Южного казахстана



Pdf көрінісі
бет7/29
Дата30.03.2017
өлшемі5,98 Mb.
#10603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

Кілтті сӛздер: адамгершілік, руханилық, кемелділік, сопылық, құндылық, толеранттылық 
 
 
Қожа Ахмет Яссауи ілімінің бүгінгі қоғам үшін маңызы зор. Қазақ халқының ұлт 
болып  болып  қалыптасуы  мен  дамуына,  ұлттың  ӛзіндік  ерекшеліктерінің  берік 
сақталуына  Қ.А.Яссауи  ілімі  тікелей  әсер  етті  деп  нақты  сеніммен  айтуға  болады. 
Мемлекетіміз  қабылдаған  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  арқасында  Қ.А.Яссауи 
мұрасы  да  жаңаша  ұғынылып,  жаңаша  түсіндіріліп,  талданып  келеді.  Себебі,  Яссауи 
ілімі  –  адам  бойындағы  ізгі  қасиеттерді  мадақтаушы,ұрпақтарын  әділдікке, 
мейірімділікке,  сабырлылыққа,  жомарттыққа,  кішіпейілдікке  шақыратын  ілім.  Қазіргі 
уақытта  айтылып  жүрген  «Қытай  халқы  үшін  Конфуций  ілімінің  мәні    қандай  болса, 
Қазақстан қоғамы үшін де Яссауи ілімінің маңызы сондай ерекше» деген пікір ӛміршең 
және келелі ойлардан түйінделген тұжырым екендігі анық. 
Яссауи  ілімін  бірыңғай  діни-мистикалық  ілім  ретінде  бағалау  орынды  болмас. 
Оның  ілімі  –  ең  алдымен  рухани-моральдық  ілім.  Бүкіл  түркі  халықтарына  ортақ 
данышпан,  ойшыл  Қ.А.Яссауидің  жасаған  ілімі  ӛзінің  бастауын  түркі  халықтарының 
ғасырлар бойы қалыптастырып, уақыт сынынан ӛткен рухани құндылықтарынан алады. 
Қ.А.Яссауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам қағидаларымен 
үйлестіріп,  біртұтас  жалпыадамзаттық  ілімге  айналдырды.  Ол  ӛзінің  ілімінің  барлық 
қағидаларын  діни-этикалық  ұстанымдары  негізінде  дамытты.  Қай  ғасыр  тұрғысынан 
қарасақ  та  оның  әдеп  (этика)  саласындағы  кӛзқарастары  оның  діни-рухани 
тұжырымдарымен ұштасып жататындығын пайымдауға болады. 
Яссауи  ілімі  барша  түркі  халықтарының,  соның  ішінде  ол  дүниеге  келген 
ӛлкедегі-  қазақ  халқының  да  ислами  дүниетанымына  негіз  болды.  Қазақ  халқының 
діни-ислами түсініктері  Қ.А.Яссауи ілімінің аясында қалыптасты. Яссауидің этикалық 
ілімінің  негізгі  ұстанымдары  ұлттық  ар-ождан  кодексі  рӛлін  атқара  отырып,  қазақ 
халқының  рухани-адамгершілік  қағидаларында  кӛрініс  тапты.  Бұған  нақты  мысал 
ретінде  қазақ  халқының  ізгілікке,  имандылыққа  негізделген  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрлерінен,  жыр-аңыздары  мен  мақал-мәтелдерінен,  жыраулар  поэзиясы  мен  би-
шешендердің  нақыл  сӛздерінен,  Абай,  Шәкәрім,  Мәшһүр  Жүсіп  сияқты  кӛрнекті 
тұлғаларымыздың шығармашылығынан айқын аңғарылады. 
Қ.А.Яссауи  -  бүкіл  түркі  жұртына  имандық  нұрын  шашқан  ойшыл  ұстаз, 
сопылық  ілімнің  ғұлама  пірі.  Кеңес  заманында  жоққа  шығарылған  сопылық  ілімінің 
адамгершілік  тәрбиесінде  орасан  зор  рӛлі  бар.  Яссауи  ілімі  сопылық  ілімді  түркілік 
таныммен    байытып  ,ислам  дінімен  біте  қайнастырған.  Ӛзінің  «Диуани  хикмет» 
(Даналық  кітабы)  шығармасында  сопылық  тағылым  дәстүрмен  этикалық  тұрғыда 
сабақтасып жатады [1]. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Мемлекетіміздің  абыройын  биік  тұғырда  ұстау 
үшін, халық даналығын дәріптеп, Яссауи іліміне сүйенуіміз керек», - деп атап кӛрсетті 
[2]. 
Яссауи  ілімінің  нәпсі  мәселесіндегі  кӛңіл  кірлері  ретінде  сақтандырған 
менмендік,  дүниеқұмарлық  сияқты  кесапаттар  –  бүгінгі  жас  қоғамымыз  үшін  ӛте 
қауіпті  құбылыстар.  Егер  адам  материалдық  құмарлықтардан  сақтанбайтын  болса, 
қоғамның шаңырағы шайқалып, іргесі сӛгіледі. 
          Яссауи бабамыз «Нәпсіден зор пәле жоқ» дегенді қайталаудан жалықпаған. 
 
                             Құл Қожа, алам десең хақтан алғыс, 
                             Нәпсіңмен Баязиттей күн-түн алыс, - 
 

 
54 
деп ӛсиет қалдырған. Қасиетті дана «Қатты сақ болмаса, нәпсі – адамның бойын билеп, 
күш бермей кететін, адамшылық жолдан тайдыратын үлкен рухани кесел» деп санаған. 
Осы  қағиданы  ұстанған  халқымыз  «Бере  береді  екен  деп,  ала  берме,  құя  береді  екен 
деп, іше берме» деп ескертеді.  
 Яссауи дүниетанымы – адамды ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім. Ал, 
бүгінгі  ашық  және  демократиялық  қоғам  құру  жолындағы  Қазақстанның  тәуелсіздігі 
мен еркіндігін баянды ету үшін ең алдымен «еркін ойлайтын» адамдарға деген зәрулігі 
бар.  Еркіндікті  баянды  ету  саяси  шарттардан  бұрын  рухани  ар-ождан  құбылысына 
тікелей қатысты [3].  
 Яссауидің адамгершілік ілімінің негізгі ұстанымы жүрек тәрбиесі. Адам тәрбиесі 
ұрық  тазалығынан  басталып,  жүрек  тәрбиесіне  ұласады.  Жүрек  тәрбиесі  ана 
құрсағында жатқан «жан иесінде» 4 айлығынан бастап-ақ сезіну, түйсіну қабілетіне ие 
болады  екен.  Адамның  бүкіл  ӛмірі,  жан-дүниесі  тарыдай  ғана  бір  жасуша  ішінде 
орналасса, ол уланса адамның жан-дүниесі, тән құрылысы түгелімен ӛзгеріп, санасы да, 
денсаулығы да тӛмен ұрпақ дүниеге келеді. Құрсақтағы «жан иесіне» жүрек тәрбиесін 
беру үшін, Яссауи ілімі әдет-ғұрыптарға елеулі ӛзгерістер енгізді. Әйелдердің қоғамда 
еркін жүріп-тұруына мүмкіндік туғызды. «Алып – анадан  туатынын», жүрек тәрбиесі 
құрсақтағы «жан иесіне» ана арқылы берілетінін дәлелдеп шықты.  
 «Ата-анаңды  тыңда,  сӛзін  жерге  тастама»,  «Кісі  аласы  ішінде,  жылқы  аласы 
сыртында»,  т.б.  осы  іспеттес  тәлім  сӛздер  мағынасы  жағынан  бір-бірімен  астарласып, 
еліміздегі  түркі  тілдес  халықтардың  бәріне  ортақ  рухани  асыл  қазына  болумен  бірге 
қазіргі  қазақтардың  тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлерінің  түп  тӛркіні  екендігіне  шүбә 
келтіруге болмайды [1]. 
 Қ.А.Яссауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстанымы 
да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеуге ӛзінде ӛзгелер алдында 
тӛмен  санамауға  міндеттейді.  Осылайша,  Яссауи  ілімі  халықтың  болмысына  сіңіп, 
қазақтың этикалық  дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды.  
 Қазіргі  руханилыққа  бет  бұрған  кезеңде  біз  Яссауи  ілімін  ұлтымыздың  рухани 
тарихының  тағылымды  тәжірибесі  ретінде  қабылдауымыз  қажет.  Қазақ  халқы  ислам 
діні  аясында  ұлт  болып  қалыптасса,  қазақы  исламның  бітім-болмысы,  қазақ 
мұсылмандығы Яссауи ілімі арқылы қалыптасты. 
 Қ.А.Яссауидің ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-
этикалық  және  сопылық  хикметтер  деп  жіктеуге  болады.  Оның  іліміндегі  парасат 
ұғымы  адамгершілік  «ақлақи»  мәртебесіне  және  «инсани  камил»  дәрежесіне  жету 
мәселесін  қарастырады.  Яссауидің  дүниетанымдық  тұжырымдамасының  теориялық 
негізін шариғат және маврифат құраса, ал тәжірибелік негізін тарихат белгілейді. 
 Яссауи  ілімі  тарихтың  тар  жол,  тайғақ  кешулерінде  ұлтты  ұйымдастыра  білген 
қазіргі қазақ қоғамына рухани бағдар болған, ұлттық болмысымыз бен ділімізге етене 
жақын  ілім.  Қазақ  мемлекетінің  құрылуындағы  Яссауи  ілімінің  маңызын  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев:  «...  Түркістанның  жаңа  қазақ  хандығының  астанасына  айналуы  тек 
қолайлы  географиялық  жағдайына  ғана  байланысты  емес  еді.  Ол  сонау  ХІІ  ғасырдан 
бастап әлем назарын  ӛзіне аударып  алған еді. Бұл исламдық  руханиятта ерекше орын 
иемденетін айтулы сопылық мектептің негізін салған шайқы, ғұлама ақын Қожа Ахмет 
Яссауидің  жан-жақты  ұстаздық  және  уағызшылдық  қызметінің  арқасы  еді»,  -  деп 
бағалайды [2]. 
 Яссауи  ілімі  мәдени  этикалық  жалпыадамзаттық  даму  сатыларының  бірін-бірі 
толықтыратын,  ӛзара  тең  дәрежедегі  ақиқатты  түсіндіру  формалары  болып  табылады 
(сурет 1).     
 

 
55 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
          
 
 
 
 
 
 
 
        
 
Сурет 1 - Қ.А.Яссауидің рухани кемелділік туралы кӛзқарасы 
 
 
Яссауи  ӛзінің  ілімін  –  жүрек  тазалығы  мен  ар  тазалығын  этикалық  мағынада 
қоғамды  тәрбиелеуші,  түзетуші  ілім  ретінде  түсіндіреді.  Қазақ  халқы  ар-ожданын 
жанынан да биік санағанын «Жаным – арымның садағасы» деген нақылынан байқауға 
болады.  
Яссауидің  адамгершілік  ілімі  білімді  болуға  шақырады.  Біздің  халқымыз 
«Білімдіден шыққан сӛзге» жүгінген. 
Рухани тазалық кемелдік 
                    Мақсаты 
А.Яссауи іліміндегі тәрбие 
мазмұнының тұжырымдалуы 
Жан тазалығы,  ар тазалығы,  жүрек 
тазалығы 
                Ұстанымы 
Қазіргі педагогика ғылымындағы 
тәрбие   мазмұны 
Рухани тазалық пен кемелдік – 
қоғамды тәрбиелеуші, ішкі еркіндікке 
жетелеуші жан, ар, жүрек тазалығын 
түзетуші 
Ар-     
ождан 
Қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен 
келсімді сақтау, бӛгде дін ӛкілдеріне 
құрметпен қарау 
«Жаным – арымның садағасы», 
«Жарлы болсаң да арлы бол» 
Отанын қорғау, кӛркейту, сүю арқылы 
отандағы орнын анықтау 
Толерант- 
тылық 
Патрио-
тизм 
«Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған 
құл емес, шалқайғанға шалқай – 
пайғамбардың ұлы емес» 
Ислами құндылықтар – адамгершілік 
тұғыры 
Иман-
дылық 
Рухани кемелдікке бастайтын ерекше 
дәстүрлерді дәріптеу 
Қонақ-
жайлы-
лық 
«Ӛз үйіңде ою оймаған, кісі үйінде 
сырмақ сырады», «Кісі елінде –сұлтан 
болғанша, ӛз еліңде –ұлтан бол» 
«Иманның жігері бәрін де жеңеді», 
«Тура биде туған жоқ, туысты биде 
иман жоқ», «Иманды кӛңіл –нұрмен 
тең» 
«Қонақ келсе, Қыдыр келеді», 
«Қырықтың бірі - Қыдыр», «Бір күн 
қонақ еткенге-мың күн сәлем» 
Ағайындық, 
бауырмалдық 
«Жақыныңды жаттай сыйла, жат 
жанынан түңілсін», «Тӛртеу түгел 
болса, тӛбедегі келеді, алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді» 
А.Яссауи іліміндегі рухани-адамгершілік 
тәрбие концепциясы
                
концепциясы 

 
56 
Моральдық  тұрғыдан  Яссауи  ілімі  «Хаққа,  халыққа»  қызмет  етуге  уағыздаған. 
Біздің  ақкӛңіл,  бауырмал  халқымыз  «Тірлік  басқа  болса  да  тілек  бір,  бармақ  басқа 
болса да білек бір» - деп, ӛз ісін кейінге ысырып, ӛзгеге кӛмекке келген [1]. 
Қорыта  айтқанда,  Яссауидің  ар  ілімін  оқыту  адам  ӛмірін  мәнді  етуде,  адамды 
«кемел  адам»  дәрежесіне  кӛтеруде  маңызы  зор.  Яссауидің  ар  ілімі  ӛмірдің  мәнін, 
мақсатын  айқындауға,  адамдық  кӛзқарас  қалыптастыруға  жол  ашады.  Бүгінде  Яссауи 
ілімінің  мәнін,  маңызы  мен  ерекшелігін  анықтау  тарихымыздың  ӛткені  мен  бүгіні 
арасындағы  рухани  арналар  сабақтастығын  қалпына  келтіруге  ықпал  етеді.  Яссауи  
ілімі арқылы рух тазалығы, сенім, жауапкершілік сезімі қалыптасқан, адамның бойында 
моральдық  мәселелерді  реттеп  отыратын  имандылық  орын  алады.  Осылайша,  Яссауи 
әлемі  рухани  азық  беретін  ілім  ретінде  ұлттық  болмыстық  тұғырымызды  танудың 
негізіне айналып отыр.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1
 
Яссауи Қ.А. Диуани Хикмет. – Алматы.: Мұраттас, 1993. – Б.8.  
2
 
Назарбаев  Н.Ә.  Түркістан  қаласы  зиялылар  алдында  сӛйлеген  сӛзі  //Егемен 
Қазақстан, 2011, наурыз 11. -№42. –Б. 1– 3. 
3
 
Кенжетай Д.Т. Яссауидің ар ілімі елді нәпсі зынданынан алып шығады // Аңыз адам. 
– 2011.- №15. 25-27б. 
                                                                          
 
РЕЗЮМЕ 
 
Сихымбаев И.Б. – д.п.н., профессор, Еркинбекова А.С. – магистрант,  
Периева С. – д.п.н., профессор 
ЮКГУ им.М.Ауэзова, г.Шымкент 
Университет «Анкара», г.Анкара, Республика Турция 
 
Духовно-нравственные проблемы в учении Х.А.Ясави 
 
В  статье  рассматриваются  духовно-нравственные  взгляды  Х.А.Ясави.  Духовно-
нравственное    наследие  Х.А.Ясави  –  это  духовный  ориентир  современного  молодого 
поколения. Этические  концепции Х.А.Ясави являются  духовной   основой  в формировании 
ценностных установок личности. 
Учение,  созданное  Х.А.Ясави,  нужно  рассматривать  не  только  как  религиозно-
мистическое, а, в первую очередь, как духовно-нравственное, моральное, сыгравшее большую 
роль в становлении и формировании мировоззрения всего тюркского народа. Выявленные им 
духовно-нравственные  ценности  в  единстве  с  исламскими  принципами  создали  
общечеловеческое  учение,  которые  призывает  к  единству,  братству,  духовной  чистоте, 
толерантности,  патриотизму,  гостеприимству,  служению  народу  и  справедливости,  что 
является актуальным и на сегодняшний день в воспитании молодежи.  
 
RESUME 
 
Sihimbaev I.B. – d.p.s., professor, Erkinbekova A.S.-magistrant, Peryeva S. - d.p.s., professor 
M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent 
 ―Ankara‖ university, Ankara city, Republic Turkey 
 
Spiritually-moral problems in Yassawi’s learnings 
 

 
57 
This  paper  considers  the  ethic  views  of H. Yassawi The  ethic  heritage  of  H. Yassawi  is  
a spiritual  oreientation      for  modern  young generation.  The  ethic  consepts  of H. Yassawi reveal  
that  spirituality  and  morality  are  the  foundation  in  forming  value  paradigms  of  a  personality. 
A teaching founded by K. A. Yassavi should be considered not only as religious  –  mystical. 
First of all his teaching is spiritually – ethical and moral that played a great role in development and 
shaping of the whole Turkic nation world-view.  The spiritually ethical values revealed by him along 
with the  Islamic  principles  created  universal  teaching  that  call  upon  the  unity,  brotherhood,  spiritual 
purity, tolerance, patriotism, hospitality, serving people and justice that are still actual in education of 
young people. 
 
 
 
ӘОЖ 371.64 
 
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КІТАПХАНАШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  
КӘСІБИ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР 
 
М.Е. Тоиева - магистрант, И.Б. Сихимбаев – п.ғ.д., профессор 
 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  Шымкент қ.  
 
Аңдатпа 
 
Бұл  мақалада  қазіргі  кезеңдегі  кітапханашы  қызметкерлерінің  кәсіби  сапасына 
қойылатын  талаптарының  бірі:  ұйымдастырушылықты,  жобалауды  жасай  білу,  оқырманды 
жан-жақты    ынталандыруды  және  т.б.  жайлы  айтылады.  Мұнымен  шектеліп  қоймай  жаңа 
кӛзқараспен  бүгінгі  кітапханашы  қызметкерлер  күннен-күнге  болып  жатқан  ақпараттық 
кеңістіктің  айтарлықсыз  ауысып  отыруына  байланысты,  әр  болашақ  кітапханашы  ӛзінің 
мүддесі үшін жан-жақты, күнделікті ізденісте болуы тиіс. Осы талаптарды игеріп отырса қазіргі 
кезеңдегі кітапханалар елеулі орынға ие болар еді.  
 
Кілтті  сӛздер:  кәсіби  сапа,  кітапханашы  қызметкерлер,  техникалық  прогресс,  болашақ 
мамандар, мәдениет, ақпараттық технология, кадр. 
 
 
Жоғары  білім  берудің  тәрбиелік  мақсаты-қоғамның,  мемлекеттің  және  жеке 
тұлғаның  сапалы  жоғары  білім  алуға  деген  мүдделерін  қанағаттандыру,  әрбір  адамға 
оқытудың  мазмұнын  нысанын  және  мерзімдерін  таңдауға  кеңінен  мүмкін  беру 
тұжырымдаманы  іске  асырудың  нәтижесінде  тиімді  жұмыс  істейтін  білім  берудің 
Қазақстандық  моделі құрылып,  Қазақстанның бүгінгі дүниеден лайықты орын алуына 
мүмкіндік беретін оқыту мен кадр даярлаудың сапалы жоғары деңгейде қол жеткізуіне 
осы  оқу  ордасындағы  кітапханалардың  қызметі  айтарлықтай  орын  алатынына  сенім 
арттырылады [1].  
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  атты  халыққа  жолдауында: 
Жастар  соның  ішінде  әсіресе,  ӛсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  тәрбиесі  оларды  салауатты 
ӛмір  салтына  әзірлеуден  басталады.  Сондықтан,  халық  арасында,  оқу  және  тәрбие 
орындарында  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттайтын  дәрменді  іс-шаралар  жүргізілуі 
тиіс деп нақтыланған негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.  
Бұл  мәліметтер  Қазақстанның  әр  аймағындағы  кітапханаларының  оқушылар 
арасындағы  тәлімдік  насихатты  істердің  қоғамдық  талаптарға  сай,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  адамгершілік  құндылықтарды  оқырмандарға  біліктілікпен  сіңіру, 
жоғары дәрежеде мәдениеттілікпен мамандар пайымдауға кӛмектесу. 

