Жоғары және аса жоғары қысымды (бір және 10 гигапаскаль) қолдану атмосфералық қысым берілген жүйеде жоқ фазалық диаграмма түрінің өзгеруіне, фазалық ауысу температурасының лездік ауысуына, жаңа фазаның пайда болуына алып келеді. Бұнымен Р – Т – Х координатасында (мұндағы Р – сыртқы қысым) тұрғандықтан фазалық тепе-теңдік диаграммаларын зерттеу маңыздылығы байланысқан.
Негізгі заңдылық қысымның артуы меншікті көлемнің артуымен байланысқан ауысуларды қиындатуы мен тығыздығы жоғары фазалардың бар болу аумақтарының құрам және температура бойынша кеңеюімен қорытындыланады.
Құрамында ұшатын компоненттер бар олардың негізіндегі әртүрлі жартылай өткізгіштік қосылыстар мен қатты ерітінділердің жартылай өткізгіштердің электроникадағы рөлінің артуымен байланысты р – Т – Хкоординатасында тұрғызылған, мұндағы р – ұшқыш компонент жұбының немесе оның диссоциациясының қысымы, фазалық диаграммаларды зерттеу қызығушылық тудыруда.
Диссоциация қысымы төмен және компоненттің қайнауының ең төмен температурасынан қоспаның максималды балқу температурасы төмен темпертураға ие компонеттер жүйесінде газды фазаларды елемеуге болады. Бұл жүйелердің фазалық диаграммалары қайнау температурасынан төмен температураларға дейін салынады.
3.18-суретте таза компоненттердің қайнау температурасынан төмен темпертатуралар аралықтарындағы эвтектикалық фазалық диаграма келтірілген.
Егер де қандай да компоненттің диссоциация қысымы үлкен болса, онда газдық фаза құрамын зерттелініп отырған жүйедегі фазалық тепе-теңдік зерттелінетін температураның барлық аралығындағы фаза құрамын ескеру қажет.