2.4-кесте. ІVВ топшада орналасқан қарапайым жартылай өткізгіштердің кейбір қасиеттері
Зат
|
Периодтық жүйедегі нөмірі
|
а, нм
|
Есв,
эВ/ат
|
Тбал, К
|
Еg, эВ, температура кезінде, К
|
,293 К, кезінде
см2/(В*с)
|
0
|
300
|
Алмаз
|
6
|
0,35661
|
7,36
|
3700*
|
-
|
5,2
|
~ 1800
|
Кремний
|
14
|
0,54282
|
4,64
|
1688
|
1,21
|
1,1
|
~ 1550
|
Германий
|
2
|
0,5657
|
3,87
|
1210
|
0,78
|
0,67
|
~ 4400
|
α-қалайы
|
50
|
0,64912
|
3,12
|
287**
|
0,08
|
0,065
|
~ 30000
|
*- 11*109 Па қысым кезінде
**- жартылай өткізгіш күйден металдық күйге қалайының ауысу кезіндегі (α β) температура көрсетілген
|
Бұл делокализацияланған электрондар графиттің электр өткізгіштігінің металдық сипатын қанағаттандырады. Қабаттар өзара Ван-дер-ваальстік күшпен байланысқан (Ван-дер-ваальстік күшінің байланыс түрінің көзі поляризацияланған эффект болып табылады, ол бір атомның (молекуланың) қозғалатын валенттік электрондарының күштік өрісі атомының (молекуласының) қозғалатын валенттік электрондарының күштік өрісі әсерінен туындайды). Сол себепті графит күрделі, аралас байланыстағы заттар мысалы бола алады.
Кремний мен германий кристалдық та, аморфтық күйде де алынады және қолданылады. Кремниий мен германий жартылай өткізгіштік электроника мен мироэлектрониканың негізгі материалдары болып табылады. Бұл заттар, әсіресе кремний, негізінде электрондық жартылай өткізгіштік құрылғылардың негізгі кластары дайындалады: диодтар, транзисторлар, күн энергиясын фотоқабылдағыштар мен фототүрлендіргіштер (күн батареялары), сондай-ақ интегралдық сызбалар – микроэлектронды және микропроцессорлық қондырғылар негізі. Германий мен кремнийдегі оптикалық тура өтуге «тыйым» олардың негізінде оптикалық кванттық генератор жасау мүмкіндігін шектейді. Жартылай өткізгіштердің кремний өндірісінің шексіз өсуі салдарынан кремний мен германий қасиеттері мол монокристалл қабыршақ және қабаттық құрылым түрінде өндірілуде. Кремний (жартылай өткізгіштік қондырғыларға қарағанда тазалығы айтарлықтай төмен), сондай-ақ болаттарда, бәрінен бұрын электр техникалық (трансформаторлық), легирлеуші элемент ретінде қолданылады.
VВ топша элементтері – фосфор, мышьяк, сурьма және висмут. V топ элементтері Юм-Розери (2.3) ережесіне сәйкес ромбоэдрлік сингонияға жататын координациялық саны ZK=3 болатын құрылымға алып келетін p3-орбиталар түзілуінің есебімен химиялық байланыс жүзеге асырылады. ZK=3 болатын кристалды, көбінде, екі қабатты пластиналардан тұрады деп елестетуге болады. Әрбір атом көрші қабатта ковалентті байланыспен байланысқан сол үш жақын көршілердің пластиналарға ие. Көрші пластиналар әлсіз Ван-дер-ваальстік күшпен өзара байланысқан. Ковалентті байланыстың барлық кристалға өтуі себебінен VВ топша элементтері ІVВ топша элементтеріне қарағанда пластикалық болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |