазақтың Ұлы тұлғаларының бірі де, бірегейі де – Д.А.Қонаевтың өзі екені сөзсіз. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Д.А.Қонаев өмірден өткеннен кейін, яғни 1994 жылдың 24 

ақпанында, «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы» Жарлығын жариялады. 

Қазіргі күні Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі Алматы және Астана қалаларының 

көшелеріне,  университет  пен  колледжге  берілді.  1992  жылы  Д.А.Қонаев  атындағы 

Халықаралық  қор  құрылды.  Оның    мақсаты  –  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттігін  нығайту,  елімізде  жүргізіліп  жатқан  саяси  және  экономикалық 

реформаларға  қолдау  көрсету,  қазақ  халқының  тарихи,  мәдени  және  рухани  мұрасын 

игеріп,  оның  өркендеуіне  септігін  тигізу  болатын.  Қазақ  халқы  Ұлы  қайраткер 

тұлғасының есімін ешқашан есінен шығармайды. Туған халқы барда Қайраткерінің есімі 

де ұлтының туы болып, ел есінде жаңғыра береді! 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет