Ю., Ташкеева Г.Қ. Физикалық материалтануға кіріспе


Инконгруэнтті еритін қосылыстар



бет67/83
Дата14.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#114633
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Байланысты:
treatise13466

Инконгруэнтті еритін қосылыстар (3.13-сурет). Бұл типтің балқуы, мысалы, Ga3Te4 (3.13а-сурет), қыздыру кезіндегі перитектикалық ауысу сияқты өтеді, яғни қатты фаза екі фазаға –бастапқы қосылыстың құрамының екі жағы бойынша жататын құрамды сұйық және қатты фазаларға айналады. Мұндай жағдайларда қосылыстың балқу температурасы ликвидус сызығынан төмен жатады, қосылыспен байланысқан максимумға ие емес соңғысының нәтижесінде.
Инконгруэнтті балқуға жуық жүйеде конгруэнтті балқитын қосылыстар болса, онда солидус сызығына сәйкес келетін аумақтарда GaTe және Ga2Te3 қосылыстар жағдайында Ga-Te (3.13а-сурет) бар максимумдар бақыланатын болады. Берік емес қосылысты жүйе компоненті ретінде қабылдап қарапайым диаграммаларға бөлуге болмайды.


3.13-сурет. Берік және берік емес қосылыстары бар жүйелердің фазалық диаграммалары: а – екі берік (GaTe және Ga2Te3) және екі берік емес қосылыстар түзетін (Ga3Te4 және Ga2Te5) Ga-Te жүйесі; ә,б – Р ≈100 (б) және Р~1 (б) қысым кезіндегі Si-С жүйелері; жүйеде SiC берік қосылысы түзіледі. Ga-Te жүйесінде 1121, 1057, 1085ºС балқу температураларына сәйкес GaTe, Ga3Te4, Ga2Te3 қосылыстар түзіледі.








Гомогенділіктің кең аумағын түзетін қосылыстар. Қосылыстың бұл түрі металдық және жартылай өткізгіштердің жүйелерінің (енгізу фазаларының түрлерінің металдық байланыстары, халкогенидтер және т.б.) бәрінде таралған. Қосылыстың бұл түрінің ішінде: дальтонидтер және бертолидтер болып екі топқа бөлінеді.
Дальтонидтер – гомогенділіктің кең аумағы бар қосылыстар – қосылыстың формулалық құрамы гогмогенділік аумағының ішінде болады (3.14а,ә,б-сурет); дальтонидті фазалық диаграммалар үшін ортадағы – дальтонид пен компоненттердің қарапайым стехиометриялық қатынасына жауап беретін құрамның ликвидус және солидус қисықтарында сингулярлық нүктелердің бар болуы. Қосылыстың формулалық құрам-қасиет диаграммасында қасиеттің экстремалдық мәні жауап береді.
Бертолидтер қосылыстың формулалық құрамы гомогенділік аумағынан тыс жатуымен сипатталынады (3.14в,г-сурет). Бұл дегеніміз – бертолидтік түрдің қосылысы үшін формулалық құрамның болмауы. Қосылыстың формуласына жауап беретін құйма екі фазадан тұрады, олардың біреуі қосылыс негізінде қатты ерітінді болып келеді. Бұл екі фазалық қоспаның изохоралық-изотермиялық потенциалдарынан төмен. Құрам-қасиет диаграммасындағы гомогенділік аумағына жауап беретін құрамдар шегінде қасиет біртекті өзгереді.





3.14-сурет. Дальтонидті (а,ә,б) және бертолидті (в,г) фазалар түзілетін жүйелер; а,ә - АхВу және АkBp қосылыстары дальтонидті фазалармен конгруэнтті балқиды; б – АmBn инконгруэнтті балқитын қосылыс – дальтонидті фаза; в - ашық максимумды (ликвидус қисығы) γ фаза бертолидті фаза; г – жасырын максимумды (ликвидус қисығы) γ фаза – бертолидті фаза. а суретте АхВу қосылысының гомогенділік аумағы, әАkBp қосылысының гомогенділік аумақтары боялған





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет