Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 1 Барлығы 9
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: _
Юриспруденция
Шифр:
5В030100
Пән:
Әкімшілік құқық
Глоссарий
Авария-
технологиялық
процестің
бұзылуы,
механизмдердің,
жабдықтардың, құрылыстардың зақымдануы.
Агенттік-республика территориясында бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске
асуын, сонымен қатар өз өкілеттігінің шегінде
салааралық координацияны
жүзеге асыратын Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган.
Әкімшілік жауапкершілік- әкімшілік белгілері
бар құқық бұзушылықты
жасағаны үшін заң шығарушы арнайы белгілеген алып қою шарасын
қолдануда түйінделетін құқықтық жауапкершілік түрі.
Шетел азаматтарының әкімшілік жауапкершілігі- әкімшілік құқық
бұзушылықты жасағаны үшін шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ
тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негізде
жауапкершілік тартуы.
Әкімшілік юрисдикция- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудағы
лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың құзыры.
Әкімшілік қамауға алу- жеке тұлғаны бостандығынан уақытша айыруды
көрсететін қамауға алу түрі. Ол превентивті
және арнайы болып бөлінеді.
Мақсаты- құқыққа қайшы әрекетті.
Әкімшілік құқық- биліктің атқарушы органдарының (мемлекеттік
басқарудың) қызметі мен ұйымдасу процесінде жүзеге
асатын қоғамдық
қарым-қатынасты зерттейтін құқықтың негізгі саласы.
Әкімшілік-құқықтық нормалар- атқарушы
билік қызметі аумағында
тоқтатылатын,өзгертілетін және жасалатын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқық нормасының түрі.