 
58 
Ертеңі  бар  елдің  жастарын  ӛркениет  әлеміне  бастап  жол  кӛрсету,  мәдениет 
кӛшінен  қалдырмай,  артымызға  тәрбиелі,  білімді  ұрпақ  қалдыру  ісіне  жағдай  жасап 
ықпал кӛрсету әр кітапханашының алға қойған мақсаты мен мүддесі. 
Оқырмандарымыздың  қызығушылық  танытып  құмартып  кітап  қарайтын  орны 
белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша кӛз тартатындай кӛркем безендірілген, 
терең мазмұнды ашық кӛлемді кітап кӛрмелері.  
Студент  оқырмандардың  әр  минуты  санаулы,  ғалым  ұстаздарымыздың  да 
уақыты  тығыз,  сондықтан,  кітап  кӛрмелерінен  ӛздеріне  керекті  деректерді  және  кітап 
белгілерін тездетіп анықтап алуға кӛмегін тигізетін де кітап кӛрмесі екенін тәжірибеден 
білеміз. Бергі уақытты қоғамдық қатынастар, жас оқырмандардың сапасы, менталитеті 
айтарлықтай ӛзгеріске ұшырады. Рухани құндылықтар басқаша формаға ауысып наси-
хаттау жұмыстарына да ӛзгерістер еніп жатыр. Кейбір жас оқырмандар романтик болса, 
кейбіреуі  тарихқа  кӛп  үңіледі,  ал  енді  біреуі  бүгінгі  күннің  жаңалықтарымен 
қанағаттанады. Осының бәрін айта келе ғалымдар мен кітапхана жұмыстарының тығыз 
байланыста екендігін кӛруге болады. Кітапхана университет пен институттың ғылыми-
зерттеу  салаларына  және  ғалымдардың  негізгі  бағдарламаларына  байланысты 
ақпараттық  қызмет  кӛрсетеді.  Университеттің  ғалымдары  шығарған  еңбектері  шетел-
дерге жіберіліп, оларды институт пен университет мамандарына керекті әдебиеттер мен 
бүкіл  әлемдік  симпозиумның  материалдары,  жылнамалары  кітап  қорына  түсіп 
толықтырылып  тұрады.  Осының  бәрін  айта  келе  ғалымдар  мен  кітапхана 
жұмыстарының  тығыз  байланыста  екендігін  кӛруге  болады.  Кітапхана  жаңа 
ақпараттарға тәуелді дәрежедегі жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми зерттеудің табы-
сты болуына да айтарлықтай үлкен үлес қоса алады [2]. 
Студенттер  де  қазіргі  жағдайда  тек  қана  әдебиеттерді  оқумен  шектеліп  қана 
қоймайды.  Ӛз  біліктілігін  кӛтеруді  мақсат  етуші  оқырмандардың  ынталылығы  ӛте 
жоғары.     
Қаншама  ғылыми  техникалық  прогресс  болып  электронды  ақпарат  құралдары, 
информатикалық  басқа  да  кӛбейгенімен  кітаптың  алар  орны  бӛлек.  Керек  десеңіз 
прогресті  жазу  үшін  де  мың  жылдықтар  бойы  адамзаттың  ғылым-білімнің  жиынтығы 
толы  кітапқа  түсінбеу  мүмкін  емес.  Ал,  сол  кітапты  сақтап,  оқырманға  ұсынатын 
кітапхана. Демек, кітапхана-мәдениеттің ең бір маңызды саласы. 
Түпсіз  тұңғиық  әлемнің  сырына  мол  қамықтыратын,  ана  сүтіндей  бойына  қуат 
бере алатын тек-Кітап! 
Дүниедегі ғылым мен білімнің озық ойдың да жиынтығы сол кітап бетінде. 
Бүгінгі ӛскелең оқырман талабын қанағаттандыру ең басты мәселе. 
Оқырман  сұранысына  уақыт  талабына  сай  қызмет  кӛрсету,  сол  қызметті 
кӛрсетуге жағдай туғызу қажет.  
Кітапханаларға жаңа технологияны енгізу мен қатар жүргізілуі тиіс. 
М.  Әуезов  атындағы  ОҚМУ-нің    кітапханасы  кадрлар  мәселесін  шешу 
орталығына  айналып  отыр.  Облыс  орталығында  орналасқан  жеке  меншік  институт 
кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби жағынан даму орталығы болып есептеледі. Бұл 
орталықта кітапханашылардың семинар-тренингтері оқытылады. 
Олар  әртүрлі  деңгейдегі  кітапханашылар  ӛкілдері  болып  табылады.  Осы  жаңа 
басталған  ізгілікті  іс  ғылымды,  ӛндірістік  іс-тәжірибені  білімді,  басқа  да  адамзаттық 
ӛркениетті қызметіне лайықты ақпаратпен қамтамасыз ету дәрежесі жоғарылай түспек. 
Қоғамымыздағы  әлеуметтік-экономикалық  жаңғырулар  адам  ӛмірінің  қай  сала-
сына  болсын  түбірлі  ӛзгерістер  жасауда.  Оның  дүние  жүзілік  білім,  мәдениет 
кеңістігіне енуі. Бүкіл ғылыми даму жүйелеріне жаңа талап қояды. Жаңа компьютерлік 

