Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер


:1 байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру



бет33/39
Дата25.05.2023
өлшемі0,75 Mb.
#96981
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Дип. Электрондық оқулықты құру

1:1 байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру
1 – ереже: Егер бинарлық байланыс дәрежесі 1:1 және екі түсініктің де иелену класы
міндетті болса, онда бір қатынас қалыптасады. Бұл қатынастың алғашқы кілті екі түсініктің кез келген кілті болуы мүмкін (ER – диаграмма және қатынас сызбасы 7.3 суретте берілген).





К1,… К2,… K1VK2

Сурет 7.3 1-ереженің диаграммасы мен қатынасы.


2 – ереже: Егер бинарлық байланыс дәрежесі 1:1 және бір түсініктің иелену класы міндетті, ал екішісінікі міндетті емес болса онда әр түсініктің әрқайсысына осы түсініктердің кілті болатын алғашқы кілт құрылады. Содан кейін міндетті иелену класы бар түсінік қатынасына атрибут ретінде міндетті емес иелену класы бар түсініктің кілті қосылады ( ER – диаграмма және қатынас сызбасы 7.4 суретті берілген).



К1,…. К2,….


К1,К2 К2,….
Сурет 7.4 2-ереженің диаграммасы және қатынасы
3- ереже: Егер байланыс дәрежесі 1:1 және екі түсініктің де иелену класы міндетті емес блоса; онда үш қатынасты қолдану қажет. Екі қатынас байланысатын түсініктерге сәйкес келеді, олардың кілттері бұл қатынастардың алғашқы кілттері болып табылады. Үшінші қатынас қалған екеуін байланыстырады, сондықтан байланысатын қатынастардың кілттік атрибуттары осының кілті болып табылады (ER- диаграмма мен қатынастар сызбасы 7.5-суретте берілген).



К1,К2, …


К1,… К2,…



К1,К2…

Сурет 7.5 3- ереженің диаграммасы мен қатынасы




1:М байланысы үшін қатынастарды қалыптастыру
4- ереже: Егер түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі 1:М немесе М:1 және М- байланысты түсініктің иелену класы міндетті болса, онда екі қатынастың қалыптасуы жеткілікті. Соның өзінде бұл қатынастардың алғашқы кілттері осы түсініктердің кілттері болып табылады. Сонымен қатар 1- байланысты түсініктің кілті М- байланысты түсінікке сәйкес келетін қатынастың атрибуты (сыртқы кілт) ретінде қосылады.
5- ереже: Егер түсініктердің арасындағы байланыс дәрежесі 1:М (немесе М:1) және М- байланысты түсініктің иелену класы міндетті емес болса, онда үш қатынас қалыптасуы қажет. Екі қатынас кілттері алғашқы болып табылатын өзара байланысатын түсініктерге сәйкес келеді. Үшінші қатынас екі қатынасты байланыстырушы қатынас болып табылады (оның кілті байланысатын қатынастардың кілттік атрибуттары болып табылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет