Үкімет мүшелері- ҚР-ның Үкіметінің құрамына енетін лауазымды тұлғалар.
Олар Премьер-Министрдің нұсқауымен Президент арқылы тағайындалады.
Оларға мыналар жатады: Премьер-Министр; оның орынбасарлары; Агенттік
өкілдері; Премьер-Министр Канцеляриясының басшысы.
Төтенше жағдай- авария, апат, катастрофа салдарынан болып, адам өліміне,
оның денсаулығына, қоршаған ортаға, шаруашылық нысандарына нұқсан
келтіруге әкелетін, тұрғындардың өмір сүру шарттарының бұзылуы мен
материалдық шығынға әкелетін белгілі бір аумақтағы жағдай.
Төтенше
хал-ахуал-
Қазақстан
Республикасының
конституциялық
құрылымын қорғау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қолданылатын және мемлекеттік органдардың, ұжымдардың қызметтерінің
ерекше құқықтық тәртібін көрсететін, азаматтығы жоқ, шетел азаматтары,
азаматтарды, сонымен қатар заңды тұлға құқығы мен бостандығының жеке
шектеулерін бекіту. Мүмкін болатын уақытша шара.
Табиғи түрдегі төтенше жағдайлар- стихиялық апаттар (жер сілкінісі, су
тасқыны, тау көшкіні, сел т.б), табиғи өрттерден, эпидемия мен
эпизоотиядан, ауыл шаруашылық өсімдіктердің зақымдануынан, ормандар
мен зиянкестердің ауруынан туындайтын төтенше жағдайлар;
Техногендік түрдегі төтенше жағдайлар- өндірістік, транспорттық және
өзге апаттар, өрттер (жарылыстар), биологиялық қауіпті заттар, радиоактивті
және қатты әсер ететін улы тастама жасалған (жасалу қаупі бар) апаттарды,
мекеме мен құрылыстардың аяқ астында құлауын, плотиналардың асып
шығуы, тазалау құрылыстары, өмірді қамтамасыз ететін коммуникациялық
және электроэнергетикалық жүйелердегі апаттарды туындайтын төтенше
жағдайлар.
Сенім (наным)- басқарылатын субъект әрекетіне, оның еркіне санасы
арқылы жүзеге асатын мақсатты бағытталған, ізбасарлық әсер ету процесі.