 
59 
технологиялардың  дами  түсуі  күрделі  жұмыстарды  техникалық  құралдар  кӛмегімен 
меңгеруге жол ашуда [3]. 
Болашақ  мамандарды  кәсіби  сапасын  даярлауда,  кітапхана  ісінің  мамандары 
кітапханашылардың  құзыреттілігін  құрастыруда  келесі  дәстүрлі  түрде  мына  білгірлік 
талабын сипаттайды: 
-  Жобалауды  жасай  білу  (кітапхана  қызметінің  әдісін,  түрін,  болжамын, 
жоспарын және мақсатқа тұжырым жасауды білу және т.б.); 
-  Сындарлы  білу  (кітапхана  қызметінің  ұйымдастыруын,  барлық  материалдық-
техникалық және кадрлық жұмысты білу); 
-  Қарым-қатынасты,  байланысты  білу  (оқырмандармен  ұжымдар  арасындағы 
ӛзара қарым-қатынасты құруды білу); 
-  Ұйымдастырушылықты  білу  (оқырмандардың  ӛзара  білімін  ынталандыруды, 
оқырмандардың 
ӛзіндік 
ақпараттық-ізденістік 
қызметін 
ұйымдастыруды, 
оқырмандардың белсенділігін қалыптастыруды білу); 
-  Аксиологиялық  білу  (әртүрлі  ақпаратты  тұжырымдау  және  дәлелділікті 
бағалауды,  оқырмандардың  аудиториясына  дағдыланып,  олардың  жұмысын  тыңдай 
білу); 
-  Когнитивтік  білу  (кітапхана  жұмысында  аналитикалық  және  танымдық  іс 
қимылды білу). 
Әрине,  қазіргі  кезеңдегі  кітапханашы  қызметкерлерінің  кәсіби  сапасына 
қойылатын талаптар кітапханашылар тарапынан нақты болғанымен, мұнымен шектеліп 
қоймай  жаңа  кӛзқараспен  бүгінгі  кітапханашы  қызметкерлер  күннен-күнге  болып 
жатқан ақпараттық кеңістіктің айтарлықсыз ауысып отыруына байланысты, әр болашақ 
кітапханашы  ӛзінің  мүддесі  үшін  жан-жақты,  күнделікті  ізденісте  болуы  тиіс.  Осы 
талаптарды игеріп отырса қазіргі кездегі кітапханалар елеулі орынға ие болар еді [4]. 
Студенттерге  арналған  «Білім  әлемі  айлық  шарасы»:  электронды  каталог, 
электронды  пошта.  Интернетке  қосылу  жүйесінің  жұмысы,  жалпы  техника 
саласындағы  жаңалықтармен  таныстыру,  үйрету,  насихаттау  оқырмандарға  қызмет 
кӛрсету түрі жүргізіледі. 
Кӛпшілікпен  жұмыс  жүргізу  секторының  жауапкершілігіне  кітапхананың 
барлық безендіру және жарнамалау жұмыстары жүктелген. 
Оқырманның ой-пікірін сараптан, сұраныс талаптарын қанағаттандырып отыру-
да. Жас оқырмандарды кітап оқуға қызықтыруға қазіргі кітапханашыларда ізденіс ой-
пікір айту орнықтылығы бар. 
Қазіргі  оқырмандарды  ӛзгелермен  салыстыру  арқылы  озық  үлгілі  ӛнеге  алып, 
ойды  қорыта  аласың.  Басқа  кітапханашымен  тәжірибе  алмасып,  тың  идеялармен 
қаруланып  жүресің,  осындай  мәдени  тәрбиелік  мәні  бар  іс-шаралар  жүргізудің 
арқасында ғана кітапты насихаттау жұмысының жемісін кӛре аласың. 
Президенттің  Жарлығымен  әр  жыл  сайын  әр  саладағы  тақырыптар  кітапхана 
кӛпшілік  жұмыстары  арқылы:  кітап,  газеттер,  журналдар  арқылы  кӛрме 
ұйымдастырылып аталып ӛтуде. 
Мәдениет  мәйегі-кітап  пен  кітапхана.  Бүгінгідей  нарық  заманында  байтақ 
еліміздегі  кітапханалардың  бүгіні  мен  болашағы  кез-келген  ойлы  азаматты 
толғандырмай  қоймайды.  Әсіресе,  қазіргі  ӛркениетті  даму  жағдайында  жастардың 
ақыл-ой  кенінің  толығуына  кітапхананың  рӛлі  мен  маңызы  бәрінен  де  ерекше, 
сондықтан кітапхана ісіне мемлекеттік тұрғыдан мән берілуі тиіс.  
Кітапхана  бұл  жағдайда  қол  қусырып  қарап  отырмады  халқымыздың 
тағдырындағы бетбұрыс кезеңіне, саяси экономикалық реформаларды жүзеге асыруға, 

 
60 
ӛзге дамушы елдер қатарына тұруға қадам басылады. «Ел болам десең бесігіңді түзе» - 
деген мақал әр заман кезеңінде есте болған жӛн. 
Еліміздің  президенті  Н.Назарбаев  ӛз  жолдауында  Қазақстанның  2030  жылға 
қарай нық басып гүлденуіне мүмкіндік бар деп жазғанындай, ӛмірге келіп жатқан жас 
ұрпақтар болашақты игеруге лайықты тәрбие беру ордасы, ата-бабамыздан мұра болып 
келе  жатқан  ғұлама  сӛздер  сандығы,  тәрбиенің  тұнығын  лайламай,  тап-таза  қалпында 
біліп  үйренуіміз  қажет-ол  қазына  ордасы  кітап-кітапхана  оны  насихаттаушы 
кітапханашы. 
Жастарды  басқа  да  келеңсіз  жағдайлармен  қоса,  нашақорлық  т.б.  жаман 
әдеттерден арашалап қалатын дара жол білім, ғылым іздеу, жүйелі маман иелері. 
Зиялы қауым қашанда  қоғамның, мәдени, рухани тыныс-тіршілік жылжытушы, 
оны  шоқтығына  биіктетіп  егеменді  еліміздің  кемелдендіреді-ол  тек  келешек  тәрбиелі 
жастар болашағы, оған ғасырға лайықты жол сілтеу, тәрбие беру ұстаздар міндеті бол-
са,  екінші  тәрбие  кӛзі  кітапхана  ғасырдан-ғасырға  мыңдаған  жылдарды  артқа  салып 
асыл  мұраны  кӛздің  қарашығындай  сақтап,  оқырмандарға  ұсынуды  жаңа  техникалық 
ақпарат  дамыған  кезеңде  де  ӛзінің  маңызды  рӛлін  жоғалтпай  беделді  ұстаз  міндетін 
атқаруда [5]. 
Заман  қанша  ӛзгергенмен,  ұлттық  сезімге  рухани  қуат  беру,  зерденің  үлесін 
үдету, адамның ойлау жүйесіндегі ақыл үстемдігін арттыру, мақсатқа лайықты қасиет 
кӛрсету,  біліктілікті  аңғарту  тек  үйрену  арқылы,  үміт  есігін  ашатын  –  кітап  –  ол  қор 
иесі кітапхана оны ұсынушы кітапханашы десек қателеспейміз.      
Келешекте  елдің  тізгінін  ұстар,  білімді  ұрпақты  тәрбиелеу  алдағы  міндет. 
Қазақстанда  жоғары  білікті  маман  даярлау  іскерлігі  мен  білім  санасы  жоғары 
бағаланып, білім беру  мен ғылым кеңістігіндегі  белсенді  істер жүргізіліп келе жатқан 
жоғары  оқу  орындары  баршылық,  ол  олардың  қызметін  кӛрсетіп  отыратын 
кітапханашы мен кітап қоры. 
 Жер жүзінде түрлі мәдениеттер бар екенін ескерсек, білім деңгейінің де әртүрлі 
болуы  заңды.  Бірақ,  бір  нәрсені  білу  қажет  –  сауаттылығы  жоғары  деңгейдегі  қоғам 
әрқашан да бәсекеге қабілетті. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет